Талдықорған: +26°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН АВТОБУСТАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

22.09.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН АВТОБУСТАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың жауһары саналатын, салтанаты мен сәні жарасқан Талдықорғанның облыс орталығы болғанына  20 жыл толды. Қала күні қарсаңында жаңа нысандар ашылып, тұрғын үйлер беріліп, халық шат-шадыман күйге бөленуде. Сүйіншілеп хабарлайтын тағы бір тамаша жаңалық – дәл осы күні заманауи су жаңа қоғамдық көліктер тапсырылды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ арқылы 2,3 миллиард теңгеге 55 автобус пайдалануға берілді. Ерекешелігі сол, барлығы да экологиялық талапқа сай газбен жүреді. Қала тұрғындарын «Qaztenna» мен «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-нен әкелінген «Ютонг», «Паз» маркалы автобустар тасымалдайтын болады.

Мерейлі сәтте мерекемен құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осыдан 20 жыл бұрынғы Талдықорғанның бейнесін баяндап, қазіргі шырайын мақтанышпен сипаттады.

— Бүгін — бәріміз үшін жақсылық пен қуанышқа толы күн. Қала тұрғындарына үлкен сый жасап жатырмыз. Талдықорғанда керемет, заманауи, экология талабына сай автобустар жүрсін деген менің үлкен арманым болатын. Жергілікті бюджеттен арнайы қомақты қаржы бөлдік. Барлығы да газбен жүреді. Ол үшін газ стансысын салдық. Тек біздің қалада ғана оқушылар мен студенттер қоғамдық көлікте тегін жүреді. Жаңа автобустар құтты болып, халыққа қызмет етсін. Талдықорғанымыз бұдан да көркейіп, гүлдене берсін, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Келесі кезекте сөз алған Талдықорған қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, Талдықорғанның Құрметті азаматы Мұрат Қалық 66 жылдан бері осы шаһарда тұрып жатқанын, содан бері талай өзгерістер орын алып, қаланың жыл сайын өркендеп, көптеген нысандардың салынып жатқанын айтты. Ал «Асар» спорттық-оңалту орталығының директоры Елдос Баялышбаев болса, жаңадан келген автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуына ыңғайлы екенін жеткізді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.