Талдықорған: +35°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БҰЙЫРМАҒАН САУМАЛ

15.09.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Шілде айының соңында бүкіл әлемді жайлаған аса қауіпті індеттің буынаныққан бес жолаушы жолға жиналды. Есіл-дерттері – бір-екі күн болса да асқар таудың аясына барып, саумал ішу. Олар – салмақты Дастан, жымысқы Асқан, жатыпатар Сасқан, жағымпаз Тасқан және Дастанның немересі Әлихан. Бұлардың жас шамалары да әртүрлі. Асқан жетпістен асса, жастау Тасқан алпысқа жақындаған. Сасқан жетпіске жақындаса, Дастан алпысты алқымдаған. Немере болса ол – мектеп жасындағы бала. Алдыңғы төртеуі кәдімгі ел ағалары, белді қызметкерлер. 

Асқанға тоқталсақ, бұл өзі зейнетке шыққанға дейін бір беделді министрдің көмекшісі бола жүріп, Алматы қаласындағы бірер аурухананың басын шалып, ылғи бірінші бастығына дейін көтеріліп, медицина саласының ғылым кандидаты атағын алып үлгерген «ірі» ғалым. Бұл аз десеңіз, әскерге қажетті тылдағы кадрлық кезек қорының орта дәрежелі офицер шенін де иеленген жасанды сардарбек. Осы жетістіктерінің арқасында зейнетке шыққан бойда бір педагогикалық университеттегі жерлес әрі рулас болып келетін ректор інісінің қолдауымен сол оқу орнының құйқалы факультетіндегі көп ешкім мән бере қоймайтын кафедраның меңгерушісі болып шыға келді. 

Мына заманда белді демеушің болмаса педагогикалық жоғары оқу орнына қайдағы бір дәрігер емес, жылдар бойы мол тәжірибе жинаған педагог оқытушылардың өзі ондай қызметке көтеріле қоймайды. Бірақ, бұрын-соңды мұрнының иісі сезбейтін оқытушылыққа келген Асқанның атына заты сай болып шыққан еді.  Жайлы креслоға жайғасқан ол «жаңа қазақтың» қариялық үлгісін көрсетті. «Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» дегендей, әр жерде бастық болып дағдыланғандықтан, ректор інісін де, университеттің шаруашылығына жауап беретін жерлес інісін де барынша жақсы пайдаланды. Кафедраны сабақ жүргізудің заманауи тұрғыдағы әдістемелік орталығына емес, оны алыстан көз тартатын қалыпқа келтіруге бірден кірісті де, оқу үрдісіне байланысты келген комиссияны оның босағасына келетіндей етіп, кішігірім музейге айналдырып жіберді. Иә, бұл да Асқанның көп жылдық тәжірибесінің жемісі болар, осы жолы зейнеткердің қолынан да әжептәуір іс келетінін жан-тәнімен көрсетуге барынша тырысып, өзінің безендіру іскерлігімен осындағы өз қарауында істейтін педагогтардың күллісінің аузына құм құйды да, бәрін жұмысқа жеге білді. Жалақыдан жалақыға дейін әрең күн көріп жүрген әлгі педагог бейшаралар болса, көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болып, бармақ басты, көз қыстымен жүретін нағыз тоқырау заманының ізіне қайта түсті. Зейнеткер-дәрігер Асқанды ректордың өзі әкеліп отырғызғасын, оның қол астындағы жаңағы педагогтар, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген осы екен ғой деп, «Сен тимесең, мен тименің» күйін кешіп, әупірімдеп күнін көре берді.

