Талдықорған: +37°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕЙІРМАННЫҢ БІРҚАҚПАЙЛАРЫ

17.09.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мейірман Дәркенбайұлы – бітім-болмысы бөлек, суырыпсалма ақын. Ол Қызылбөріктің атақты ақындары Құланаян Құлмамбетпен, Бөлтірік Атыханұлымен және Әжек Мырза-ұлымен бір жерде туып, бір жерде өсті. Бұлар бірін-бірі ұстаз тұтып, бірінен-бірі өнеге алған, бірінің өнерін бірі ары қарай жалғастырған, сөйтіп аттары халыққа кең жайылған дарынды ақындар.


Мейірманның әкесі Дәркенбай сегіз мың жылқы біткен аса бай адам болумен бірге, қажыға барған діндар әрі ақыл-парасатының арқасында елге сыйлы, беделді адам болған. Мейірман бай баласы және бәйбіше баласы бола тұра байлыққа, мырзалыққа, сән-салтанатқа қызықпай, қарапайым өмір сүріп, малмен ғана айналысыпты.

Құдай берген дарынының арқасында Мейірман жастай от ауызды, орақ тілді ақын болып өседі. Бірақ, Мейірман өлеңді өнер деп біліп, оның соңына түсе қоймапты. Тек «мынаны өлеңге қосшы», «анау туралы бір ауыз өлең айтып жіберші» деген кездерде ғана бөгелместен, табан астында қиыстырып, бір-екі ауыз өлең айтып жібереді екен.

 Дәл осындай жолмен өмірге келген оның «Мақсұтқа айтқаны», «Әкесі Дәркенбайға айтқаны», «Шыныбайға айтқаны», «Ақын қызға айтқаны», «Құдағиға айтқаны», «Іліпке айтқаны», «Ниязбекке айтқаны», «Бай туысқанына айтқаны» деген сияқты өлеңдері бұрын ел ішінде көп айтылатын. Қағазға түспеген соң олардың көбі қазіргі кезде ұмытылыпты. Мейірманның ұмытылмай жүрген жалғыз-ақ өлеңі бар екен. Ол – «Шыбын» деп аталатын өтірік өлеңі.

Мақсұттың шешесі қайтыс болғанда Мейірман бара алмай қалыпты. Бір күні Мейірманның мал бағып жүргенін көріп, Мақсұт сынайын деп, оған әдейі өзі барады. Мейірман:
 Ассалаумағалейкум, еліміздің көсемі,
 Тіршілікте жақсы ғой кәрі-жастың есені.
 Артына берсін береке-бірлік, байлықты,
 Беріпсің, батыр, ардақты, асыл шешеңді, – дейді.
Мақсұт болыс бірде: – «Сені ел мықты ақын дейді. Ақын болсаң, менің кемшілігімді көрсетіп табан аузында бір ауыз өлең шығаршы», – дейді Мейірманға. Ол: – Болысеке, ұрсасыз ғой, әйтпесе шығарар едім? – дейді. Мақсұт: – Құдай ұрсын, ұрыспаймын, – дегенінде, Мейірман: 
 Айырылдың ә дегенде аяғыңнан, 
 Әкеңдей пайда көрдің таяғыңнан.
 «Құдай ұрсын» деп жүріп, шұнақ болдың,
 Енді атыңды қоямыз қай жағыңнан, – дейді.
– Тек жамандадың ғой. Бір ауыз мақтарың жоқ па? – дейді  жақтырмай қалған Мақсұт. Мейірман:
 Жау келсе найза ұстадың ел шетіне,
 Қарғадай қарамастан келбетіңе.
 Ақсақ, шұнақ демей-ақ сені ұстайды,
 Қысылса Қызылбөрік өз бетіне, – депті.
Әкесі Қожамқұлға күмбез тұрғызып жатқанда бір нәрсеге ашуланып, Қожамқұлдың кіші әйелі Нәзікеге Мақсұттың тілі тиіп кетеді. Жұмыс істеп жатқандарға туыс ретінде қымыз артып, тамақ алып келіп отырған Мейірман:
 Кімге опа қылады мына жалған,
 Бар ма адам мәңгі тірі өлмей қалған.
 Сенен қорықса қорқады қызылбөрік,
 Әзірейіл қорқа ма әкеңді алған.

 Көміп те болған жоқсың Қожамқұлды,
 Тас жүрек адам ба едің, сен соғұрлы.
 Көп көзінше шешеңе тіл тигізіп, 
 Ол қай үлгің, көрсеткен ойлы-қырлы, – депті.
Әкесі Дәркенбай ертеңгі шайын қантсыз ішіп отырса керек. Мейірман келіп, түнде бір тайды қасқыр тартып кеткенін айтады. Оған әкесі қатты ренжіп, баласына ұрсыпты. Мейірман:
 Қантпенен шай ішкендей кекіресің, 
 Бір тай өлсе доңызша өкіресің.
 Құдайдың бергеніне місе тұтпай,
 Тіксініп, маған неге жекіресің, – депті.
Мейірманның жігіт кезі екен. Бір күні Дәркенбай бір нәрсеге ашуланып, әйелін (Мейірманның анасын) кеудеден итеріп жіберіп, қолындағы тұсаумен салып қалыпты. Соны көрген Мейірман:
 Ей, әке, өзің кәрі, өзің көсе,
 Қорлығың өтіп кетті-ау әлденеше.
 Шешемді түнде құшып, күндіз сабап,
 Құйқаңды шайнар едім әлім келсе, – депті. Содан былай қарай Дәркенбай Мейірманның шешесі  Ақбөпені ренжітпейтін болыпты.

