Талдықорған: +29°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ? ОНЛАЙН ЖИЫН

27.07.2021
ӘЛЕУМЕТ
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ? ОНЛАЙН ЖИЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат РАМАЗАНОВАНЫҢ қатысуымен отбасын нығайту, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты заң жобаларын талқылау бойынша онлайн жиын өтті. Жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ қатысып, өңірдегі отбасылық құндылықтар, демографиялық саясат, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа тосқауыл тақырыбында баяндама жасады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Биыл қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барлық мүдделі тұлғаларды, соның ішінде азаматтық қоғам өкілдерін, белсенділер мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуге қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылауды тапсырған еді. Аталған тапсырманы орындау мақсатында барлық өңірлерде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру мәселелері талқыланып жатыр.

Бұл әйелдер мен балалардың құқықтарына, отбасы институтын нығайтуға қатысты көптеген мәселелерді шешуде пәрменді тетік жасайтын заңнамалық нормалардың жаңа моделін бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Осындай кезекті талқылау Алматы облысының жұртшылығымен онлайн режимде өтті.

Жиынға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық, облыстық, аудандық комиссия мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық кеңестердің, дағдарыс орталықтарының және облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Маңызды шарада Лаззат Керімқұлқызы сөз алып, бүгінгі басқосудың мақсат-міндетіне тоқталды. Сондай-ақ, отбасылық мәселелердің алдын алу, кикілжіңдерді болдырмау, зорлық-зомбылықтың жолын кесу тақырыбында сөз сөйледі. Онлайн жиында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы баяндама жасап, отбасы, ана мен бала құқығын қорғау бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

— Ең алдымен, Лаззат Керімқұлқызы, сізге осы жиынды ұйымдастырғаныңызға рақмет айтамыз. Өйткені, бүгінгі жиында көтеріп отырған отбасының жағдайын жақсарту, ана мен баланың денсаулығын нығайту, отбасындағы зорлық-зомбылықты жою — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бекер айтылмаған. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық әлеулеті әрбір отбасынан бастау алады. Бүгінгі жиында әйелдер мен балалардың құқықтарына, отбасы институтын нығайтуға қатысты айтылған ұсыныстар мен пікірлерді міндетті түрде ескеріп, сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінде Алматы облысында 55 983 көпбалалы отбасы тұрады. 17 622 аз қамтылған отбасы бар. Батыржан Құлаймергенұлы өз сөзінде мұқтаж отбасыларға биыл облыстан 6 миллиард теңге қарастырылғанын, бөлінген қаражат бағдарламалар аясында көпбалалы аналардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге жұмсалатынын жеткізді. Сонымен бірге, аз қамтылған отбасы мүшелеріне тұрақты жұмыс ұсыну, баспана беру бағыты да басты назарда екендігі айтылды.

Жиында түрлі ұйымдар мен аналар кеңесінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сөз сөйлеп, адам құқығы, ананың мәртебесі, әкенің рөлі, мектептерде ер мұғалімдердің санын көбейту, ер адамның жас ұрпаққа берер тәрбиесін күшейту, дағдарыс орталықтарының ауылдық жерлердегі жұмысы, отбасына арналған заң жобасын жетілдіру жайлы жан-жақты айтылып, ер мен әйелдің, баланың қоғамдағы орны секілді өзекті тақырыптар талқыға түсті.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.