Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

13 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды
WhatsAppTelegramFacebook

Ел экономикасындағы көлеңкелі сектор тарихиминимумға жетті. Бірақ кей өңірлер мен салаларда жағдай әлі де күрделі. Үкімет оны қалай өзгертпек?

Қазақстан соңғы он жылда көлеңкеліэкономиканың үлесін айтарлықтай төмендете алды. Алайда ақша айналымының бір бөлігі әлі де ресмиесептен тыс қалып отыр. Бұл әсіресе жекелегенөңірлер мен салаларда байқалады. Себебі мұндайжерлерде қалыптасқан жұмыс істеу тәсілдері баяуөзгеріп келеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бақыланбайтынэкономиканың үлесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 15,7 пайызын құраған. Елдің жалпы ішкі өнімі159,6 триллион теңгеден асқанын ескерсек, бұлшамамен 25 триллион теңгеге тең.

Бұл – қомақты сома. Алайда оның артында тек заңсыз бизнес тұр деп түсінуге болмайды. Бақыланбайтын экономикаға түрлі себептерменресми статистикаға енбей қалған заңды тауарлармен қызметтер де кіреді. Мысалы, кәсіпкерліктітіркемей жұмыс істеу, кірісті толық көрсетпеунемесе жалақыны конвертпен төлеу.

Соған қарамастан, ел экономикасы біртіндепкөлеңкеден шығып келеді. Соңғы он жылдабақыланбайтын сектордың үлесі 27,5 пайыздан15,7 пайызға дейін төмендеген. Яғни шамамен 12 пайыздық тармаққа қысқарған. 2025 жылғыкөрсеткіш тарихи ең төменгі деңгейге жетті.

Экономика қай өңірлерде әлі де көлеңкедеқалып отыр?

Өңірлер бойынша жағдай әртүрлі. Жалпы өңірлікөнімдегі бақыланбайтын экономиканың ең жоғарыүлесі Түркістан облысында тіркелген – 27,8 пайыз.

Одан кейін Жетісу облысы – 26,1 пайыз жәнеЖамбыл облысы – 25,7 пайыз көрсеткішпен тұр. Осылайша, ең жоғары көрсеткіштер негізіненеліміздің оңтүстік өңірлеріне тиесілі.

Ал Атырау облысында бақыланбайтын сектордыңүлесі небәрі 4,5 пайызды, Ұлытау облысында 5 пайызды құраған.

Мұны өңірлер экономикасының құрылымымен де түсіндіруге болады. Ірі кәсіпорындар мен орталықтандырылған есеп жүйесі басым өңірлердеесепке алынбаған қызметтің үлесі төмен болуымүмкін. Ал шағын шаруашылықтар, саудаорындары мен жеке қызмет көрсету саласы көпөңірлерде барлық экономикалық операцияныбақылау күрделірек.

Дегенмен бақыланбайтын экономиканың үлесіжоғары болуы оның барлығы қылмыстықәрекеттен тұрады дегенді білдірмейді. Статистика ресми есептілікте толық көрсетілмейтінэкономикалық қызметтің әртүрлі түрін қамтиды.

Сауда көлеңкеден шығып келеді, ал құрылыстакері үрдіс байқалады

Соңғы бес жылда ең елеулі өзгерістер қызметкөрсету саласында болған.

2020 жылы бұл сектордағы бақыланбайтынқызметтің үлесі ЖІӨ-нің 15 пайызын құраса, 2025 жылы көрсеткіш 11,1 пайызға дейін төмендеген.

Әсіресе сауда саласында айтарлықтай өзгеріс бар. Оның есепке алынбайтын бөлігінің ЖІӨ-дегі үлесі5,6 пайыздан 3,1 пайызға дейін қысқарған. Бұғанонлайн-кассалардың кеңінен енгізілуі, тауарлардытаңбалау және электронды сауданың дамуы ықпалеткен.

Қазір сатып алу-сату операцияларының көбіцифрлық із қалдырады. Демек, тауар айналымынжасыру да қиындай түсті.

Логистика саласында да осындай өзгерісбайқалады. Мұнда көрсеткіш 2,9 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендеген. Бұған жүк қозғалысынбақылауға мүмкіндік беретін цифрлыққұралдардың енгізілуі әсер еткен факторлардыңбірі болды.

Тауар өндіру саласында да оң динамика бар. Ауыл шаруашылығында бақыланбайтын қызметтің үлесі2,6 пайыздан 1,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 1,3 пайыздан 1 пайызға дейін азайған.

Алайда барлық салада бірдей оң өзгерісбайқалмайды.

Құрылыста керісінше, көрсеткіш 1,1 пайыздан 1,9 пайызға дейін өскен. Мұның бір себебі – құрылысжұмыстарының көлемі ұлғайғанымен, еңбекақысын бейресми төлеу сияқты схемалардыңсақталуы болуы мүмкін.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатыноперацияларда да өсім тіркелген: 0,6 пайыздан 1 пайызға дейін. Бұған тұрғын үйді кәсіпкерлікқызметті тиісті түрде рәсімдемей жалға беру ықпалетуі мүмкін.

