Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕҢІЛІСТЕН КӨЗ АШПАДЫҚ: ҚАЗАҚТАРҒА ТОКИОДАН АЛТЫН БҰЙЫРА МА?

02.08.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕҢІЛІСТЕН КӨЗ АШПАДЫҚ: ҚАЗАҚТАРҒА ТОКИОДАН АЛТЫН БҰЙЫРА МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір ХХХІІ Токио Олимпиадасының нағыз қызған шағы. Доданың аяқталуына небары бес күн қалды. Әзірге ел қоржынына үш қоладан басқа медаль түспеді. Десе де қазақ жанкүйерлері Олимпиада алауы сөнгенше жарыс жолына шығатын спортшыларымыздың жолын тосып, сары алтынды күтетіні анық. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Демалыс күндері өткен жарыс күніне тоқталайық. Елімізге жүлдемен оралады деген саңлағымыздың бірі – бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) Олимпиаданың жартылай финалына шықты. Ширек финалда күрзі жұдырықты қазақтың былғары қолғап шебері ресейлік Иван Верясовпен жұдырықтасып, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бірақ алтыннан алқа тағынып, Гимнімізді Токио төрінде шырқатады деп сенген 75 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эберт Соузаға ұтылып қалды. Кездесу тартысқа толы болды. Әбілхан барын салды. Бірінші раундта бразилиялық мықтылығын дәлелдесе (2:3), екіншісінде қазақ боксшысы басым болды (3:2). Бірақ шешуші раундта бразилиялық боксшы жеңді (1:4). Осылайша үш раунд қорытындысы бойынша Соуза төрешілердің шешімімен (3:2) ұтты.

Есесіне Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов франциялық Биллал Бенаннан (5:0) басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Ол испаниялық Габриэль Эскобармен жұдырықтасады. 63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин де ширек финалда. Оның қарсыласы жапониялық Даисуке Наримацу жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Сөйтіп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.

Әбжіл әдісті балуандарымыз Олимпиаданы сәтсіз бастады. Грек-рим күресінен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Демеу Жадыраев жапониялық Шохей Ябикуға (3:5) жеңіліп қалды. Егер Шохей жартылай финалға шығатын болса, біздің балуан жұбату кездесуінде белдеседі.

Мейрамбек Айнағұлов та алғашқы кездесуінде сүрінді. Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке (8:0) есе жіберді.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Элмира Сыздықова ширек финалға шыға алмады. 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен балуан қызымыз қырғызстандық Айпери Медетқызынан айласын асыра алмады.

Жеңіл атлетикада да жетістікке жеткендер жоқ. Үш қарғып секіруден үш Олимпиада қатарынан орын алған (2008 күміс, 2012 алтын, 2016 қола) Ольга Рыпакова олжалы болмады. Ол іріктеу кезеңінде 13,69 метрге секіріп, ақтық сыннан құр қалды. Ольгамен қатар өнер көрсеткен Мария Овчинникова мен Ирина Эктова жарыс жолынан шығып қалды. Сайыс қорытындысы бойынша олар 26-шы және 31-орынға тұрақтады.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими еркін жаттығу бойынша Олимпиадада бесінші орынға табан тіреді. Финалда Милад 14.133 балл жинап, жақсы нәтиже көрсеткенімен жүлдегерлер қатарына ілінбеді.  Десе де,  гимнастикада  бесінші орыннан көріну – жаман емес.

Каноэде 1000 метрге жүзуден ел намысын қорғаған Сергей мен Тимофей Емельяновтар 3:49.079 уақытымен жарыс жолын төртінші болып аяқтап, жартылай финалға шыға алмады. Десе де олар ширек финалдық іріктеуде келесі кезеңге жолдама жеңіп ала алады. Бұл жарыста бірінші екі орын бірден жартылай финалға, ал кейінгі бесеуі ширек финалға жолдама үшін таласады. Ал Наталья Сергеева байдарка мен каноэде есу жарысында сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы байдаркамен жекелей жүзу жарысында Наталья 200 метр қашықтықта 46.657 уақытымен алтыншы орынға тұрақтап, ширек финалға өтті.

Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин 400 метр қашықтыққа жүгіріп, өз тобында 47:15 нәтижесімен 7-орынға табан тіреп жартылай финалдан қағылды. Ел елеңдеген теннисші қызымыз Елена Рыбакина да жүлдегерлер қатарынан көрінбеді. Қола жүлдесі үшін өткен кездесуде ол әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға (6:1, 6:7, 4:6) жол берді.

Спортшылар бірінен соң бірі жеңіліп, алтынның ауылы алыстап бара жатқандай. Бірақ Олимпиада тарихында алтынсыз қайтпаған қазақ спортшылары бұл жолы да топ жарады деп сенеміз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.