Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
САЯСАТ
Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Республикамызда саяси-құқықтық жаңғырудың жаңа кезеңі басталды. Жалпыұлттық референдумда біртұтас халық қолдаған жаңа Конституция ресми түрде күшіне еніп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтерді. Аталған Негізгі Заңда ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарлары, азаматтардың конституциялық кепілдіктері мен мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісі айқын айшықталды. Осы тарихи құжаттың қарапайым оқырман үшін ең басты артықшылықтары мен нақты жаңалықтары қандай? Осы сұраққа бірге жауап іздейік.

Жаңа Конституцияның өзегінде ең алдымен адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Мемлекет өз қызметін толығымен азаматтың игілігіне бағыттайтын адамға бағдарланған модельді бекітті.

Құқықтық салада азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тікелей тыйым салынды. Аталған норма заңнамалық айқындықты арттырып, халықтың заңдарға деген сенімін нығайтады. Сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялар дамыған шақта жеке деректерді қорғау мен электрондық ақпарат алмасудың құпиялылығы конституциялық деңгейде қамтамасыз етілді. Киберкеңістіктегі әрбір тұрғынның дербес мәліметі мемлекеттік қорғауға алынып, қауіпсіздік кепілдігі күшейді.

Сонымен бірге Негізгі Заңда мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен немесе шешімдерінен келтірілген зиянды өтетіп алу құқығы азаматтарға тікелей берілді. Осылайша, мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігі артып, әрбір тұрғынның құқықтық қорғалу деңгейі жаңа сапаға көтерілді.

Мемлекеттік басқару саласында да түбегейлі институционалдық өзгерістер орын алды. Қос палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құрылды. Депутаттар біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен сайланып, саяси партиялардың қоғам алдындағы жауапкершілігі күшейе түседі. «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» қағидаты басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйеге Вице-президент конституциялық лауазымы енгізілді. Президенттің ұсынуымен және Құрылтайдың мақұлдауымен бекітілетін аталмыш лауазым билік сабақтастығын сақтап, басқару жүйесінің тұрақтылығын нығайтады.

Азаматтық қоғам мен билік органдарын байланыстыру мақсатында жоғары конституциялық консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды. Аталған кеңеске заң шығару бастамасы құқығы беріліп, халықтың талап-тілегін тікелей заңнамалық процеске енгізуге мүмкіндік туды. Түрлі қоғамдық және этномәдени бірлестік өкілдері кірген осы құрылым елдегі ашық диалогтың алтын көпіріне айналды.

Саяси реформалар тек орталық органдармен шектелмей, өңірлерді дамытуға бағытталды. Жергілікті мәслихаттардың бақылау функциясы күшейтіліп, ауылдық округтердің бюджеттері 442 миллиард теңгеден асты. Аталған қадам жергілікті билікті «просьба» режимінен «мүмкіндіктер» режиміне өткізіп, ауыл тұрғындарының мәселелерін орнында шешуге жол ашты.

Әлеуметтік салада мемлекеттік саясат әділеттілік пен сұранысқа негізделді. Қолдауға мұқтаж азаматтарға мекенжайлы көмек көрсетіліп, базодық қажеттіліктер минималды тарифтермен қорғалды. Сонымен бірге азаматтардың денсаулығы мен қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы конституциялық деңгейде бекітілді.

Жаңа Конституция «Заң мен Тәртіп» қағидатын, адами капиталды дамытуды, білім, ғылым мен инновацияны мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады. Ел дамуының негізгі ресурсы ретінде табиғи байлықпен қатар азаматтардың білімі, интеллектуалдық әлеуеті мен қоғамдағы әділеттілік деңгейі танылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы құрғақ ұран емес, басқарудың күнделікті тәжірибесіне айналды. Стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтанулық сауалнамасы бойынша респонденттердің 69,9%-ы мемлекет азаматтардың үнін естиді және мәселелерін шешеді деген пікір білдірген. Кері байланыстың орнығуы билік институттарына деген сенімді нығайтып, қоғамдағы әлеуметтік оптимизмді арттырады.

Түйіндей айтқанда, жаңа Конституция – елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз қалайтын берік заңнамалық тұғыр. Әділеттілік, жауапкершілік мен заң үстемдігін ту еткен Негізгі Заң әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға, құқықтарын сенімді қорғауға және елімізді жаңа даму белесіне көтеруге қызмет етеді.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
Ет қақтап, шұжық айналдырған

Ет қақтап, шұжық айналдырған

Бүгін, 09:00
150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.