Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БЕЙБІТ ӨМІРДЕ ҒАНА ҚҰЛШЫЛЫҚ МІНСІЗ ОРЫНДАЛАДЫ, ДІН ӨРКЕНДЕЙДІ

7 қыркүйек 2021
РУХАНИЯТ
БЕЙБІТ ӨМІРДЕ ҒАНА ҚҰЛШЫЛЫҚ МІНСІЗ ОРЫНДАЛАДЫ, ДІН ӨРКЕНДЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі – ұлттық құндылықтар. Ол белгілі бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттар жиынтығы. Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар дегеніміз — белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни, ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани байлық.

Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар жүйесі Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерінде тұжырымды түрде баяндалған. Бұлар – ұлтаралық келісім және ұлттар арасындағы бірлік, қазақстандық патриотизм, жоғары тіл мәдениеті, толеранттылық, тұрақтылық және жаңғырту.

Ұлттық құндылықтар көп жағдайда діни құндылықтармен үйлесім табады. Бұл, біріншіден, діндердің қоғам өмірін реттеу мақсатында қалыптасқан институт ретіндегі қызметімен үйлесіп жатса, екінші, жағынан көптеген ұлттардың дәстүрі өздерінің ата діні саналатын әлемдік немесе ұлттық діндердің аясында дамығандығымен де байланысты болады.

Ал қазіргі қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты жаңғырту, ана тіліміздің мәртебесін көтеру сынды ұлттық құндылықтарымызды өркендету – өзекті мәселелер қатарында. Осы ретте бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы отбасы екені даусыз. Бала санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарас пен қазақы тәрбиені, мәдени мұраларымыз жайлы түсініктерді сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастырған абзал.

Қай заманда болсын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болғаны да белгілі. Осыған орай қазақ халқы тілі мен дінін, салт-сана, әдет-ғұрпын сабақтастыра отырып ұрпақ санасына сіңіре білген. Ал дін құндылықтарының ішінде бейбітшілік пен келісім ерекше орын алады. Өйткені, бейбіт өмір ғана дін адамына Жаратушының алдындағы пенделік міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Зайырлы қоғам тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы тіптен өлшеусіз. Яғни, дін ісі де, дүние ісі де бейбітшілік жағдайында ғана көгеріп-көктейді. Осыны түйсіну өз кезегінде ел азаматтарын отансүйгіштік сезімге тәрбиелеп, елдік мұраттарға жетелейді. Өйткені, тыныштық, тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіпке, жүйеге негізделген біртұтас құрылым – мемлекет аясында ғана орнайды. Сондықтан да исламда «Отанды сүю – иманнан» делінеді, дінге қызмет – елге қызмет деп бағаланады.

Қорыта келгенде, біздің қоғам алдындағы мақсатымыз – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Әрине, тәрбие жан-жақты болғаны абзал. Дегенмен, «тәрбие – тал бесіктен» демекші, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіріуде отбасының орны орасан зор екені даусыз. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Ал шынайылыққа айналып, сара жолға түскен тәрбие – ішкі тұрақтылықтың тұғыры, рухани қауіпсіздіктің тірегі және бастысы – ұрпақтар сабақтастығының негізі.

Сағыныш ЖАҢАБАЙ,

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.