Талдықорған: +7°C
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа емхана ашылды

Бүгін, 18:32
КҮНДЕРЕК
Жаңа емхана ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы, ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Осыған орай Республика күні қарсаңында облыс ораталығы Талдықорғанда 500 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды. Жаңа ғимарат қала бөлігіндегі тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Енді алпыс мыңнан астам тұрғын жоғары білікті мамандардан ең жаңа заманауи жабдықтарда сапалы медициналық қызмет ала алады. Дәрігерлер, денсаулық сақтау ардагерлері және қала тұрғындарымен қоныс тойының қуанышын бөлісуге облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы келді.

Аймақ басшысы қала тұрғындарын келе жатқан мерекемен және жаңа медициналық мекеменің ашылуымен құттықтады. Ол бұл Жетісудың әлеуметтік саласы үшін маңызды оқиға екенін, оның артында халықтың әл-ауқаты мен облыстың болашағына деген қамқорлық тұрғанын атап өтті.

Облыс құрылғаннан бері 149 медициналық нысан салынды. Оның 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Тағы 15 нысан күрделі жөндеуден өтті. Жалпы соңғы 4 жылда әлеуметтік сала инфрақұрылымын жаңарту деңгейі 56%-ға жуықтады. Медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешу үшін біз республикада алғашқылардың бірі болып дәрігерлерге көтермеақы төлей бастадық. Білімді, білікті мамандар қалалы жерге  жұмысқа келсе 5 млн. теңгеден, ауылды жерге барса 10 млн. теңгеден төледік. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстағы дәрігер кадрларының тапшылығы 2 есе қысқарды,  – деді Бейбіт Исабаев.

Облыс әкімі заманауи техниканың артында міндетті түрде білікті мамандар тұруы керек екенін атап өтті. Сондықтан медициналық мекемелерді салып, жабдықтаумен қатар аймақта маман тапшылығы мәселесі де шешілуде. Талдықорғандықтардың атынан Бейбіт Исабаев құрылыс компаниясының басшысы – «AK Construction Company» ЖШС-нің жетекшісі Болат Сандықбаевқа зор алғысын білдірді.

Жетісу облысының тумасы ретінде емхана құрылысына үлкен жауапкершілікпен қарадық. Жаңа емхана тұрғындарға ұнап, ұзақ жыл бойы олардың денсаулығын нығайтуға қызмет етсін деп барымызды салдық. Құрылысшылар үшін де бұл күн мерекеге айналды. Осындай маңызды әлеуметтік нысанды салуды бізге сеніп тапсырғаны үлкен мәртебе, – деді Болат Сандықбаев.

Салтанатты бөлімнен кейін қонақтар жаңа ғимаратты аралап, оның материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Тәулігіне 500 адам қабылдауға есептелген жаңа емхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда магнито-резонанстық және компьютерлік томографтар, рентген және маммография аппараттары, сондай-ақ зертханалық диагностикаға арналған құрал-жабдықтар орнатылған. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту, материалдық-техникалық базаны жаңарту ең алдымен медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға бағытталған.

Бас дәрігер Сәуле Құсмолданованың айтуынша, жаңа ғимаратқа Талдықорғанның қазіргі екі емханасы – «Қайнар» және 6-шы шағын аудан емханалары көшеді. Мұнда 63 мың тұрғынға қызмет көрсетіліп, 445 қызметкер жұмыс істейтін болады.

Ерекше назар отбасылық медицинаға және медициналық көмек түрлерін кеңейтуге аударылды. Барлық цифрлық жабдық бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған. Жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Профилактика орталығы, сәулелік диагностика бөлімшесі, зертхана, күндізгі стационар және басқа да медициналық қызметтер жұмыс істейді. Әртүрлі мамандықтағы дәрігер қабылдау жүргізеді. Атап айтар болсақ, офтальмологтар, гепатологтар, инфекционистер, аллергологтар, невропатологтар, кардиологтар, – дейді бас дәрігер.

Жаңа емхананың мүмкіндіктері – бұл тек жабдықтар мен жайлы кабинеттер ғана емес, сонымен қатар осында жұмыс істейтін дәрігерлер. Олардың қатарында жас ерлі-зайыпты Ілияс Сәби мен Әлима Әлім де бар. Екеуі де жалпы тәжірибелі дәрігерлер.

2025 жылы Астана қаласынан Талдықорған қаласына шақырту бойынша зайыбым екеуміз алғашқы тәжірибелік дәрігер ретінде жұмысқа ауысып келдік. Облыс орталығына көшіп келгенімізге байланысты бір реттік жәрдемақы алдық. Енді жаңа емханада халыққа қызмет көрсетеміз. Ең маңыздысы – жаңа емханада медициналық құрал жабдықтың бәрі бар. Пациентті бірден тексеруге жіберіп, нәтижесі аз уақытта-ақ қолда болады. Бұл – бізге де, ең бастысы, пациенттердің өзіне де ыңғайлы, – дейді Ілияс Сәби.

Емхана ғимаратының өзіндік тарихы бар. Бастапқыда ол сот органдары үшін салынып жақан ғимарат болған. Алайда облыс бөлінгеннен кейін жобаны қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып өзгерту туралы шешім қабылданды. Жаңа нысан маңайында тұтас шағын аудандар бой көтеріп, тұрғындар саны артып келеді. Сондықтан мұнда үлкен, жақсы жабдықталған емхана аса қажет еді.

Жаңа емхананың ашылуына арнайы келгендердің қатарында ақсақал Әният Бейсембек те бар.

Емхана халық үшін салынды. Бұл мемлекеттің халыққа деген шынайы қамқорлығы деп білемін. Бәріміз қуаныштымыз. Аудан өсіп келеді. Мұнда жаңа үйлер салынып, отбасылар көшіп келуде. Сондықтан мұндай емхана бізге өте қажет еді. Халыққа осындай жағдай жасаған мемлекетіме мың алғыс айтамын, – дейді ақсақал.

Медициналық мекемеде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасалған. Инватакси үшін арнайы кіреберіс және бірнеше көлікке арналған жеке тұрақ жабдықталған. Кіреберісте екі көтергіш бар. Ғимарат ішінде үш лифт орнатылған, оның біреуі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған. Осы уақытқа дейін саны 200 мыңнан асатын қала халқына медициналық қызмет негізінен екі мемлекеттік емхана арқылы көрсетіліп келді. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін едәуір арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, пациенттердің уақытын үнемдеуге, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа емхана ашылды

Жаңа емхана ашылды

Бүгін, 18:32
Заманауи оқу ғимараты ашылды

Заманауи оқу ғимараты ашылды

Бүгін, 17:14
«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті

«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті

Бүгін, 17:11
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады

Бүгін, 17:06
Демалыс кезіндегі тәртіп пен қауіпсіздік

Демалыс кезіндегі тәртіп пен қауіпсіздік

Бүгін, 16:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.