Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ШЫҒАРЫЛАДЫ

16 қыркүйек 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ШЫҒАРЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық QazVac вакцинасы әзірленді. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мақсатында Премьер-Министр Асқар Мамин өткен жылдың маусымында Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастады.

— Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-мен қатар Қарасай ауданы Абай ауылындағы «Антиген» ЖШС базасындағы вакцинаны құю бойынша өндірістік алаңды дайындау басталды. «Антиген» ЖШС-де Алматы облысы әкімдігінің «Жетісу» ӘКК арқылы жалпы сомасы 420 млн.теңгеден астам лизингке 13 бірлік заманауи технологиялық жабдық сатып алынды, — деп бөлісті Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Мұндағы өндіріс желісі асептикалық өндірістің барлық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді.

— Итальяндық аппарат вакцинаны бір минут ішінде 60 құтыға құюы мүмкін. Әр құтыда — 3 доза. Бір айда ол 1 миллион дозаға дейін толтырылуы ықтимал. Құтыға құйылуға дейінгі дайындықты ағымдағы жылдың сәуір айынан бастадық. Ал шілде айынан бастап 300 мың доза төгілді. Бұл — валидациялық серия. Жабдықты және бүкіл процесті тексеруге арналған. Бүгінгі күні алынған вакцинаның 300 мың дозасы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Зерттеулер аяқталуға жақын. «Антиген» ЖШС-дегі вакциналар толық сәтті тексеруден кейін ғана қолданылатынын атап өткен жөн, — деді «Антиген» ҰКП директоры Нұрлан Ахметсадықов.

Директордың айтуынша, барлық жабдықтар Еуропадан, АҚШ пен Қытайдан әкелінген. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейге өндірістің барлық кезеңінде сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Антиген» ҰКП ЖШС биофармацевтикалық зауытпен қатар биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты базасында екінші өндірістік алаңға айналған. Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.