Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ТАЛҒАРДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІНДЕ АҚША ЖИНАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ ТАРАДЫ

09.09.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
ТАЛҒАРДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІНДЕ АҚША ЖИНАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ ТАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желі арқылы: “Талғар ауданына қарасты І.Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектеп биыл дәстүрлі форматта оқиды дегенге халық та, ата-ана да, мұғалімдер де қуанып едік. Мектептің ашылуы мұғалімнің қалтасына ауыртпалық түсіруде. Кабинетке жетпеген диспенсор, бір реттік стакан, маска, антисептик, кілемше, тіпті кварц, шелек, швабра бәрін өзіміз алып жатырмыз. Ешқандай ақша жиналмайды деп министр айтады. Бірақ оған құлақ асып жатқан директор жоқ”, — деген мәтіндегі хат келді. Мәселенің мән-жайына «Жетісу» газетінің тілшісі үңіліп көрді.

Хат иесінің айтуынша, кварц 33*4200 = 138600 теңге, термометр 33*3100 = 102300 теңге қаражатты жинап, өткізулері қажет болыпты. Мұның сыртында антисептикалық ерітінді, диспенсер, маска сынды заттары бар. Мәселенің анық-қанығына жету үшін алдымен Талғар аудандық білім бөліміне хабарластық. Бөлім басшысы Қарлыға Айсабекқызының ұялы нөміріне хабарласып ала алмаған соң әкімдік баспасөзіне телефон шалдық.

“Жаңалық ауылындағы І. Жансүгіров атындағы №37 орта мектепке жедел топ шықты. Бірінші, мектептегі қорғаныш жабдықтары тексерілді. Әр сынып ішінде және әрбір қабаттағы дәліздерде антисептиктер мен сұйық сабын толтырылған құтылар тұр. Мектепте тоннель, 5 тепловизор, 20 санитайзер, 50 литр антисептик, антисептикалық кілемшелер мен бес кварц лампасы бар. Аурудың алдын алуға бағытталған құралдар мемлекет есебінен қамтамасыз етілген. Қосымша тағы да 20 тепловизор, 40 санитайзер, 50 литр антисептик, 40 дана кварц лампасы мемлекет есебінен тағы да алынады. Яғни, аталған білім ошағы қорғаныш заттарымен толық қамтамасыз етілген”, — деді Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Аруна Ортай.

Оның айтуынша, Талғар ауданында 43 мектеп бар. Барлығына мемлекет есебінен 46 тоннель, 44 тепловизор, 44 кварц шамы, 44 антисептикалық кілемше, 1013 литр антисептик, 428 келі хлор сатып алынған. Тағы да қосымша 13 тоннель, 118 тепловизор, 1107 санитайзер, 1695 кілемше, 9120 литр антисептик, 149 кварц лампаларын мемлекет есебінен сатып алу жоспарланған екен.

Өз кезегінде қарапайым халық қажетті жабдықтарды өзіміз алып жатырмыз деп дабыл қағуда. Ал әкімдік болса, барлығы 100 пайыз дайын дейді. Қызығы, осы мәселеге кірісе бастағаннан соң ба, білім ошағында жоқ құрал-жабдықтар бір сағаттың ішінде бар болып шығады. Сондай-ақ, мектеп басшылығы тарапынан “қаржы жинамаймыз”, “қайтарып беріңдер” деген сарында хабарлама таратылады. Өз кезегінде қаражат жинау туралы хаттар бірінен соң бірі өшіріле бастайды. “Сасқан үйрек артымен жүзедінің” кері сияқты бұл әрекет.

Бұл Алматы облысында бірінші жағдай емес. Бұған дейін Панфилов, Жамбыл аудандарынан да осындай хабарлама түскен еді. Сондай-ақ, белгілі блогерлердің де парақшасында осы сарындағы ақпарат өріп жүр.

Айта кетерлігі, облыс бюджетінен мектептерді қыркүйек-желтоқсан айларында дезинфекциялық құралдармен қамту үшін 435 млн.теңге қарастырылған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде ақша жинау тоқтады деп баяндаған еді. Әкімдік қызметкерлерінің сөзіне сенсең, ондай дерек тіркелмеген. Оқырманға сенер болсақ, арнайы фонд ашылып, соған дезинфекциялы құрал-жабдыққа қажетті ақша жиналып жатыр. Сонда кімге сенеміз?

Еңлік АБАҒАН

Талғар ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.