Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БИЗНЕСТІ ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ? АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҮКІМЕТКЕ ЕСЕП БЕРДІ

3 тамыз 2021
КҮНДЕРЕК
БИЗНЕСТІ ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ? АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҮКІМЕТКЕ ЕСЕП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында 124,8 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Соның 1,2 мыңы биылғы жылы ашылды. Осы салада 262 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Бизнесті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы туралы» мәселе бойынша сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ айтты.

А.Баталовтың айтуынша, індет жағдайына қарамастан, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі ұлғайып келеді. 2020 жылы өсім 1,4 процентті құрап, 34 процентке жетсе, биыл 34,3 процентке жеткізу жоспарланып отыр.

— Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар кәсіпкерлерге елеулі қолдау болды. Бизнестің 928 субъектісі 2,5 млрд.теңгеге салық жеңілдігін алды, 418 субъектінің 3,2 млрд.теңге сомаға кредиттері кейінге шегерілді. Мемлекеттік меншік объектілерінде жалдау ақысын есептеу тоқтатылды. Бұл жеңілдікті 219 шағын және орта бизнес субъектісі 50,8 млн.теңге сомаға пайдаланды, — деп атап өтті А.Баталов.

Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдай туғызған. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша биыл 24 млрд.теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Сол сияқты облыс әкімі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында қосымша 11,8 млрд.теңге бөлінгенін де айтты.

— Соның есебінен 2,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуді, 5 мың жұмыс орнын құруды, 7 мың жұмыс орнын сақтап қалуды жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Алматы облысында қазіргі уақытта 12,3 млрд.теңгеге 1,4 мың жоба қаржыландырылды, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 87,5 млрд.теңгеге 267 жоба қаралып жатыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.