Талдықорған: +25°C
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

30.09.2026
ДЕНСАУЛЫҚ, КҮНДЕРЕК
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

pixabay.com

WhatsAppTelegramFacebook

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың Жетісу облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Арыстанбек Өтегұловпен МӘМС мәселелері, медициналық көмекке жұмсалған 97,2 млрд теңге,  тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер секілді бірқатар мәселелер туралы кеңінен әңгімелескен едік. Осынау сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық.

– Арыстанбек Әбілсейітұлы, жыл басынан бүгінге дейін Жетісу облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының атқарған жұмысына қорытынды жасасақ. Өңірдегі денсаулық сақтау саласының негізгі қаржылық көрсеткіштері қандай?

– 2026 жылы облысымызда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған. Оның 45,6 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде, ал 51,6 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында бағытталды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы қаржыландыру көлемі 12%-ға өсті.

Жыл басынан бері медициналық қызметтерді жеткізуші 59 ұйыммен шарт жасастық. Оның ішінде 27 мемлекеттік және 32 жекеменшік ұйым бар. Олардың алдындағы барлық қаржылық міндеттемелер уақтылы орындалып келеді. Ауруханалар мен емханалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті аванстық төлемдер де жүргізілді.

– Облыс тұрғындары үшін медициналық көмек қаншалықты сапалы әрі қолжетімді? Қор тарапынан бақылауға қаншалықты көңіл бөлінеді?

– Медициналық көмектің сапасын бақылау – жұмысымыздың негізгі бағыты. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін шарттық міндеттемелердің орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 88 мыңнан астам ақау анықталды. Бұл мәселе бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд теңге болатын экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды. Алайда, мұндағы басты мақсат – айыппұл салу емес, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және емдеу стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету. Бастысы – пациенттердің медициналық көмекті уақытылы әрі толық көлемде алуына жағдай жасау.

– Халық арасында сақтандырылу мәртебесіне әрдайым үлкен қызығушылық бар. Бүгінгі таңда өңірдегі МӘМС-пен қамту жағдайы қандай?

– Облысымызда медициналық ұйымдарға тіркелген 652 942 тұрғынның 84%-ы қазіргі таңда сақтандырылған мәртебесіне ие. Сақтандырылмаған азаматтардың саны біртіндеп азайып келеді. Бүгінгі таңда олардың үлесі 16%-ды немесе 90 853 адамды құрайды. Бұл өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 22 пайызға аз.

Жергілікті атқарушы органдармен және Өңірлік штабпен бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бастысы – МӘМС жүйесі отбасыларды медициналық қызметтерге жұмсалатын орасан зор шығындардан қорғау үшін құрылғанын түсіну қажет. Мысалы, жоғары технологиялық операциялардың құны 7 млн теңгеден асуы мүмкін, ал пациентті амбулаториялық диализбен бір жыл емдеуге шамамен 5 млн теңге жұмсалады. «Сақтандырылған» мәртебесі болған жағдайда азамат қажетті медициналық көмекті қосымша қаржылық шығынсыз алады.

– Өзінің сақтандырылу мәртебесін білмейтін азаматтарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Ауыр диагнозы бар азаматтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан сақтандырылған немесе жеңілдік берілген санаттарға жатады. Олардың қатарында D және E санаттары да бар. Бұл санаттар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейді. Алайда экономикалық белсенді халық өз денсаулығына қатысты ортақ жауапкершілік танытуы тиіс.

Әсіресе жалдамалы жұмыс істейтін азаматтарға тоқталғым келеді. Бізде бар мәлімет бойынша, жүйеде 25 мыңнан астам сақтандырылмаған жұмысшы бар. Бұл ретте жарналарды аудару міндеті жұмыс берушіге жүктелген.

Әр азаматқа өзінің сақтандыру мәртебесін ай сайын тексеріп отыруды ұсынамыз. Төлемдерде үзіліс болған жағдайда бірден жұмыс берушіге немесе кеңес алу үшін бізге жүгінуі қажет.

– Филиал науқастардың шағымдарын тіркей ме? Бұл бағытта туындаған мәселелер қалай шешіледі?

– Иә, бұл бағытта оң динамика бар. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін ресми кері байланыс арналары арқылы 177 шағым келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға аз.

Мәселелердің басым бөлігі медициналық ұйымдардың өзіндегі науқастарды қолдау қызметтері деңгейінде «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешіледі. Сонымен қатар, біз азаматтарға барынша жақын болуға тырысамыз: емханаларда кездесулер өткіземіз, сауда орталықтарында «Денсаулық бұрыштары» акцияларын ұйымдастырамыз. Ал ауыл тұрғындары үшін жедел көмек көрсетуге арналған арнайы WhatsApp чаттары қызмет атқарады.

– Цифрландыру мәселесіне тоқталсаңыз. Жетісу облысында қандай жаңа шешім енгізіліп жатыр?

– Қор халық үшін медициналық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізуде. Бүгінде өңірде Qalqan жүйесі және медициналық ұйымдарды QR арқылы сәйкестендіру жүйесі іске асырылуда. Мұның барлығы медициналық қызметке жүгіну облыс тұрғындары үшін барынша ашық, түсінікті және ыңғайлы болуына бағытталған.

Сөз соңында бұл сала бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ сақтандырылу мәртебесін өзектендіру бойынша Қордың облыстық филиалына жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін хабарласуға болатынын және байланыс телефонымыз 8 728 255 90 06, 55 90 07, 55 90 13 екенін айта кеткім келеді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Асыл Амантайұлы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

30.09.2026
Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

30.09.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

30.09.2026
Жетісудағы үздік балабақша анықталды

Жетісудағы үздік балабақша анықталды

30.09.2026
Қазақстан мен Германия 2 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Германия 2 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

30.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.