Талдықорған: +18°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІЛІМДІ ҰЛТ — КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

25.08.2021
КҮЛТӨБЕ
БІЛІМДІ ҰЛТ - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздар алдында тұрған міндеттерді саралап, балаға берілетін білім мен тәрбиені пысықтауда білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясының орны бөлек. Дәстүрлі жиын биыл онлайн режимде өтіп, оған облысымыздың барша ұстазы қатысып, сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды.


Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, қоғам қайраткері Зағипа Балиева, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева арнайы қатысты. 

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында негізгі баяндаманы жасап, өткен оқу жылының қорытындысын саралап, жаңа оқу жылында орын алатын өзгерістерді атап өтті. 

Биыл мектептерде оқу процесі санитарлық шектеулерді сақтай отырып, штаттық режимде жүргізіледі. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Оқыту мерзімі жазғы мектеп есебінен 4 аптаға ұзартылады. Сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. «Бір сынып – бір кабинет» жүйесі қолданылады. Барлық білім беру ұйымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталады. Атап айтсақ: күнделікті термометрия, желдету, дезинфекция, «Ashyq» жүйесін қолдану, мұғалімдер мен қызметкерлерді 100% вакциналау. Бүгінгі күні жалпы педагогтардың 96%, техникалық қызметкерлердің 93% вакцина алды, – деген Жаңыл Мағданқызы алғашқы қоңыраудың да қалай өтетінін айта кетті. 

– Жаңа оқу жылында 1-сыныпта «Әліппе», «Ана тілі», «Цифрлық сауаттылық» пәндері енгізіледі. 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны ұйымдастырылып, «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Ал 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтеді.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ, оқушыларға классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі. Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасын сатып алуға 414 850 мың теңге қаржы бөлінді. Білім беру ұйымдары жоқ 66 елді мекенде оқушыларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 71 автобус сатып алынды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 43 автобус сатып алу үшін сұраныс берілді, – деп білімге жасалып жатқан қолдауды да кеңінен атап өтті. 

– Облыс бойынша оқу жылының соңына білім сапасы 65,6%-ды құрады. (2019-2020 оқу жылының соңына – 65,4%). 
Ағымдағы жылы пандемия, шектеу шаралары кезінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында 595 мектепте ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша 107 061 (27%) оқушыға «Жазғы мектеп» жұмысы жүргізілді. 

Өткен оқу жылында педагогтар арасында цифрлық контентті пайдалануда біршама қиындықтар туындады. Бүгінде дәстүрлі форматқа көшсек те, педагогтар оқыту процесінде қашықтан оқыту технологиялары мен сандық білім беру ресурстарын тиімді қолдана білуі қажет. Осыған орай қазіргі таңда облыстағы 45 мыңнан астам педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырып жатқан «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн оқыту курсынан өтуде.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі, – деді ол.

Біліммен қатар тәрбиенің де маңыздылығына тоқталған Жаңыл Мағданқызы бүгінгі күнде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екеніне де назар аударды. Өткен жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында кәмелетке толмағандармен 97 қылмыс тіркелсе, биылғы қаңтар-шілде айларында 69 қылмыс орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 28,9 %-ға төмендеген. Алайда, ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көбейіп отыр. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында кәмелетке толмағандарға қатысты 112 қылмыс тіркелсе, 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 117 қылмыс орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда   4,5 %-ға өсіп отыр. 

Өткен жылдың 6 айында кәмелетке толмағандармен 16 аяқталған, 11 суицидке ұмтылу фактілері тіркелсе, 2021 жылдың 6 айында оқушылардың онлайн режимінде білім алуына қарамастан 15 аяқталған, 7 ұмтылу дерегі орын алып, былтырмен салыстырғанда 18,5%-ға төмендеген.

Басқарма тарапынан орын алған суицидтік әрекеттерді зерделеу барысында суицидке бейім немесе тәуекел топтарындағы оқушылармен жұмыс істейтін педагог-психологтардың біліктіліктері мен дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасының арасындағы байланыстың төмендігі негіз болып отырғаны анықталған.

 Балаларға адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтарға бағытталған тәрбиеде қосымша білім беру ұйымдарының алатын орны ерекше. Облыста 39 қосымша білім беру ұйымы және 29 сауықтыру лагері жұмыс істейді. 

