Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ет қақтап, шұжық айналдырған

Бүгін, 09:00
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ет қақтап, шұжық айналдырған
WhatsAppTelegramFacebook

Табиғи шұжық өнімдерін дайындаумен айналысатын талдықорғандық кәсіпкер Айгүл Әділбек өз еңбегі мен табандылығының арқасында кәсібін дамытып, отандық өнім өндірушілер қатарынан көрініп жүр. Биыл ол «Бір ауыл – бір өнім» жобасының ақтық сынына жолдама алды. 

Кәсіпкер өткен жылы да аталған жоба аясында өз өнімдерін таныстырғанымен финалға өте алмаған еді.

Алайда алғашқы талпыныстың сәтсіз аяқталуы Айгүл Әділбекті жігерінен айырған жоқ. Керісінше, бұл оған өз жұмысын саралап, кемшіліктерін түзеп, жаңа белестерге ұмтылуға түрткі болды. Кәсіпкер уақытын өнім түрлерін жетілдіруге, арнайы семинарлар мен оқыту шараларына қатысуға, саладағы әріптестерінің тәжірибесін зерделеуге және кәсіби шеберлігін арттыруға арнады. Нәтижесі көңіл қуантады. Мәселен, бұрын 20-ға жуық өнім түрін ұсынса, бүгінде ассортименті 30-дан асты.

– Білімімді дамытып, кәсібімді өрістете бастадым. Әсіресе өнім түрлерінің сапасы мен дайындау технологиясына ерекше көңіл бөлдім. Биылғы нәтижем сол еңбектің жемісі, – дейді кәсіпкер.

Мамандығы технолог Айгүл Әділбек кәсібін үй жағдайында табиғи шұжық өнімдерін дайындаудан бастаған. Бастапқыда сүйікті ісі ретінде қолға алған жұмысы уақыт өте келе тұрақты кәсіпке айналды. Өнімдеріне деген сұраныстың артуы кәсіпкерді өндіріс ауқымын кеңейтуге және кәсіби тұрғыдан дамуға жетеледі. Сөйтіп, кәсібін одан әрі жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасына қолдау сұрап жүгінді.

Палата тарапынан көрсетілген ақпараттық-кеңестік қолдау мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу мүмкіндігі оның кәсібіне жаңа серпін берді. Жоба аясында Айгүл өз өнімдерін кеңінен таныстырып қана қоймай, тұтынушылардың сұранысын бағамдауға, басқа өндірушілермен тәжірибе алмасуға және бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды. Қазір кәсіпкердің алдында өндірістік қуаттылықты арттыру міндеті тұр. Өнім түрлерінің көбеюі өндірісті техникалық тұрғыдан жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан алдағы уақытта өнімділігі жоғары жабдықтар сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың айтуынша, шағын идеяның тұрақты кәсіпке айналуы – жобаның басты нәтижелерінің бірі. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы кәсіпкерлерге бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін табуға, кәсіби байланыстар орнатуға және өндірісті кеңейтуге дайындалуға көмектеседі.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.