Әрине, «мықты» басшы жүрген жерде «құда да, құдағи да тыныш». Бірақ күндердің күнінде Асқанның «демеуші» ректоры кетіп, басқа басшы келді. Университеттегі шаруашылық басшысы да марқұм болып кеткен еді. Енді ол факультеттің жаңа жетекшісі Тасқанның басын айналдыру жолындағы жымысқылық стратегияға көшті. Оның бұл әрекеті әлемді дүрліктірген коронавирустың алдындағы «Наурыз» мерекесін тойлаудан басталған болатын. Қазіргі наурыздың қалай өтетіні белгілі емес пе? Оны кәдімгі олимпиадалық жарыс дерсің. Тіпті, жақсы безендірілген қазақ үй тауып әкелсең, бастықтар ондай адамды халық қаһарманындай қадірлеп, барынша құрметтейді. Ал егер әлгі үйдің іші мен сырты бір-бірімен үйлесіп, арнайы құрылған төралқадан жоғары баға алса, ондай факультет бастығының мерейі үстем болды дей беріңіз. Бұрынғы наурызда емін-еркін көже ішетін қарапайым көпшілік, қазір оны тығылып жүріп ішеді. Әлгілердің осындай оғаш қылығын көргенде бейне бір аш адамдардың тамаққа таласып жатқанындай әсер аласың да, өзіңнен-өзің қарап тұрып қынжыласың. Құшақтасып біріне-бірі жақсылық айту, оқуына, болмаса қызметіне табыс тілеп, денсаулығына амандық пейіл білдіру сияқты ежелгі дәстүр жоқ. Қазір өтпелі кезеңде қалжыраған елдің бәрінің көңілін көтеріп, ішкі рухани жан-дүниесінің тетігін табу – наурыздың басты мақсаты емес. Оның барлық жерде жасандылықпен жүргізілетіні де ащы да болса ақиқат. Сондықтан оның халықты ұйыстыратын ежелгі түрінің күйі кетіп, жылдан-жылға өзінің бұрынғы салтанатынан ажырап бара жатқаны да сол.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі  наурыз өткізудегі басты мақсат – көпшіліктің ойынан шығып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру емес, тек бірінші басшының көзіне түсу ғана. Оны іске асырудың неше түрлі жымысқылық жолдары болса, мұндай шеберлікті тоталитарлық жүйенің іс жүргізу әдістеріне әбден машықтанған, жымысқылыққа жылдар бойы бойын жақсы үйреткен әккі адамдар ғана істей алады. Қойшы әйтеуір, Асқан сол жолғы наурызды жарқыратып өткізіп, жағымпаздыққа жақын жүретін тікелей басшысы Тасқанның ойынан шыға алды. Ол да Асқанның арқасында ректордың көңілінен шықты да, асығы алшысынан түсіп, жегені алдында, жемегені артында, мұрты май, көңілі жай дегендей, шырт түкіріп кете барды. Сөйтіп, жымысқы мен жағымпаз өз- ара жымдасып, ара-тұра кездескенде бір-бірімен тәжірибе алмасып, әлдекім естіп қоймасын деп күбірлесіп, кем-кетігін түзеп, сырласып, күліп-ойнап жүре берді. Дәл осы жымысқылық ой жетегіндегі Асқан Жайдақбұлаққа қарай Тасқанмен бірге жолға шыққанда, әлгі стратегиясын жалғастыру үшін неше түрлі қитұрқы әрекетін іске асыруды ойластырған еді.

Жалпы, биылғы аптап ыстықта Жайдақбұлаққа барып саумал ішу бастамасын бейсауат жүретін Сасқан бастаған. Мәселенің түпкі байыбына бармай, өздері араласып жүрген Жүрсін деген ғылым докторының айтуымен Тасқанмен болған кезекті бір бильярд ойыны үстінде көтерген. Ал Жүрсін болса, шілде айының басында шынымен Жайдақбұлаққа барып, бір жеті бойы саумал ішіп, демалып, кәдімгідей бой жазып қайтқан. Оның айтысында: «Барған жеріміз көк майса, көкорай шалғын, тау ішінде болса да ауыл иісі бұрқырап тұрады. Тіпті, бала кезімізді еске түсіретін әдемі жер екен. Кәдімгі қарағайдан соғылған, сондағы өзіміз сияқты ауыл адамдары тұратын үйде жаттық. Бес уақыт саумал ішіп, үш мезгіл тойып тамақтанып, емін-еркін аунап-қунап қайттық. Бір қызығы, – дейді ол, әуелі барғанда жатқан үйдің ауласынан әр-әр жерден сиырдың ескі жаппасының жапырылып жатқанын көрген едік. Таң ата әлгінің кепкен тезек екенін біліп, кешкісін жаңағы тезектерді қалап от жағып, қызған күліне картоп пісіріп жеп, жанған от маңында отырып, ауылда өскен не бір балалығымызды еске алып, кәдімгідей ширығып қалдық», – деген. Бильярд ойынының үстінде мұны естіген Тасқан Сасқанды бірден қолдап, қарауында істейтін рухани кеңесшісі Асқан қарияны ертіп алатынын ескертті. Айтарын айтып алған Сасқан, көлік мәселесіне келгенде өзінің атына сай шыныменен қатты састы. Бірден кезекті демалысында жүрген Дастан құдасы есіне түсті. Ол жақында ғана Кеген жаққа демалуға барудың сәті түспей жүргенін айтып қалған еді. Сасқан дереу оның үйіне қоңырау шалып еді, абырой болғанда ол сөзге келмей келісіп, немересін ала жүретінін және машина руліне өзі отырса, бензинді ортақ шешудің жолын айтты. Сонымен бильярд ойнай жүріп, жолға шығу мәселесін жарым-жартылай шешкен Тасқан мен Сасқан бұл күні кештетіп тарасты.

