Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Бүгін, 10:10
ЖАҢАЛЫҚТАР
Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Ашықдереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы энергетика саласын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды бағдар болды. 

Мемлекет басшысы саладағы өзекті мәселелерді ашық атап өтіп, 2029 жылға қарай елімізде электр энергиясының тұрақты профицитін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтты. Бұл жай ғана салалық көрсеткіш емес, экономикалық өсудің, индустрияландырудың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі. Президенттің әлемнің «электр энергиясы дәуіріне» қадам басқаны туралы сөзі ерекше маңызға ие. Шынында да бүгінгі таңда электр энергиясы барлық саланың даму мүмкіндігін айқындайды.

Электр қуатынсыз ірі кәсіпорындардың жұмысын, ауыл шаруашылығының дамуын, жаңа өндіріс орындарының салынуын, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуді елестету мүмкін емес. Экономика неғұрлым қарқынды дамыған сайын энергияға деген сұраныс та арта түседі. Демек, энергетикалық қауіпсіздік мемлекеттің тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып отыр.

Мемлекет басшысы ондаған жылдар бойы қордаланған мәселелерге де назар аударды. Табиғи ресурстарымыз мол болғанына қарамастан Қазақстан электр энергиясын тұтыну шарықтайтын кезеңдерде әлі де қуат тапшылығына тап болып отыр. Әсіресе қыс мезгілінде электр энергиясын көрші мемлекеттерден жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болуымыз энергетика саласында түбегейлі өзгерістер қажет екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда қиындықтарды айтумен ғана шектелмей, нақты шешімдерге көшу маңызды.

Мемлекет басшысы жүктеген міндет кешенді тәсілді талап етеді. Бұл тек жаңа электр стансыларын салумен шектелмейді. Сонымен қатар қолданыстағы нысандарды жаңғырту, электр беру желілерін жаңарту және заманауи технологияларды енгізу қажет. Жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қазақстанның күн және жел энергетикасы саласындағы әлеуеті зор. Осы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Сонымен бірге жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп, бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігін сақтау маңызды. Бұл бағыттар өңірлер үшін де ерекше маңызға ие.

Заманауи энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру инвестиция тартуға, жаңа кәсіпорындар ашуға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сенімді электрмен жабдықтау ауылдық елді мекендер үшін де аса қажет. Өйткені әлеуметтік нысандардың жұмысы, шағын бизнестің дамуы және тұрғындардың күнделікті тұрмыс жайлылығы электр энергиясына тікелей байланысты.

Түптеп келгенде, атқарылған жұмыстың нәтижесі тек миллиардтаған киловатт-сағатпен өлшенбейді. Одан да маңыздысы – өндіріс орындарының үздіксіз жұмыс істеуі, әрбір үйдегі жылу мен жарықтың тұрақтылығы, халықтың ертеңгі күнге деген сенімі. Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігінің шынайы құндылығы да осында.

Марат ИМАМАДИЕВ
«Текелі энергетикалық кешені» ЖШС бу-газ қондырғысының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30
Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Энергетикалық тәуелсіздік нығаяды

Бүгін, 10:10
Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Бүгін, 09:49
Халық үнінен нақты шешімге

Халық үнінен нақты шешімге

Бүгін, 09:43
Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.