Талдықорған: +24°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ

13.08.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің 30 жылында  елімізде ғасырға бергісіз жаңалықтар болды деп айта аламыз. Ең бастысы, әлемді мойындатқан елге айналдық. Әлбетте, Елбасы саясатының арқасында Қазақстан халқының әл-ауқаты жақсарып, экономикалық дамуы еселене түсті. Иә, бұл тарих үшін қысқа мерзім болса да еліміз биік белестерді бағындырып келеді. Мақсатымыз айқын, жоспарымыз жүйелі болғандықтан озық елдермен тереземіз теңелді. Хош, тарихымыз жаң­ғырмай рухани кемелденуіміз екіталай. Сол абыз тарихтың аманатын арқалау әрбір қазақ баласына серт. Ол дегеніміз – елдікке сену, дәстүрлі дінімізді құрметтеу, ұлттық болмысымызбен алға басу.


Қазақстан бүгінде конфессияаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені ретінде әлемге танылды. Қазақ халқының сыйластыққа негізделген тарихи тәжірибесі, мейірімділігі мен төзімділігі, осы құндылықтарға негізделген салиқалы ұлт саясаты еліміздің тұрақты дамуына негіз болып отыр. Сондай-ақ, әртүрлі этнос­тар мен мәдениет өкілдерімен қатар алуан түрлі діндерді ұстанушылар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім қоғамның негізгі біріктіруші күші және мемлекетіміздің алға қадам басуының кепілі. Мұның барлығын айтып отырған себебім, қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Толеранттылықты жөн көретін кеңпейілді қазақ елі осы күнді ұйымшылдықпен атап өте отырып, рухани келісімді одан әрі жан-жақты нығайтуда.

Конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау жолында біздің облысымызда көп жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңдағы әртүрлі ұлттар мен діндердің татулықта, ауызбіршілікте өмір сүруі, діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік органдар мен қоғамның, дін қызметкерлерінің тынымсыз жұмысының анық нәтижесі деп білеміз. Сондай нәтижелі жұмыстың бірқатары дін қызметкерлері тарапынан пандемия кезінде өте жоғары дәрежеде көрінді. Коронавирустық инфекцияның таралуы барша халыққа үлкен ауыртпалық түсіргені рас. Десек те, халықтың ауызбіршілігін нығайтудағы қайырымдылық жұмыстарда қоғам белсенділерінің қатарында дін қызметкерлерінің де еңбегі ерекше болғанын атауға негіз бар. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы және Талдықорған өңірлік өкілдігі тарапынан 7 мыңға жуық тұрғын азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, «Зекет берекеті» акциясы мен «Құрбан айт» мерекесі аясында мұқтаж жандарға үлкен көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта да Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және оның өңірлердегі филиалдарының алдында аса маңызды, ерекше жауапты жұмыс тұр. Ол еліміздегі мұсылман үмбетін «қолда бар алтынымыздың» қадірін білуге, оны қастерлеуге шақыру, бабалар мұрасы – асыл дінімізді  көздің қарашығындай сақтауға үйрету. Оған қоса, Ислам дінін ұстанушы азаматтарымыздың діни білімін арттырып, ғаламдық сұраныстарға лайықты жауап бере алатын сапалы үмбет тәрбиелеу де кезек күттірмейтін шаруа. Осы мақсатта «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы ретінде халқымыздың ұлттық рухани мұрасы мен құндылығын жаңғыртып, кеңінен насихаттауға жол ашады деген сенімдеміз.

Қазіргі таңда зайырлылық сөзі көп қолданылады. Бірақ радикалды ұғымды ұстанатын топтарды насихаттайтын интернет желілерінде айтылған пікірлер бойынша зайырлылық дінсіздік деген ойға саяды. Сондықтан ондай жандарға пікірде адасқандығын, зайырлылықтың идеология еместігін дұрыс түсіндіруіміз керек. Зайырлылық ұғымын бүгінгі таңда өзіндік негізгі мағынасынан алшақтатып, атеизмге не агностицизмге негізделген қоғамға таңуға ұмтылып жүрген ұстанымдар ықпалымен зайырлы қоғамда «дінге орын жоқ», «зайырлылық пен дін арасы бөлінген», «дін қызметкерлері зайырлы қоғамның толыққанды мүшелері ретінде зайырлы мемлекеттің қатардағы азаматтары қатарында қызмет атқара алмайды» деген секілді жаңсақ түсініктер қалыптасып үлгерген.

Ең дұрысы, жастардың бойына діни сауатты жастайынан сіңіруді ойластыруымыз жөн болар. Сыйластық, діни диалог сияқты құндылықтар бала санасына жастайынан сіңсе ғана оған өмірлік жолдас дұрыс бағдар болары даусыз. Біз бүгінгі жастарға ислам дініндегі «Отан», «ұлт», «жиһад» ұғымы, сондай-ақ, «халал мен харам», «күнә мен сауап», «дін мен дәстүр», «мемлекет пен дін» сияқты тақырыптар төңірегінде кеңірек мәліметтер беріп, жан-жақты түсіндірсек, алдағы уақытта елімізде ислам дінінің түсініктерімен байланысатын экстремизм мен терроршылдық пиғылдағы іс-әрекеттер болмайды деген сенімдемін.

Еліміздің тыныштығын, тұрақтылығын, бейбітшілігін көздің қарашығындай сақтау – әрбір қазақстандықтың басты парызы. Бұл жолда әркім өзіне қатысты саланың жұмысына мұқият болуы тиіс. Ел ішіне іріткі салып, мемлекет іргесін бұзуды қалайтын пасық пиғылдыларды анықтау – заман талабы. Сол себепті, әскерилердің де діни сауаттылығын арттырып, теріс діни ағымның жетегінде кетіп қалмауын қадағалау керек.

Бүгінде елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша үлкен талаптар қойылып отыр. Оның үстіне «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» бойынша қолға алынған жұмыстардың ауқымдылығын, мақсатын, жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Соған орай облыстық дін істері басқармасы Талдықорған әскери гарнизонының құрамында бірнеше әскери бөлім басшыларымен бірлесіп, әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер мен әскери қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, екіншіден, кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында өзара меморандумға қол қойып, ауқымды жұмысты бастағаны құптарлық іс. Жетісу жеріндегі әскери бөлімдерде азаматтық борышын өтеп жатқан жас жауынгерлердің адаспауы үшін дұрыс бағыт беру, теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру – біздің міндетіміз. Өйткені олар ең алдымен елді, сосын басқаны қорғаулары керек.

Еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан діни факторларды үйлестіре жүргізу бүгінгі саясатымыздың негізі болып табылады. Мемлекетіміздің қуатты, рухани діңгегі берік болуына және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда бюджеттік және мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлердің қосатын үлесі ерекше. Осы жолдан таймай елдің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін барынша еңбектене берейік.

Ершат АНДАС,
облыс бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас маманы           

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.