Келесі күні мәселені пысықтамақ болған Тасқан, Сасқан және Асқан үшеуі бильярдта тағы бас қосты. Бұлар ертесі күні ертемен жолға шығатын болып келісті. Асқан азық-түлікке деп қомақты ақшасын да беріп үлгерді. Бұлар келесі күні ертемен Сасқанның үйінің маңайынан кездесетін болып тарқасты. Сыбайластары кеткесін Сасқан тағы да шынымен сасайын деді. Тіпті, қалбалақтап не істерін білмей ақыры Жайдақбұлақ бағытындағы тағы бір құдасына қоңырау шалып, келесі күні соның үйінен түстенетінін ескертті. Дәстүр бойынша серуенге шыққандар жол-жөнекей міндетті түрде аялдайды. Онда дастарқан жайылады. Оның есесіне екі күнге демалуға кетіп бара жатқан адамдарға ішіп-жем, сусын дегендей азық-түлік керек. Осыны ойлаған Сасқан бұрынғыдан бетер әбіржи бастады. Әуелі «әлгілерден не ішіп, не жеу керек екенін сұрап қалмағаным-ай, не болса да алатын нәрсені өздерімен бірге алу керек еді», – деп қиналған ол қаланың бел ортасындағы үлкен супермаркетке келді де, сонда істейтін бір жігітпен кеңесіп, екі пакет азық-түлік алды. 

Үйге келгенде келесі күні таңертең бұның ұжымында қызмет бабымен конкурс болатынын естіген Сасқан, бұл жолы біржолата абдырап қалды. «Енді аналарға уақытты не деп айтам» деп уайымға берілген ол құдасымен келісіп алғасын жақын жиен інісі тұтатын Тасқанға қоңырау шалып, жағдайға байланысты сағат 11-де жолға шығатынын ескертіп еді, әлгі Асқанмен ақылдасатынын жеткізді. Біраздан соң Тасқан қоңырау шалып: «Бармасақ қайтеді?» дегендей емеурін танытты. Бұл сөздің Асқаннан шыққанын байқаған Сасқанның іші қылп ете түсті де, даярланып қойғасын, бармаса болмайтынын ескертіп, шешімін үлкен ретінде кесіп айтты.

Сағат 11-де жолаушылардың бәрі жиналған. Әшейінде Асеке дейтін Сасқан бұл жолы таяуда бір нәрсенің болатынын білгендей, Асқанды ағалап жүріп, рулдегі Дастанның жанына үлкен құрметпен отырғызды. Ағалаудан бастап, жағалап жүрген Сасқанның бұл қылығын байқаған Асқан да бір сәт таң-тамаша құбылыс байқатты. Бірақ, осы бір құбылыстың кешке қарай «кері бұрылыс» болатынын Сасқаннан басқа ешкім аңғармаған еді. Көліктің артына Тасқанмен бірге жайғасқан Сасқан – 40 жылдан астам уақытта бірнеше мыңдаған студентті алдынан өткізген әжептәуір психолог. Ол көп уақыт бойы түнеріп отырған Асқанды аңдумен болды. Өйтпей қайтсін, жолға шала-шарпы жиналған ол баратын жерді көрген де емес. Әйтеуір біреудің айтуымен алыс жолға шығуда тәуекелге барған еді. Оның есесіне, уақытты бірнеше рет өзгертті. Тасқанды қойшы, ол өзінің жерлесі әрі жолын қуса жақын жиен іні болып шығады. Рулдегі Дастан болса құдасы. Талай дастарқандас болған сарабдал да сабырлы, өзі көп сөйлемейтін бірақ сөзге берік, шені жоғары әскери адам. Бұл екеуінен сөз шықса, қайтаруға болады. Мұнда Алматының бір шипажайында бірге жатып, бір-екі рет бильярд ойнағаны болмаса, сырын толық білмейтін Асқан қиын болатын түрі бар. Бірақ кездескенде сыңғырлап амандасып, салдырлап сөйлесетін Асқан бүгін тым бөтен, қабағы салыңқы, жүзі жабырқау, көңілі тым  күпті. 

