Талдықорған: +12°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН: «ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ ТАЛАУҒА ТҮСЕ ЖАЗДАДЫ»

02.07.2021
САЯСАТ
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН: «ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ ТАЛАУҒА ТҮСЕ ЖАЗДАДЫ»
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік! Бұл – ұлт үшін де, ұрпақ үшін де киелі, қасиетті ұғым. Адамзат баласының арғы-бергі тарихына көз салсақ, осы бір ұлт пен ұрпақ санасына тыным бермей, ой-сананы жетелеумен келе жатқан бағдаршам-ұғымның өз тамырын аласапыраны мол ғасырлар мен көне дәуірлер қойнауынан тартатынын аңғарамыз. 

Үстіміздегі жылы жаңа тарих тұсауын кескен ұлт тәуелсіздігінің тағдырлы жаңа кезеңін еске алған сайын осынау отыз жылдық мерейлі датаның да тамырлары мен бастаулары еріксіз еске түседі. Әкесіз баланың болмайтыны секілді өмірде де, қоғамда да кез келген құбылыстың тегі, бастау көзі, өсу, қалыптасу жолы болатыны заңды. 
Тәуелсіздік біз үшін өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан ғана басталмайды. Ұлы Даланың өз баянын түгендеуі мен өз тағдырын таразы басына қоюы тым әріде, арғы дәуірлерде жатыр. 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні қазіргі оңтүстік астанамыз – Алматы қаласының ұлы төрінде, нақтылап айтсақ, ескі Үкімет үйінің үлкен залында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған 360 халық депутатының  пәрменімен айдай әлемге жарияланған Қазақстан Тәуелсіздігінің бүгінде тойланып жатқан 30 жылдығы сол ұлы дәуірлеріміз бен өлмес өткенімізге жасалып жатқан құрметтің белгісі мен нышаны!
Иә.
Екі ғасыр тоғысында өмірге келген жаңа тұрпатты жас мемлекет өрісі мен өркенін танытуды әуелі өзінің саяси-экономикалық қазық-бауын бүтіндеуден бастағаны жадымызда. Ыдыраған империяның сары жұрты сарсаңға түскен со бір аумалы-төкпелі қиын кезеңде көзін уқалап ашқан Қазақ Елінің тағдыры талауға түсе жаздағанын қалай ұмытуға болады?! Ел тәуелсіздігін мойындай отырып, үш ғасырға жуық әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген тегеурінді супер державаның ықпалынан суырып әкетіп, «өз қолтығына басуға» ұмтылған «жебеушілер» мен «демеушілер» аз болған жоқ. Әрі-беріден соң күні кешегі көпғасырлық тарихы бар көшпелі өркениеттің ұлы бесігі болған, аспанын түркілік тұтастықтың туын ұстаған ұлы тұлғалардың рухы кезген Ұлы Даланы «соғыс алаңына» айналдырудан да тайынбаған әрекеттердің болғанын қалай жасырамыз? «Мойындаулар» мен «көмек қолын созулардың»» түп-төркінінде тәуелсіз елді кіріптарлық шеңгеліне салу жатқан алуан-алуан саяси ойындар қорығынан Қазақ Елі ұрынбай, сүрінбей аман өтті. Біздің ұрпақ сол күнгей-көлеңкесі қатар өрбіген, ұрпақ пен ұлт санасын жаңылдырудың алуан-алуан үлгісі іске қосылған жылдарды артқа қалдырды. Отыз жыл бойы Қазақты Тәуелсіздікті жариялаумен қатар Тәуелсіздікті сақтаудың, қорғаудың ұлан-асыр мектебінен өткізді.
Тәуелсіздік ұлт руханияты мен рухын дамудың жаңа жолына салды!
Тәуелсіздік тіліміз бен дініміздің, діліміз бен тініміздің бекуіне жол ашты. 
Тәуелсіздік Қазақ Елін әлемге танытты!
Шегарамыз шегенделді!
Елордамыз еңсе көтерді!
Ұлы Даланың астанасы ұлы жиындар мен кемел басқосулардың төріне айналды!
Тәуелсіздік біздің санамызды тәрбиеледі. Ойымызды шыңдады. Бойымызды тіктеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтқанда, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» екеніне ұлттың көзін де, көңілін де жеткізе  түсті.
Сондықтан…
Тәуелсіздік тағдырымызды анықтар Темірқазық екенін қай кезде де жаңа, жас  ұрпақ ұмытпауы тиіс…

Нұрлан ОРАЗАЛИН, 
Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Қатысты жаңалықтар

Діннің қоғамдық маңызы және орны

Діннің қоғамдық маңызы және орны

27.03.2026
ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

27.03.2026
Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.