Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

КІТАПҚҰМАРЛЫҚ АУРУЫ ӨЗІҢМЕН БІРГЕ КЕТСЕ, СОЛ ӨКІНІШ! АҚЫННЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

22.08.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
КІТАПҚҰМАРЛЫҚ АУРУЫ ӨЗІҢМЕН БІРГЕ КЕТСЕ, СОЛ ӨКІНІШ! АҚЫННЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осы кезге дейін кітап оқыдық, сұрап алдық, сатып алдық, қадірлеп басқалар сыйлады. Үйімізге әйтеуір бір «КамАЗ» болмаса да, бір жеңіл көлікке жүк боларлық қағаз жиналыпты. Шынында көбін оқыдық. Соның нәтижесі болар, жазып жүрміз, сөйлеп жүрміз. Естігенің бір бөлек, көргенің бір бөлек. Соның ішінде, оқығаның озық.

Осы кітапқұмарлықтың ауруы өзіңмен бірге кетсе сол өкініш болатын секілді. Балаларыңның арасынан кітап оқитын, қағаз кеміріп, сөреге қарайтын адам болмаса, шынында өкінішті болмақ! Сенің жолыңды жалғап, ең кемі бір балаң кітапты сүймесе, қазынаң қараусыз, байлығың жинаусыз қалғанмен бірдей деген сөз.

Мұны айтып отырған себебім, осыдан бірнеше күн бұрын маған бір апам хабарласты. Ол апам жақсы көретін жазушы ағамның Құдай қосқан жары еді. Жазушы аға осыдан он жыл бұрын өмірден өтіп, артында жазған шығармалары, сөреде жинаулы кітаптары қалды. Апам он жыл бойы қарады, күзетті, шаңын сүртті, тазалап ұстады.

Енді, міне, өзі де қартайды. Немерелер өсті, үйдің тарлығы сезілді. Сөренің белін қайыстырып тұрған көп кітапты он жыл бойы бір бала келіп бетін ашпапты. Қолда телефон тұрғанда кітапты қайтсін! Фотоаппарат, сағат, видеокамера, газет, интернет, кино. Бәрі сонда, кітап кімге керек?! Тек телефонға тесілген халық. Міне, мен де шұқшиып жазып отырмын. Жалпы, жағдай осы, кітап ығысып, қазына қожырап барады.

Сонымен, ардақты апам шақырған соң бардым. Ағаның еңбектерін бірыңғай бөліп, өзіне жинап қойыпты. Архивке өткіземін деп бір бөлігін, кітапханаға деп бір шоғырын, мектепке деп бір бұрышқа, маған деп тағы бір үймегін жинап қойыпты. Үйдің бұрыш-бұрышының бәрі аузы-мұрны толып тұрған қағаз жәшіктер.

Апам: «Он жыл сақтадым, қызыққан бала жоқ. Жуықта қатты ауырдым, басыма не түрлі ой келді. Мен өлсем, мынау кітаптар көрінген жерде қалады. Қоқысқа апарылатын шығар. Онанда көзімнің тірісінде баратын жерлеріне өз қолыммен жіберейін деп реттедім, сорттадым. Сені ағаң жақсы көретін еді, өз үлесіңді ал!» — дейді.

Мұншалық көп кітапқа қолым жеткеніне әрине қуандым. Бірақ қатты қамығып, уайымдадым. «Өгізге туған күн бұзауға да тумай ма?» Осы ақын-жазушылардың шаңырағында кітап оқитын, әкесінің қол табы қалған, көз майы төгілген кітаптарын оқитын ұрпақ бар ма? Әй, кім біледі? Артында мұрагері болып, «артық білімді кітаптан іздейтін» перзент табылар ма?

Қаламгердің бәрі Қадыр Мырзалиев емес, іздеушінің бәрі оралдықтардай қайдан бола алсын?! Батыс Қазақстан облысы әкімдігі (Донеділ Қажымов ағаның түрткі болуымен) Алматыдағы Қадыр ақынның үйіндегі бар кітапты бір парақ қағазына дейін шашау шығармай, Орал қаласына көшіріп апарып, Қадырдың мұражайына орналастырып экспонат ретінде тіркеп, жинатып қойды.

Міне, ел, міне, жанашыр! Ал, мен болсам, мынау жетісулық жазушының жарты машина кітабын төртінші қабаттан тасып, көлікке тиеп жатырмын. Ұлы да шығарысып жүр. Кітабым көбейді, десе де, оның бәрін сүзіп шығуға уақытым жетер ме екен?! Ертеңгі сондай бір күндері… осы кітаптарға жанашырлық танытатын біреу болса ғой! Машина жүргізіп келе жатқан балам: «Кітаптар ауыр екен, машинамның арты жатып қалды», — деді. Менің санама түскен салмақ одан да ауыр. Көңілім көтерілудің орнына, жер бауырлап жатып барады.

Ей, менің жанымның нұры, жүрегімнің бөлшегі болған перзентім, болашақта сен әсте мынандай кітаптарды керексіз зат ретінде елге үлестіруші болма!

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

«Facebook» парақшасынан

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026
«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.