Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАР НЕ ІСТЕЙДІ? ЖҰМЫСТАН ШЫҒА МА? МАМАН ЖАУАБЫ

7 шілде 2021
КҮНДЕРЕК
ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАР НЕ ІСТЕЙДІ? ЖҰМЫСТАН ШЫҒА МА? МАМАН ЖАУАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер үйінде елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиевпен баспасөз конференциясы өтті. Онда облыстың «сары» аймаққа өткендігі, осыған байланысы шектеу шараларының күшейтілгендігі сөз болды. Сондай-ақ, вакцина алмағандарға қатысты жаңа талап түсіндірілді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Баспасөз конференциясында Асхат Сәкенұлы облыста коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз тенденциясының байқалып тұрғандығын айтты. «Эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес Текелі қаласы «қызыл» аймақта. Осының салдарынан облыс «сары» аймаққа өткен. Соңғы аптада коронавирустың ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Сарқан, Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорғанда байқалды», — деді спикер.

Асхат Сәкенұлы 7 шілдеден бастап ковидке қарсы вакцина алмаған жұмыскерлердің жұмыс орнына жіберілмейтінін айтты. Олар мекеме басшысының ұйымдастыруымен қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі мүмкін. Өйтпеген жағдайда апта сайын ПТР-тест тапсыруға міндетті. Соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ковидпен сырқаттанған адамдар вакцина тапсыруға міндеттелмейді. Егер вакцина алмаса, 7 күнде бір рет ПТР тестілеуден өтіп тұруы тиіс.

Қалааралық, ауданаралық тұрақты жүретін автобустардың қозғалыстары тоқтатылады. Мәдениет нысандарында дайындық өткізуге тыйым салынады. Кинотеатр, театр, филармония, концерт залдары, балалар ойын орындары, түнгі клубтар жұмысына тыйым салынады. Жиналыстар, форум, конференциялар өткізілмейді.

Сенбі-жексенбі күндері жабық базар, сауда үйлері, сауна, бассейндер жұмыс істемейді. Банк, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қоғамдық тамақтану нысандары – мейрамхана, кафе және кофехана кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Адамдардың толымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс. Бұл шаралар «Ашық» жобасына қатысушыларға қатысты емес.

Спикердің айтуынша, вакцина барлық адамдарға, оның ішінде, дәрігердің бақылауы бойынша созылмалы сырқаты барларға да салынады. Жұмысшылардың ПТР тест жасатуы ақылы. Тест ақысын кей жағдайда жұмыс беруші төлейді.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.