Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ЖҰМЫСТА КІДІРІС ЖОҚ

20.09.2021
ЕКІ ТІЗГІН
ЖҰМЫСТА КІДІРІС ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Жол – төрткүл дүниенің, тіршіліктің күретамыры. Сондықтан жол салу мен жөндеу жұмысы қыс айларынан өзге жыл мезгілдерінде толассыз жалғасады. Жол құрылыс материалдарының сапалы болуы оның құрамына, дайындалу технологиясына тікелей байланысты. Осы ретте асфальт өндірумен айналысатын «Асфальтобетон -1» кәсіпорнының үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті.

Сонау кеңестік кезеңнен бері асфальт өндіретін алып кәсіп- орынның тізгінін ұстап, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырған ағайынды Герс пен Варис Исламовтардың есімдері елге кеңінен мәлім. «Асфальтобетон-1» ЖШС құрылтайшысы Герс Абубакирұлы болса, бас директор Варис Абубакирұлы екеуі бірлесіп, бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіруге үлестерін қосуда. Алматы мен Алматы облысы жолдарын жасауға ықпал етіп жүрген аталмыш кәсіпорынның филиалдары Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарынан ашылып, қарқынды жұмыс істеуде. Бірі Алматы-Көкпек күрежолының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты 33-ші шақырымында орналасса, екіншісі Кеңдала ауылындағы Талғар өзені бойынан орын тепкен. Білікті басшы Марат Дюсебаев басшылық ететін бұл филиалдарда барлығы 187 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
– Жол құрылыстарына пайдаланатын қиыршық тас-құм өңдеу және асфальт жасау филиалдары Алматы облысының жолдарын жасауға белсене атсалысып келеді. Тас өңдеуге қажет техникаларға келсек, Еңбекшіқазақ ауданында кеңестік кездегі көне ресейлік техникалар қолданылса, Талғар ауданындағы филиал жұмысшылары қытай технологиясымен жұмыс істейді. Осы екі участок бойынша жылына 750 мың тонна қиыршық тас пен құм, 200 мың тонна асфальт өндіріледі. Яғни, межелеген жоспар толығымен орындалуда, – дейді филиал директорының орынбасары Алмас Төлегенов. 
Өндіретін өнімнің сапалы болуын басты назарға алатын кәсіпорында өз ісін жете меңгерген мамандар жұмыс істейді. Олардың қатарында 20-ға жуық инженерлік-техникалық қызметкерлер мен тәжірибелі мамандар бар. Бұған қоса, өндірілген өнім құрамы мен сапасын тексеретін лабораториялық зертхана мамандары да өз істерінде сергектік пен біліктілік танытуда. Олардың көшбасында жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан үгіту-сұрыптау цехының шебері Әлімхан Битиев, тас үгітуші Сайдула Мамедов және зертхана меңгерушісі Лариса Осначук сынды мамандардың есімі ерекше аталады. Сонымен қатар, осы екі участок бойынша алдыңғы шептен көрініп жүрген Андрей Насонов, Мәди Тасқалиев, Юрий Губенко, Константин Аманатиди, Жұмагелді Утегенов, Таиржан Сұлтанов, Иван Жук, Илья Янокопуло, Абдулжан Мурзабаев сынды өз ісінің майталмандары тас-құм зауытының өнімділігін арттыруда аянбай еңбек етуде. 
Жұдырықтай жұмылған кәсіп- орын жұмысшыларының өнімді еңбек етуіне барынша жағдай жасалған. Мәселен, арнайы киімдермен қамтамасыз ету, сүт беру, уақытылы жалақы төлеуде мәселе жоқ. Тіпті, құлақ тұнып, шаң қаптыратын ауыр жұмыстан қажитын еңбек адамы елімізге белгілі «Қарадала» санаторийіне барып, сауықтыру шараларын қабылдап, демалуымен де ерекшеленеді. Аталмыш екі аудан азаматтарын тұрақты еңбекпен қамтып отырған кәсіпорын ұжымындағы 187 адамның басым бөлігі вакцина алған.
– Елдегі карантиндік шектеулер күшейген кезде де жұмысымыз тоқтаусыз жүрді. Өйткені, жол құрылыс жұмысы жылдан жылға қарқын алуда. Заманға сай кең айналма жолдар салынып жатыр. Ауыл арасындағы жолдар да жасалуда. Сондықтан жұмысшылардың денсаулығы басты назарда болуы шарт. Ұжымдағы жеті адам ғана медициналық көрсеткіштеріне байланысты вакцина алмады, – дейді Алмас Төлегенов.    
Тынымсыз гүрілдеп, күні-түні қазаны «қайнап» жататын филиалдардың жұмыс үрдісіне келер болсақ, екі карьерде қиыршық тастар мен құмнан балас өндіріп, оны уатып, үгітіп, 5-6 фракцияға бөлінген ұсақ тастар мен құмды қаладағы асфальт шығаратын зауыттарға жөнелтіп отырады. Сөйтіп, Алматы қаласындағы     4 асфальт шығаратын зауытта оның құрамына қажет битум, ұнтақтар қосылып, стандартқа сай отандық асфальт өндіріліп шығады. Дайын өнім жол жасау мекемелеріне таратылады. 
Қиыршық тас өндіру және асфальт жасау филиалында биылдың тоғыз айлық көрсеткіші де толық орындалғанын атап айтқан Алмас  Ғабденұлы  қыс мезігілінде техниканы толық жөндеуден өткізіп, келер маусымға дайындық жасалатынын тілге тиек етті. Автотранспорт бөлімінде ауыр жүк тасымалдаушы техникалар мен эксковаторлар жеткілікті қамтамасыз етілген. Оларды тәжірибелі жүргізушілер тізгіндейді.
Қиыршық тас-құм өндіретін зауыттың Кеңдалаға келген бастапқы жылдары тұрғындардың қарсылығына ұшырағанын жасыруға болмас. «Талғар өзені мен Кеңдала ауылы тұрғындарына экологиялық зиян шектіруде» деген қоғам белсенділері өздерінің бірнеше талабын қойған. Соның бастысы – аталған кәсіпорынның ауыл көшелерін асфальттауға септігін тигізуі, қайырымдылық шараларына атсалысуы.
– «Транспортник-Кеңдала» саяжай кооперативінің талап-тілегіне орай былтыр саяжайға су құбырын жаңартып бердік. Биыл Райымбек көшесінің 500 метрін асфальттап беруге уәде еттік. Келісімшарт бойынша 2026 жылға дейін жұмыс істеу мерзіміміз ұзартылды. Соған орай, Талғар-Бәйтерек күрежолының аяққы тұстағы екі жағына, яғни, 300 метріне жаяу жүргіншілер үшін тротуар төсеп беруге келістік. Саяжайлардың басқа да көшелеріне тас төсеу жұмысын үзбей атқарып, тұрғындар тілегін қанағаттандырудамыз. Сондай-ақ, Кеңдала ауылдық әкімшілігімен тығыз байланыс жасап, басқа да қайырымдылық шараларына қолғабыс етуден тартынбадық, – дейді Алмас Ғабденұлы.
Алдағы уақытта сұраныстың артуына орай жұмыс көлемін ұлғайтуды көздеген филиал басшылары асфальт өндіретін екінші зауытты іске қосуды көздеуде. Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының жоғары сапалы асфальтпен қамтамасыз етілуіне өзіндік үлесін қосып отырған кәсіпорынның келешекте де жол құрылыс саласын дамытудағы үлес салмағы арта түсері анық. 

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.