Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕУРОПА АРАЛАП КЕЛГЕН МАГИСТР ТАЛДЫҚОРҒАННАН АҒЫЛШЫН ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

12 қыркүйек 2021
КҮНДЕРЕК
ЕУРОПА АРАЛАП КЕЛГЕН МАГИСТР ТАЛДЫҚОРҒАННАН АҒЫЛШЫН ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда мемлекеттің қайтарымсыз грантына ағылшын тілін оқытатын орталық ашылды. Мұнда өткен жылдың қазан айынан бері 52 қатысушы курсты аяқтады. «EnglishNext2you» ағылшын тілі бойынша авторлық курсының иесі – кәсіпкер Райгүл Желдібаева.

Ол — аударма ісінің маманы, гуманитарлық ғылымдар магис­трі. Erasmus+ халықаралық бағдарламасының екі дүркін стипендиаты. Соңғы бес жыл бойы халықаралық қатынастар саласында Жетісу университетінде қызмет атқарған. Ол жеке кәсіппен айналысу себебін былай түсіндірді:

– Халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеген уақытта шетелде көптеген іс-тәжірибеден өттім. Испания, Кипр, Венгрия, Түркияда болдым. Онда шет тілін үйретудің көптеген методикасымен танысып, ағылшын тілін үйретудің авторлық курсын құруды мақсат тұттым. Шет тілін үйренушілер үшін ыңғайлы және нәтижелі болатын бағдарлама маңызды. Сондықтан, өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп, қажетті кеңестер алдым. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау Бизнес» жобасына жазылдым. Оқуымды сәтті аяқтап, сертификат иемдендім. Комиссия мүшелерінің алдында бизнес-жобамды ойдағыдай қорғап, 555 600 теңгелік қайтарымсыз грантқа ие болдым, – деп атап өтті кәсіпкер.

Авторлық курс оқушыларға тілді бірден IELTS ағылшын тілінің халықаралық тестілеу жүйесіне бейімдеп үйретуге бағытталған. Кәсіби бағдарланған ағылшын тіліне мектеп оқушылары, студенттер мен ересектер қатыса алады. Курс қатысушылары ағылшын тілінде сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу дағдыларын шыңдайды. Бүгінгі таңда 52 қатысушы курсқа қатысып, сертификат алды. Кәсіпкер болашақта ағылшын тілін үйретумен қатар, шетелдік ЖОО-ға түсу бойынша қызмет түрін енгізуді жоспарлауда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 2,5 мыңнан аса жұмыссыз және жас кәсіпкер оқытылған. Жоба бойынша былтыр және биыл оқытылғандарды ескергенде 900-ге жуық бизнес-жоба гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алды.

Диас БЕЙСЕНБЕК,

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.