Ол осылайша тойға емес, өлімге бара жатқандай кейіп танытты да, оқтау жұтып алғандай алдыңғы орында түнерген күйі қақайып қатты да қалды. Жинақы қимылы мен қаһарлы өңіне қарағанда оны серуеншіден гөрі кәдімгі қонжиған бастық дерсің. Қойшы, жарытып жағын ашпаған Асқанмен бірге ақыры сағат 12-де бұлар қаладан шықты-ау, әйтеуір. Осы аралықта Тасқан бензин үшін рулдегі Дастанға 30 мың теңге беріп, Сасқанды тағы састырды. Сасқан болса біраз уақыт бойы жол-жөнекейдегі ішер сусын мен жейтін астың сапасын ойлаумен келе жатқан. Өйткені, ол алған тағам мыналардың ақшасына татымайтын еді. Барғанда өз ақшасын қосып, қой алып сойып беруді ойлап, жол бойы өзін-өзі сабырға шақырумен әлекке түсті.

Ақыры Асқанға деген күмәннің бастамасы орта жолдағы аялдамадан басталды. Ол жайылған дастарқандағы тағамды менсінбей, ішімдікті мұрнын шүйіріп ұрттады да оған көп беттемей, өзінің атына сай асқандығын танытып, жалын дүрдиткен айғырға ұқсас мінез көрсетті. Бұл арада ол – жастармен бірге кетіп бара жатқан соң ақсақалдық пәтуаға келіп, ішіндегі қыжылды сыртына шығару керек еді де, жетпей жатқан дүниені жақын жердегі Көкпек деген елді мекеннен алуды айтса болды, қалған жастар үлкен «ақсақал» адамның сөзіне жығылуға даяр еді. Ол солай етудің орнына Тасқан бастығының алдында кімнің кім екенін көрсету ережесін ұстанып, үлкен ретінде ас қайырмақ түгілі кілт бұрылып, машинадағы орнына жылдам келіп жайғасты. Бұнысы «тағы көреміз» деген келесі әрекетін байқатуы еді. Оны бірден сезген психолог Сасқан бұл жолы әуелдегідей абыржып, саспады. Өйткені, жолдағы құдасына жетуге де небәрі 1-2 сағаттай уақыт қалған. Оның тамақ даярлап күтіп отырғанынан да хабардар Сасқан «не істеп аласың?» дегендей безеріп отырып алды. 

Кеше «бармасақ қайтеді?», – деп бәлсінген Асқанның бүгінгі қылығы шектен шығып бара жатқанына қапаланған Сасқан, жолдағы құдасына бұрылмай өтіп кетуді де ойлады. Бірақ, қалғандарынан ұят. Оның үстіне жолда тосып, әлекке түскен құдаға ертең не бетімен қарайды. Осылайша бірер сағат бойы шым-шытырық көңіл күймен арпалысқан Сасқан ақыры қонақтарын құдасының дастарқанынан бір-ақ шығарды. Құда ет асып, бала-шағасымен құшақ жая қарсы алды. Асқан бұл жолы да не жетіскен батасын бермеді, ас қайыруды да дәп солай мандытпады. Сонда: «күні бойы тосып, ақ дастарқанын алдыларына жайып,  қонақ  қылған  құдасының  жазығы       не?», –  деген ойға батқан Сасқан бұлармен жүретін машинаға аяғын әрең сүйретіп келіп отырды да, тағы да ойға шомып кетті. 

