Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТЕКЕЛІДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТЕНІП, БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

8 қыркүйек 2021
КҮНДЕРЕК
ТЕКЕЛІДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТЕНІП, БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт туралы хабарлама сағат 16.10-да келіп түскен. «Жоғары дәрежелі шақырту бойынша Текелі, Талдықорған қалаларының және Қарабұлақ ауылының өрт сөндіру бөлімшелерінің жасақтары дереу жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына белгіленген нормативтік уақытта келді. Пәтердің терезесінен жалын байқалды, сондай-ақ, барлау барысында тұрғындарды эвакуациялау жолдары қою түтін және ыстық болғаны анықталды. Өрт көрші пәтерлер мен ғимараттарға қауіп төндірді», — делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдай қызметкерлері бір мезгілде өртті сөндіре отырып, азаматтарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. «Өрт болған жерден 6 адам құтқарылды, оның ішінде, үшеуі бала. Сондай-ақ, жалпы тұрғын үйден 11 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт ғимараттың шатырына және көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Сағат 16.48-де 16 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді (3-қабатта, екі бөлмелі пәтер ішінде жиһаз бен зат жанды). Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», — деді өрт сөндірушілер.

Қазір өрт қалай шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы өрт-сынақ зертханасы жіберілді. Өртті сөндіруге 11 қызметкер, 4 техникасы, «Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, Текелі қалалық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.