Жалпы білім беретін мектептерде сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін 8380 спорт секциясы мен үйірмелерге қызығушылықтары бойынша 295 062 бала (69%) қатысады. Ағымдағы жылдың соңына дейін балаларды спорт секцияларына қамту көрсеткішін 73%-ға жеткізу жоспарланғай.

Спортпен айналысу қолжетімділігін қамтамсыз ету үшін ағымдағы жылдан спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіліп отыр. Білім алушылардың жан-жақты қажеттілігін қанағаттандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері мектепке дейінгі ұйымдарда аптасына 2 сағат, мектепте аптасына 3 сағат, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында аптасына 4 сағат тегін секция жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Облыс бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2726 бала бар. Оларға арналған денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесіндегі ұйымдарда 347 бала тәрбиеленуде.

Елбасы мен ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласында осы санаттағы балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамытуға, балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын қысқартуға бағытталған.
Облыста соңғы екі жылда отбасылық типтегі 9 балалар үйі ашылып, патронаттық тәрбие дамыған. 

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 569 бала 2015-2020 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан баспанамен қамтылған.
Баяндамашы кәсіптік білім беру, кадр тапшылығы мәселелеріне де тоқталып, ветеринария, құрылыс, фермерлік шаруашылық, ақпараттық жүйелер сияқты салаларда маман жетіспеушілігі бар екендігін атап өтті. Қазіргі кезде Web-дизайнер, туризм және қызмет көрсету саласын дамытуда аспаз, кондитер, қонақүй және туризм шаруашылығының менеджері мен нұсқаушы мамандықтарына сұраныс артып, осыған орай ағымдағы оқу жылында аталған мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көбейгенін жеткізді.

Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында биылғы оқу жылынан бастап барлық колледждер оқу үрдісі модульдік-кредиттік технологиялар негізінде жүргізілмек. 

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша республика колледждерінің арасында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүргізген рейтингте Талдықорған жоғары политехникалық колледжі бірінші орынды иеленіп, ең үздік он ұйымның қатарына еніп отыр. 

Білім саласындағы өзге жаңалық, жаңашылдықтармен жарыссөзге шыққан ұстаздар қауымы да жаңа оқу жылында алға қойған бағыт-бағдарларымен бөлісті.
Конференция жұмысын облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қорытындылады. 

– Биылғы жылы білім саласының бюджеті 312 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 30 млрд. теңгеге артып отыр. Демек, облыс бюджетінің 40 пайызын құрайды. Бұл үлкен қолдау.

Облыста мектепке дейінгі білім беруді дамыту – басты назарда. Осыдан он жыл бұрын облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 21%-ды құраса, бүгінде бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізу арқылы қамту көрсеткішін 98%-ға дейін жеткіздік.

Жыл соңына дейін қосымша жекеменшік балабақшалар ашу арқылы бұл көрсеткіш 99%-ға жетеді. Облысымызда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиемен қамту деңгейін көтеруге жеке меншік сектордың қосқан үлесі зор. 

Қашықтан білім беруде барлық жағдай жасалып, компьютерлер жеткілікті дәрежеде сатып алынды. Облыстың барлық оқу мекемелері қорғаныш құралдарымен қамтылатын болады. Мектептер толықтай «Ашық» жобасына тіркелді. 

Мемлекеттің қолдауымен биыл 41 білім беру мекемесіне құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның 18-і үшауысымды мектептердің орнын баспақ. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,5 млрд. теңге бөлінді. 

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан үшауысымды мектептер мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Облысымызда мұндай 49 мектеп бар. Үшауысымды мектептерді жою мақсатында салынып жатқан 18 мектептің 7-еуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, 11-і келесі жылға қалдырылады. 

Осы жылы 21 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 7,7 млрд. теңге бөлінді, жаңа оқу жылы басталғанға дейін 12 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 9 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Өткен жылы 4 студенттер үйі салынып пайдалануға берілсе, биыл Талдықорған саз колледжі жатақханасының құрылысы басталмақ, – деді. ол.

Бұдан соң биылғы жылы үздік жетістіктер көрсеткен ұстаздардың есімін атап, еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген бірқатар педагогтың «Еңбек ардагері», «Ы. Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталғанын жеткізді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын да бірқатар ұстаз иеленді.

Алма ЕСЕНБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.