Былтырғы жылдың аяғында ғана инсульт алып, денсаулығына нұқсан келтірген Сасқан, өзінің танысы, Тасқанның таптырмас кеңесшісі  әрі «мықты» дәрігер сыбайласы Асқанның кешелі бергі тасқанынан түңіліп, өзінің осы жолғы жауапкершілікті мойнына алғанына қатты өкіне бастады. Бұл уақытта «дандайсу» тәсілін аяқтаған Асқан, едәуір ширап сала берді. Өйткені, жолаушылардың тоқтайтын соңғы нүктесінде іске қосатын кезекті амалын алдын-ала ойластырып та қойған еді. Ол – ережені қалай да бір кінә тауып, Сасқан сияқты ғылым докторын аяқтан шалып құлатып, оны сайқымазақ жасап, машинаны келген жағына қарай қайта бұру. Сөйтіп тікелей басшысы Тасқанға қыр көрсетіп, өзінің жұмыста қалу болашағына жол салу болатын. Өзі әр жерде қаңғырып жүріп, ғылымның қадірін білмейтін Асқанға  айдалада жүрген Сасқан, оған академик болса да керек емес. Ал оның құдасы Дастан болса бір-ақ күндік жолдас. Бұрынғы сыйластық, денсаулық пен адамгершілік, ақсақалдық абыройдан жұрдай Асқан ақыры Алматыдан межелеп шыққан Жайдақбұлаққа жеткенде өзінің соңғы жымысқы тактикасын бірден іске асырып та үлгірді.

Соңғы нүктеге кештетіп келген бойда Асқан бәрінің алдына шығып алып: «Неге дұрыстап күтпейсіңдер?, «Жататын үй қайда?», «Неге ашпайсыңдар?» деп әлі ақша төлемеген күтуші әйелдердің апшысын қуырып жіберді. Сөйтіп ол өзін-өзі табан астында бастық сайлап, әлгі бастап келген Сасқанның сөзін құлағына да қыстырмай, өзінің ақырғы тәсілін іске асыруды осылайша үлкен емеурінмен бастады. Ақырында «Ешбір жайлылығы жоқ, боқ пен тезектің ортасында мен жатпаймын да, тұрмаймын да. Кетеміз!», – деп ешкіммен санаспастан оларды, тіпті, құбыжық құрлы көрмей теріс бұрылып, машинаға беттеді. «Ау, Асеке! Кеше ғана осы бәріміз боқ пен қидың, көң мен тезектің арасынан шығып, мынандай жетістікке жеткенімізді қалай ұмытуға болады? Бір түн түнейік, таң ата шешімін айтайық. Рулдегі адам шаршады. Дем алсын. Сабыр етіңіз!»  дегенді жалғыз Сасқаннан басқа ешкім айтпады. Бірақ, оның айтқан сөзін Асқан қария желге ұшырып жіберді. Осы арада «боқ пен тезекті» айтқан Асқанның өзі бүгінгі күннің өзінде өз үйінде ешкі мен бөдененің боғын күнде кешіп жүргенін есінен шығарып алса керек. Арадағы жалтақ та жағымпаз Тасқан болса, сол бір ешкі мен бөденені көзімен көріп жүрсе де, Асқанға жалтақтап қарап, әдеттегі жағымпаздығына салынып, көлікке қайта келіп отырып, кері кететінін білдірді. Міне, осы арада Сасқан салы суға кетіп, өзін масқаралаған «достарының» қылығы үшін машина руліндегі құдасынан ұялып, кірерге тесік таппай қиналды. Одан не пайда? Болар іс болып, бояуы сіңіп кеткесін, қайтпасқа не шара? Сасқан машинаға басы салбырап келіп, әрең отырды да, көппен бірге келген жағына қарай қайтты. 

Сөйтіп, мандытып жұтқан таза ауа да жоқ,  жарытып тыныстаған таудың самал желі де жоқ, Жайдақбұлақтан тататын мөлдір судан да қағылып, аңсап келіп ішкен саумал да бұйырмай, сойылған қойдың еті де желінбей, Кеген өңіріне бет алған, көбі «жаңа қазақтың» ағалары болып келетін әлгі бесеу Жайдақбұлақ пен Алматының ортасында құры босқа уақытын өткізіп, ақыры шулы қалаға қайта келіп, үйді-үйіне үнсіз күйінде, дін аман тарқасты-ау, әйтеуір. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген рас екен. Әсіресе, өмірден жымысқылықтың неше түрін меңгерген арадағы Асқан сияқты «ақсақалдар» мен Тасқан сияқты «жағымпаздар» бүгінгі «жаңа қазақтардың» тәрбиешісі болып отырса, қазақ қалай оңаламыз?!

Бақдәулет Берлібаев,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор 
 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026
Сезімім алдамапты  – Несіп Жүнісбай

Сезімім алдамапты – Несіп Жүнісбай

15.07.2026
«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

15.07.2026
Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.