Шай ішкенді біз өте жақсы көреміз. Сондықтан болар, «Шай ішсең, көңілің жай» дейміз. Біздің елде шайды тұтыну көлемі өте жоғары. Осы ретте «Чай Двор» деп аталатын компания Қазақстандағы жетекші шай өндірушілердің бірі саналады әрі олар оның бірнеше түрін ұсынады.
«Чайный Двор» компаниясы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Десек те, оның тарихы Қазақстан тәуелсіздік алған кезден басталды. Жанат Сұлтанғазина 1993 жылы RWL үнді шайы өндірушісінің өкілі болды. Бүгінгі күні аталмыш компания өнімі елдің барлық аймағына және Ресейдің төрт облысында сатылады. Шай Үндістан мен Кенияда шығарылады. Ал қоспаларын өндірушілер елдегі тұтынушылардың талғамына қарай және оның дәмі мен түсіне сүйене отырып жасайды.
Биыл компания «Қазақстан Халық Банк» АҚ-на айналым қаражатын толықтыруды сұрады. Жобаға «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдау көрсетті. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігі несиелік сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 пайыз бен 8 пайыз мөлшерінде субсидияланды. Болашақта компания сатылатын өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.
Азамат СӘДУАҚАСОВ,
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
облыс бойынша аймақтық филиалының бас менеджері




