Талдықорған: +18°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАҒЫ ДА ИНТЕРНЕТ ІЗДЕП, ДАЛА КЕЗІП КЕТПЕЙМІЗ БЕ? ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕДІ?

28.07.2021
КҮНДЕРЕК
ТАҒЫ ДА ИНТЕРНЕТ ІЗДЕП, ДАЛА КЕЗІП КЕТПЕЙМІЗ БЕ? ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданындағы Алатау ауылдық округіне қарасты Рысқұлов пен Береке ауылдарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат ОРАЗБЕК арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Басқосуға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Асхат Рахматуллин, аудан әкімі Қайдар Әбдіханов және байланыс операторлары қатысып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы мен аталған ауылдарда интернет желісі, телефон байланысының сапасын арттыру жайын талқылады.

Жауапты тұлғалардың басқосуына осы ауыл тұрғындарының интернет пен байланыстың нашарлығынан тау-тас кезіп кететіндіктеріне шағымданулары негіз болған. Бұл жағдайдың, әсіресе, қашықтан білім алатын оқушылар мен студенттерге қиындық туғызып отырғандығына жергілікті жұрт ашулы. «Алдағы бірер айдан соң басталатын жаңа оқу жылының қай форматта болары белгісіз, тағы да онлайнға көшсе интернет желісін іздеп, дала кезіп кетпейміз бе?» деген көкейкесті сауалдарына жауап қарастырды. Тұрғындарды толғандырған жайттарды тыңдап, маңызды мәселеге қатысты жан-жақты жауап қайырған вице-министр бұл мәселенің түйінін тарқатуда бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

— Біз ел бойынша интернет талай жылдан бері өзекті мәселе болып келе жатқан елді мекендерді анықтап келеміз. Сол себепті, біріншіден, байланыс операторларымен ауылдарда сапаны айтарлықтай жақсартуымыз керек деген нақты түсінік қалыптастырдық. Екіншіден, оған қажет арнайы құралдар жеткілікті. Үшіншіден, әкімдіктер бұл жұмысқа белсенді түрде тартылуда. Яғни, қазір жергілікті басқару органдары мен байланыс операторлары бірлесіп, халыққа сапалы байланыс қызметтерін қалай көрсетуге болатындығын қарастыруда. Интернет сапасын арттырудағы тағы бір мәселе – бұл уақытты қажет етеді. Өйткені, инфрақұрылымды тез орналастыру әрдайым мүмкін емес, – деді ол.

Ауыл тұрғындарын алаңдатқан бұл мәселеден байланыс операторлары да хабардар. Сапасыз ұялы желінің бірнеше себептерін ортаға салған олар интернет жылдамдығының ең жоғары жүктеме сағаттарында айтарлықтай төмендейтіндігін айтады. Оған интернетті бір уақытта бірнеше адамның қатар пайдалануы себеп. Әсіресе, пандемия жағдайына байланысты интернет трафикті тұтыну екі есеге артқан. Мұндай жағдайда желінің сыйымдылығын кеңейту және базалық стансылардан жүктемені алып тастау қажеттілігі туады. Бұл жұмысты жаңа оқу жылына дейін Береке ауылында өткізу жоспарланған.

– Пандемея басталғалы бері бүкіл ел бойынша сапаны жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер Алматы облысын алатын болсақ, мұнда жұмыс тоқтаған жоқ. Ай сайын апгрейд жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бір жерде жаңа базалық стансылар орнатсақ, ал бір жерлерде кеңейтеміз. Облыс бойынша қазіргі уақытта 250 адамнан тұратын және одан асатын елді мекендерді мобильді желілермен қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл міндеттемелерді 2022 жылдың соңына дейін жүргіземіз, – дейді «Мобайл телеком-сервис» ЖШС корпоративтік жауапкершілік және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі директоры Бексұлтан Мейірбеков.

Рысқұлов пен Береке ауылдарына арнайы келген шенеуніктер интернет пен телефон байланысы нашар қос ауылды аралап, жағдаймен толыққанды танысты. Сондай-ақ ауыл халқын алаңдатқан мәселенің алдағы оқу жылына дейін реттелетініне сендірді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.