Талдықорған: +34°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
КҮНДЕРЕК, Төтенше жағдай
Қауіп сақтықта сейіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Жаз басталғаннан құтқарушылардың һәм төтеншеліктердің жұмысы еселейді. Себеп – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал қауіптің қамсыз жүрген шақта бой көрсететін әдеті. Оның үстіне қарапайым қауіпсіздік ережесін қаперге ілмейтіндер қатарда жүр. Болмайтын дүниедей көрінер, төтеншеліктер жиі ескертеді. Бірақ көптің әдеті ескертпені ескермейді, болмайды дегенді болдыруға тырысады. Баспа десе басамыз, аспа десе асамыз. Басқасын айтпағанда, «Ти десем тимейді, тиме десем тиедінің» кері әйтеуір. 

Күн қызғанда көптің суға асығатын әдеті. Тән рахаты – судан. Бірақ қаперсіз қалуға тағы болмайды. Қалтафонға әлсін-әлсін кеп жатқан хабарламаға назар аудару да қажет. Бір ғана мысал, жуырда өңір құтқарушылары Алакөл жағалауында 9 адамды қауіп «тырнағынан» құтқарды. Көлге демалуға шыққанда дауыл тұрып, өз күштерімен жағалауға жете алмаған. Абырой болғанда Ақши ауылындағы жедел-құтқару жасағы мен Алакөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дабылға дереу қимылдап, өз міндетін орындады. 9 адам – бір отбасы. Сол шаңырақтың ересектері телефондағы ескертпені ескергенде, ешкім мұндай құр әлекке қалмас еді.

Өңірде жалпы 43 ірі су айдыны бар. Бірақ шомылуға рұқсат етілгені – 3-еу. Биыл осы демалыс аймақтарына 2 млн. адамнан астам турист келеді деп күтілуде. Демек төтеншеліктердің жұмысы еселейді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ілияс Ержанатұлының айтуынша, құзырлылар қарымды қарекетте. Сөзіне сенсек, демалысқа барған ересектер баланы қараусыз қалдырмаса екен деген тілегі бар.

 – Қазір барлық жағажайда бала көп. Ата-аналар оларды қараусыз қалдырмаса. Себебі олар тек біреудің баласы емес, еліміздің келешегі. Күнделікті дағдыға сай мұнда бекітілген мамандар балаларға суға шомылудың ережесін түсіндіруде. Қауіп төніп, жүзе алмай батқан баланы құтқару тәсілдері, қауіпсіздік шаралары сол балалардың өздеріне тікелей көрсетілуде, – дейді ол.

Төтеншеліктер қауіпсіздік шарасын барынша күшейткенімен өңірде 2 қайғылы оқиға тіркелді. Айдың-күннің аманында 3 бала қаза тапты. Мұның бәрі ересектердің қамсыз жүруінен орын алып отыр. Құзырлылар қаперсіз жүрген 25 адамды әкімшілік жауапкершілікке де тартқан. Шомылу маусымы жуырда ғана басталғанын ескерсек, бұл бас шайқатар сандар.

Жалпы, 3 жаппай шомылу айлағында жұмыс қызу. Құтқарушылар ұйқысыз сәттерді өткеруде. Мәселен, Ақши ауылының құтқару бөлімшесінде 14 қызметкер бар. Құзыреттілердің айтуынша, күн сайын 9 құтқарушы тұрақты қызметте. Олардың 3-еуі тәуліктік кезекшілікке түседі, 6-уы таңнан кешке дейін 22 шақырым жағалау бойында күндізгі және түнгі патрульдеу жүргізеді. Олардың 4-еуі Талдықорған қаласындағы құтқару бөлімшесінен іссапармен барғандар. Алакөлдегі құтқарушылар 15 моторлы қайықпен қамтылған. Бүгінде жағалауда 30 құтқару мұнарасы, 7 пирс және 13 шақырым қалқыма қоршау желісі орнатылған. Ақши ауылында жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған 34 бейнебақылау камерасы орнатылып, қауіпсіздік талаптары автоматты түрде хабарланады. Сонымен қатар қосымша күш ретінде Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі тарапынан 3 әскери қызметші жағалауда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алакөл көлінде орналасқан «Жалын» және «Жансая» балалар сауықтыру лагерьлерінде құтқарушылардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Ал Лепсі ауылының құтқару бөлімшесінде 13 қызметкер бар. Балқаш көліне күн сайын 5 құтқарушы қызметке жұмылдырылады. Оның ішінде 2 қызметкер тәуліктік кезекшілік атқарса, 3 қызметкер Балқаш жағалауының 12 шақырым аумағында күндізгі және түнгі патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың құзыретіне 11 моторлы қайық берілген.

Облыстық полиция департаменті де шомылу маусымына орай жағажайларға бет алған көліктердің артқанын алға тартуда. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақыруда. Құқық қорғаушылар да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін профилактикалық шараларды күшейткен. Айтуларынша, қауіпсіз жылдамдықпен жүру, арақашықтықты сақтау, қауіпті маневрлерге жол бермеу, шаршаған күйде көлік басқармау және қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу сынды ескертпелерді жиі еске салып тұрады. Сондай-ақ балаларды тасымалдау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді, балаларға арналған арнайы ұстау құрылғыларының болуы тиіс екенін де ескертеді.

Жалпы, аймақтағы су айдындарында күнделікті 13 мобильдік топ жұмыс істейді. Олар арнайы белгіленген жағалау аумақтарында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тек демалушылар төтеншеліктердің ескертпесін ескерсе…

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.