Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕКІ АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРДІ

7 шілде 2021
КҮНДЕРЕК
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕКІ АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Астана күніне орай Жамбыл ауданында екі бірдей дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Сарыбай би және Үңгіртас ауылдарындағы емдеу мекемелерінің салтанатты ашылуына аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, тұрғындарды құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Ашылу сәтінде аудан басшысы қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Ауылдық амбулаториялар заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Қарасу ауылдық округіне қарасты Сарыбай би елді мекеніндегі емдеу мекемесі бір ауысымда 25 келушіні қабылдауға арналған.

Мұнда бір жоғары білімді дәрігер, 6 медбике, акушер және фельдшер жұмыс істейді. Амбулатория ауылдық округтегі 4 елдімекеннің 6000-нан астам тұрғынына сапалы және уақтылы медициналық қызмет ететін болады. Бүгінде мұнда барлығы 22 адам жұмыспен қамтылған. Тұрғындар ризашылығын жеткізген ауыл ақсақалы Қабдеш Мұхамеджанов алғыс сезімімен қоса енді мұнда білікті дәрігерлер тартылса деген тілегін білдірді.

Жалпы құны 297 миллион теңге тұратын ғимараттың нышан кілтін құрылысты жүргізген «Голдин Сити» ЖШС директорының орынбасары Данияр Қарақұлов амбулатория меңгерушісі Күлғайша Өмірәлиеваға тапсырды. Көпшілікке Әбдрашид ата Әбдісаламұлы бата беріп, жаңа нысанның лентасын аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы, облыстың және ауданның Құрметті азаматы Әскербек Абаев, ардагер дәрігер Бақыт Батайқызы қиды. Әжелер шашу шашып, аудан басшысы бастаған аз ғана топ ғимараттың ішін аралап көрді.

Дәл осындай іс-шара шалғайдағы Үңгіртас ауылында да болды. Ондағы емхананың жалпы құны — 338 миллион теңге. Ғимаратта 58 бөлме бар. Олардың арасында ересектер мен балаларға арналған қабылдау бөлмесі, стоматолог, гинеколог, терапевт кабинеті, зертхана, таңу, екпе, фельдшерлік, акушерлік пункттер және күндізгі стационар қарастырылған.Ауысымына 35 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар.Үңгіртас дәрігерлік амбулаториясында бір дәрігер, 9 медбике және екі техникалық қызметкер жұмыс істейді.Үш елді мекеннен тұратын Үңгіртас ауылдық округіндегі 4590 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.