Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ОТТЫҢ ОРТАСЫНА КІРЕМІЗ»: ҚҰТҚАРУШЫҒА ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ?

10 шілде 2021
КҮНДЕРЕК
"ОТТЫҢ ОРТАСЫНА КІРЕМІЗ": ҚҰТҚАРУШЫҒА ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, табиғи және техногенді өрттер, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең бірінші халық 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұрайды.

Бүгінгі күнде төтенше жағдайлар санының өсуіне байланысты аталған шара табиғи заңдылыққа айналуда. Қиындыққа қарамастан олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қолұшын созады, судан құтқарады және жоғалғандарды іздеуге күш салады. Бұл олардың күнделікті істейтін ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтанбай, оған күнделікті жұмыс ретінде қарайды.

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі мен ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды рөл атқарады. Батыл мамандардың елдің кез келген жеріне жедел көмекке келуге дайын екендіктерін орын алып отырған ТЖ кезінде көруге болады. Адам өміріне қауіп төнген уақытта еш кідіруге болмайтындығы баршаға аян. 

Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Спортпен айналысып, келешекте спортшы боламын деген үмітпен Алматы қаласы Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервін дайындайтын мектеп-интернатты тамамдап, білімімді жетілдіру мақсатында электрик мамандығын иелендім. Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді. Құтқарушылар қатарындағы әкем Маликжан Масимовтың жолы үлгі-өнеге болды. Мен өзімді абыройлы мамандық иесімін деп санаймын. Сондықтан таңдаған мамандығым мен жұмысыма еш өкінбеймін.

Бүгінгі күнде кез келген адамның құтқарушы бола алмайтыны анық. Бұл мамандықты тек таңдаулылар ғана атқара алады. Құтқарушы болу үшін жүрек керек. Өйткені біздің жұмыста ауыр да көтересің, төбеден жіппен де секіріп түсесің, түрлі қиындықты бастан өткересің, алғашқы көмек те көрсетесің. Жазда ыстықта, қыста суықта суға түсуге де тура келеді. Сондықтан бұл жұмыс таза ер адамдардың жұмысы және оған ер мінезді адамдар ғана шыдай алады деп айтуға болады. 

Құтқарушы болу үшін арнайы талаптарға сай болып, қажетті заң талаптарын орындай білу қажет. Яғни, шыныққан денеден бөлек, оның жасы да маңызды. Құтқарушыларды жұмысқа аларда қойылатын негізгі талап спортқа бейім, денелері шыныққан және жастары 25-тен аспаған болуы тиіс. Қазақстан Республикасында бүгінгі күнде құтқарушылардың айлықтарын өсіру, тұрғын үймен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, басқа да жеңілдіктерді қарастыру бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соның негізінде құтқарушылардың келешегі жарқын болады деген үміттемін.

Өз білімімді жетілдіру үшін бүгінгі күнде Алматы қаласындағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне қашықтан оқуға түсіп, «Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» факультетінде білім алудамын. Аталған оқу орнының құтқарушыларды даярлауда еңбегі зор. Жоғары білімді, тәжірибелі сабақ беруші мұғалімдер мамандық сырын ашып оқытып, келешекте жақсы маман болып жетілдіруде аянбай еңбек етуде. Оқу орнын аяқтап, офицер атағын алып, Қазақстан Республикасына аянбай еңбек етемін деген ойдамын.

Рамиль МАЛИКЖАНОВ,

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің БЖ-20-1 курс студенті,

Алматы қаласы № 12 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушы-өрт сөндірушісі,

азаматтық қорғаудың кіші сержанты

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.