Қонақүй және мейрамхана бизнесіндебақыланбайтын экономиканың үлесі 0,1 пайыздан0,5 пайызға, ақпараттандыру және байланыссаласында 0,4 пайыздан 0,6 пайызға, кәсіби жәнесараптамалық қызметте 0,6 пайыздан 0,7 пайызғадейін артқан.

Осылайша, бір салаларда экономикалық қызметашық бола түссе, енді бір бағыттарда мемлекеттікбақылауды күшейту қажеттілігі туындап отыр.

Статистикада заңсыз экономикалық қызмет жекеесепке алынады. Соңғы бес жылда оның үлесіЖІӨ-нің 1,7 пайызынан 1,1 пайызына дейінтөмендеген. Бұл көрсеткіш заңмен тыйымсалынған қызмет түрлерін қамтиды жәнебақыланбайтын экономика деген кең ұғымнанерекшеленеді.

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: қандайөзгерістер жоспарланып отыр?

Көлеңкелі секторды қысқартудың келесі кезеңіндебилік цифрландыруға басымдық бермек.

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған көлеңкеліэкономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешендіжоспарды бекітті. Оның негізгі мақсаты – әрбіроперацияны жеке тексеруге айналдырмай-ақ, тауарлар мен қаржы ағындарының қозғалысынбарынша ашық ету.

Ең ауқымды жобалардың бірі – Digital Bazaar. Ол шағын бизнес өкілдерінің едәуір бөлігі саудажасайтын базарлар мен сауда орталықтарынцифрландыруды көздейді.

Сонымен қатар міндетті таңбалауға жататынтауарлар тізімін кеңейту жоспарланып отыр. Бұлөнімнің жеткізушіден бастап тұтынушыға дейінгіқозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Өзгерістер ауыл шаруашылығын да қамтиды. Өсімдік шаруашылығында өнімнің егістіктенбастап дүкен сөресіне дейінгі қозғалысынқадағалайтын цифрлық жүйе енгізу көзделген. Мұндай тәсіл бүгінгі таңда статистикада толықкөрсетілмейтін өндіріс және өткізу көлемін есепкеалуға көмектесуі тиіс.

Мұнай-газ секторында мұнай өңдеу зауыттарыныңматериалдық-шикізат балансын автоматтандыружоспарланып отыр. Бұл жүйе кәсіпорынға келіптүскен шикізат көлемі мен өндірілген өніммөлшерін салыстыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде есепке алынбаған операциялардыңжолын кесу көзделген.

Логистика саласында KEDEN және e—CMRцифрлық платформаларын біріктіру жоспарланған. Бұл жүк қозғалысын бақылауды жеңілдетіп, құжатайналымының ашықтығын арттыруға тиіс.

Тағы бір бағыт – электрониканың заңсызимпортымен күрес. Ол үшін абоненттікқұрылғылардың IMEI—кодтарын тексеру жүйесінKEDEN платформасымен байланыстыру көзделген.

Осылайша, негізгі басымдық тек бақылаудыкүшейтуге емес, тауарлар мен операциялардың әркезеңдегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндікберетін бірыңғай цифрлық жүйе қалыптастыруғаберілмек.

2028 жылға қарай қандай нәтижеге қол жеткізукөзделген?

Билік бақыланбайтын экономиканың үлесін оданәрі қысқартуды жоспарлап отыр. Кешендіжоспардағы нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, оның ЖІӨ-дегі үлесі 2026 жылдыңқорытындысында 14,5 пайызға, ал 2028 жылы 13,8 пайызға дейін төмендеуге тиіс.

Ең үлкен нәтижеге қызмет көрсету саласында қолжеткізу көзделген. Бұл бағыттағы көрсеткішті 11,1 пайыздан 9,5 пайызға дейін азайту жоспарланыпотыр.

Сауда саласында бақыланбайтын қызметтің үлесін3,1 пайыздан 2,8 пайызға, логистикада 1,1 пайыздан 1 пайызға, кәсіби және сараптамалыққызметте жоспардағы 0,8 пайыздан 0,4 пайызғадейін төмендету көзделген.

Тауар өндіру саласындағы нысаналы көрсеткіш 4,6 пайыздан 4,3 пайызға дейін қысқаруға тиіс. Әсіресе құрылыс пен ауыл шаруашылығына баса назар аударылмақ.

Сонымен қатар Үкімет 2028 жылға қарай шағынжәне орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 38 пайыздан39 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Дегенмен негізгі міндет тек есептіліктегі әдемікөрсеткіштерге қол жеткізумен шектелмейді. Кәсіпорындар мен кәсіпкерлер неғұрлым көпресми жұмыс істесе, есеп айырысу, бәсекелестікжағдайы және еңбек қатынастары соғұрлым ашықбола түседі.

Қазақстан соңғы он жылда айтарлықтай нәтижегеқол жеткізді: бақыланбайтын экономиканың үлесішамамен 12 пайыздық тармаққа қысқарды. Ендігіміндет – цифрлық құралдар бизнестің көлеңкеденшығуына көмектесіп қана қоймай, кәсіпкерлергеартық кедергі келтірмейтіндей жүйе қалыптастыру.

 

Қатысты жаңалықтар

Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Бүгін, 10:10
Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Бүгін, 09:49
Халық үнінен нақты шешімге

Халық үнінен нақты шешімге

Бүгін, 09:43
Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.