Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СЫНАҚТАН СҮРІНБЕГЕН

14.07.2021
ӘЛЕУМЕТ
СЫНАҚТАН СҮРІНБЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Әлем бесігін бір қолымен тербетіп, биязы мінезімен талай белесті бағындырған әйелдер қауымының біздің қоғамда алар орны айрықша. Оның ішінде тағдырдың сынағынан сүрінбей, жігері мұқалмаған, жұдырықтай жүрегімен өмір күресінен тайсалмайтын ерекше нәзік жандарды айтпасқа тағы болмас. Осындай санаттың қатарында біздің әңгімемізге арқау болатын Қарасай ауданының тұрғыны Диларахан Сайтова да бар.

1999 жылы Қарақалпақ­станнан елге қоныс аударған біздің кейіпкерімізде өзгелерде көп кездесе бермейтін дарын бар. Негізгі мамандығы тігінші болғанымен қаншама қайратты азаматтардың бойынан табыла бермейтін оның спорттық қабілетін жоғары бағалауға болады.
Диларахан Сайтованың мұндай даралығынан бөлек, оның өмірге деген құштарлығы, тіршілік әлеміне деген шексіз сезімі, табыс үшін табандылығы ғана емес, намыс үшін жанқиярлығы да көпке үлгі. Бес жасында, яғни, сол кездегі дәрігерлердің айтуынша, екпенің салынбауы салдарынан жүйке жүйесі қабынып, бір қол, екі аяқтың жансыздануы оның өміріне үлкен соққы болады. І топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның уақыт өте келе түрлі ем-шараның арқасында денсаулығы едәуір қалыпқа келеді. 
2002 жылы Қаскелең қаласына келіп, Тәжіғали Ходжамұратов  басшылық ететін «Жігер-М» қоғамдық ұйымының белді мүшесіне айналды. Бүгінде осы бірлестіктің атынан талай спорттық жарыстарда бақ сынап, ауданның абыройын асқақтатып жүрген жайы бар. Мәселен, Азия чемпионатында оң және сол қол бойынша армрестлингтен І және ІІ орындарды қанжығасына байлаған. Одан бөлек, былтыр «Мылтық ату» жарысынан да жүлделі орындардан көрінген. Ендігі мақсаты – білектің күшін сынап, алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына қатысу.
Диларахан Тұрсынбайқызы 2005 жылы тұрмыс құрды. Бір жылдан кейін бақытты отбасының шаңырағында Жүсіп және Ахмет есімді егіз ұл дүниеге келді. Перзенттері Алмалыбақтағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы гимназияның табалдырығын аттаған. Бүгінгі таңда дәл осындай бағытта білім беретін Талдықорған қаласындағы спорт мектебінде оқуға, спортқа деген қабілеттерін шыңдауда. Екеуі де садақ атуды серік еткен. Дәл осы спорт түрінен бірі спорт шебері атанса, екіншісі осы дәрежеге үміткер.
Кейіпкеріміз 2013 жылы үй кезегіне тұрып, бірнеше жылдан кейін өздері аңсап күткен баспанаға қол жеткізеді. Оған мемлекеттің тарапынан сатып алу құқығымен жалға берілетін «Асыл арман» ТК-нен бір бөлмелі пәтер бұйырды. Осы жерде ол тігін шеберханасын ашып, бүгінгі таңда жергілікті халыққа қызмет етіп келеді. Әрине, экономиканың тұрақсыздығы кез келген пенденің тұрақты табыс табуына кедергі келтірері анық. Күнкөрістің қамын жақсарту мақсатында Диларахан Тұрсынбайқызы бүгінгі таңда «Қуат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінде І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілерімен жұмыс істеп, солардың іс қағаздарымен айналысады. Бұл жердегі міндетін атқарумен қатар  жоғарыда айтып кеткен тігіншілік қызметін де қатар алып жүр. 
Демалыс күндері осы шеберханада сүйікті ісімен айналысса, басқа уақыттарда бұл тігіншілік өнерді көмекшісі атқарады. Былайша айтқанда, шағын бизнестің иесі бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұны да оның өзге жандарға деген қамқорлығының бір белгісі деуге болады. Ендігі жоспары – шеберхананы кеңейтіп, оны заманауи талапта жаңғыртып, халыққа қолжетімді бағада қызмет ұсыну. Осы бағытта бизнестің қыр-сырын меңгерудің алғашқы қадамын жасап келеді.
Дилараханның асқақ арманының тағы бірі – кең бөлмелі баспанаға ие болу. Оған қол жеткізу үшін еңбектеніп келеді.
– Бәрі біздің қалағанымыздай бола бермейді. Осы күніме де шүкіршілік етемін. Уақыт өте келе бұл мақсатты қадамдарым жүзеге асады деген сенімдемін. Кейде ұлдарым: «Анашым, біз кейін чемпион болғанда сізге үлкен үй алып береміз», – деп жұбатып қояды. Ең бастысы, қос құлыным аман болса деймін. Әлі де перзент сүйсем деген үлкен арманым бар, – деп егіздердің анасы жан жүрегімен ақтарыла сөйледі.
Әңгіме соңында қайсар жүректі Диларахан Сайтова әуелі Аллаға, одан кейін тәжірибелі тіс дәрігері болған асқар тау әкесіне, 40 жыл ұстаздық еткен аяулы анасына, өмірлік жарына және қиын кезде қолдау білдірген жанашыр адамдардың барлығына, арайлап атқан әр таңына шексіз алғысын білдірді. Өзімен тағдырлас жандарды бір-ақ рет берілетін өмірді сүюге шақырады. 
Қайсар жүректі, өр рухты Диларахан Тұрсынбайқызының ғибратты ғұмыр кешуіне біз де тілекшіміз. 

Дидар МӘЛІКҰЛЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.