Дәркембаймен қоныстас ауылда бір сұлу келіншек бар екен. Құрдасы Түркені ертіп Дәркенбай сұлудың ауылына бара жатса, Мейірман оларға қарсы жолығып қалыпты да, қасақана атын дүбірлетіп, ит үргізіп, шаба жөнеледі. Ауыл адамдары:  «Бұл не дүбір?» – деп дабырласып қалады.

Ертесінде Дәркенбай Түркеге: «Мейірман түнде бізді танып қалған жоқ па екен, ептеп, сұрап байқашы?» – дейді. Түрке Мейірманды шақарып алып:  «Мейірман, түнде жоғары ауылдан шу шыққандай болды ма, қалай?» – деп сұрайды. Сонда Мейірман:
 Сұлудың екі көзі күлімдейді,
 Күн бұлт, ай қараңғы кім жүрмейді.
 Шайтанның түрткісіне түскеннен соң,
 Адамның кәрі-жасы білінбейді, – депті.
Сүгір атаның Шал деген ақсақалы қайтыс болған екен. Оның баласы Іліп Мейірманның құрдасы. Екеуі бірге келе жатып, «әкеме құран оқи кетелік» деп бұрылып, бейіт басына түседі. Мейірман аттан түсе сала, тізерлеп отыра қалып:
 Шалеке, жатырмысың Іліпті алмай,
 Іліпті алып, Сүгірге бүлік салмай.
 Аруағың шыныменен қашқан екен,
 Шай қайнатып беруге Күлікті алмай, – деп өлеңдетіпті (Күлік  Шалдың әйелі екен).

Мейірманның емшектес ағасы Серікбай ірі бай, көкірек көзі ашық, өзі сымбатты кісі екен. Шелек шаһарының бір саудагерімен жақын қарым-қатынаста болып, аралас-құралас жүріпті. Саудагердің әйелі де өңді адам көрінеді. Жайлауға келіп, Серікбайдың ауылында айлап жатып алатын болса керек.
Ауыл адамдары жиналып, қымыз ішіп отырғанда әлгі әйел құдіреттеніп:  «Мейірман, өлең айта отырмайсың ба?» – дейді. Сонда Мейірман:
 Құдағи, қойсаңызшы қарыңызды,
 Бүйтіп жүріп төгерсіз арыңызды.
 Көшке ілескен қаншықтай қыңсыламай,
 Есің барда тапсаңшы жарыңызды, – депті. Әйел сол күні-ақ өз ауылына қайтып кетеді.

Қой бағып жүрген Мейірманға кезіккен бір байдың ақын қызы «Осыны елдің бәрі ақын дейді. Бір сынап көрейінші» деп, ат үстінде тұрып, өлеңдете жөнеліпті:
 Ей, қойшы, жақсысың ба, жамансың ба?
 Өзіңе өлең айтам, жақсысына.
 Әкеңнің алты ай жаздай қойын бағып,
 Сен сорлы не аласың ақысына? – дейді.
Мейірман іле жауап қайтарып:
 Бай әкем сенбеуші еді басқасына,
 Сенбейді мақтағанмен жақсысына.
 Әкемнің алты ай жазға қойын бақсам,
 Әпереді сендей қатын ақысына, – дейді.
Қыз: 
 Қара таудың басынан қағынып кел,
 Қара мақпал тоныңды жамылып кел.
 Болғанын қыз әулие білмеуші ме ең,
 Ақсарбас қой айтып, табынып кел.
Мейірман:
 Сатқаны саудагердің мата ма екен,
 Серкешке жейделігін сата ма екен?
 Салдақы, «қыз – әулие» деп сандаласың,
 «Әулие» ер астында жата ма екен? – деп тоқтапты. Соққы алған ақын қыз атын қамшысымен бір салып, шаба жөнеліпті. 
Ойымызды қорытар болсақ, Мейірман батыл да өжет әрі әділетті, шыншыл адам болыпты. Нені болса да, кімге болса да ешкімнен тайсалмастан бетіне айтады екен. Сол мінезіне бола  би-болыстар мен байлар одан тайсақтап, ылғи ығысып жүретін көрінеді. 

Мейірманның осы мақалада біз келтірген және келтірмеген өлеңдерінің тілі жатық, ұйқасы шымыр. Жеңіл оқылады. Егер жөн білетін біреу Мейірманға дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, «құдай берген осындай қабілетің бола тұра, қайдағы бір шыбын туралы өлең шығарғанша, өзіңнің батыр атаң Әжібай туралы неге жыр шығармайсың?» дегенді айтқанда, Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек батыр» поэмасы сияқты Әжібай атасы жайында үлкен бір жыр-дастан дүниеге келген болар еді. Әттең, өкінішті-ақ! 

Байынқол ҚАЛИҰЛЫ,
академик, филология  ғылымдарының докторы, профессор,
 ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қатысты жаңалықтар

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026
Сезімім алдамапты  – Несіп Жүнісбай

Сезімім алдамапты – Несіп Жүнісбай

15.07.2026
«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

15.07.2026
Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.