Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

13 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Осылайша, еліміздің конституциялық дамуында жаңа кезең басталып, 1995 жылғы Негізгі Заңның қолданысы тоқтатылды.

Жаңа Ата Заң мемлекеттің даму бағыттарын айқындап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға негіз болды.

Конституцияда мемлекеттің қызметіне қатысты негізгі қағидаттар жаңартылып, олардың қатары кеңейтілді. Атап айтқанда, Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты отаншылдықты дамыту, қоғамдық диалогты қолдау, еңбексүйгіштік, білім мен прогресс құндылықтарын орнықтыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тарихи-мәдени мұраны сақтау басым бағыттар ретінде белгіленді.

Сонымен қатар мемлекеттің Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлық сипаты, аумақтық тұтастығы мен басқару нысаны өзгеріссіз қалды. Адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновацияны елдің ұзақ мерзімді өркендеуінің негізі ретінде қарастыру конституциялық деңгейде айқындалды.

Конституция үстемдігі және заңдылық қағидаттары

Жаңа Конституция Негізгі Заңның ең жоғары заңды күшін және ел аумағында тікелей қолданылуын бекітеді. Барлық заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес қабылданып, оның талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

Сондай-ақ заңдардың уақыт тұрғысынан қолданылуына қатысты нормалар конституциялық құрылыс негіздерінің қатарына енгізілді. Азаматтардың жағдайын нашарлататын, оларға жаңа міндеттер жүктейтін немесе жауаптылықты белгілейтін және күшейтетін заңдардың кері күшіне тыйым салынды. Бұл талап мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.

Конституциялық заңдар арқылы реттелетін мәселелердің аясы да кеңейді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық жағдайы, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот пен сот жүйесінің қызметі, сондай-ақ арнаулы құқықтық режимдер енгізілді. Мұндай мәселелерді конституциялық заңдармен реттеу құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатысу тетіктері

Жаңа Конституция мемлекеттік институттар арасындағы өкілеттіктерді қайта қарастырып, заң шығарушы биліктің жаңа үлгісін қалыптастырды.

Осы өзгерістер аясында Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган ретінде құрылып, оған заң шығару бастамасы құқығы берілді. Бұл тетік азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Адам құқықтарын қорғау кепілдіктері күшейтілді

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында да бірқатар маңызды норма бекітілді. Атап айтқанда, қылмыстық процестегі негізгі кепілдіктер адамның бас бостандығы шектелген сәттен бастап сақталуға тиіс ажырамас құқықтар ретінде айқындалды.

Олардың қатарында нақты ұсталған кезден бастап қорғаушы көмегіне жүгіну құқығы, бас бостандығын шектеуге сот бақылауы, негізсіз ұстауға тыйым салу, жауап беруден бас тарту, өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы, сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы бар. Бұл нормалар халықаралық тәжірибеде «Миранда қағидалары» деп аталатын құқықтық кепілдіктермен де сабақтас.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу міндеті, зияткерлік меншікті қорғау, дербес деректердің қауіпсіздігі мен цифрлық құқықтарға кепілдік беру конституциялық деңгейде бекітілді. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың экологиялық жауапкершілігіне қатысты нормалар енгізілді.

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Конституциялық Сот өз қызметін жалғастырып, Негізгі Заңның үстемдігін, оның ең жоғары заңды күшін және конституциялық нормалардың біркелкі түсіндірілуін қамтамасыз етеді.

Осылайша, жаңа Конституция мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңартып, қоғамдық қатынастарды реттеудің жаңа қағидаттарын қалыптастырды. Оның басты бағдарларының бірі – адамды, оның қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тану.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Ата Заңның күшіне енуін еліміздің конституциялық дамуындағы маңызды кезең ретінде бағалап, барша азаматты осы тарихи оқиғамен құттықтады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.