Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

«СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР»: ЕКІАШАЛЫҚТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29.06.2021
ЕКІ ТІЗГІН
"СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР": ЕКІАШАЛЫҚТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданы, Екіаша ауылы тұрғындарының су электр стансысы құрылысына қатысты арыз-шағымдарын тыңдау үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы аталған елді мекенге келді. Аудан әкімі Талғат Қайнарбеков жүргізген ауылдық Мәдениет үйіндегі кездесуде халықтың талап-тілегі тыңдалды.

Екіаша ауылында салынған бірінші ГЭС қазіргі уақытта электр энергиясын өндіруде. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтитын «су электр стансысы салынады» деген хабарды халық қуанышпен қабылдаған болатын. Алайда, ГЭС 2, ГЭС 3-тің құрылысы кезінде қарсылық туындады. Оның себебі – тұрғындар жерасты құбырлары арқылы Үлкен Басқан және Кіші Басқан өзендерінің суын ағызудан экологиялық апат  туындап, жерасты сулары тартылып, ауызсусыз қалудан, әрі бау-бақша суғара алмай қалудан қауіптенеді. Сонымен бірге қазылған шұңқырлардың адам мен малға да қиындық тудырып отырғанын айтқан ауыл тұрғыны Серғазы Сарыбаев: «Біздің мердігер компанияға ұсынысымыз – құбыр тартудан басқа жолын жасасын. Біз ГЭС салуға қарсы емеспіз. Қуана қолдағанбыз. Бірінші ГЭС салғанда осы ауылдан талай адам барып жұмыс жасап, еңбекақы алып жақсы болған еді. ГЭС салынса халыққа да жұмыс болады. Зияны жоқ. Бірақ құбыр ауыл маңынан өтпей, ауылдан алыстау салынсын», – дейді.

Жиынға қатысқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қанат Дәурембеков, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Санжар Сабырбаев, облыс бойынша экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев, Сарқан ауданының прокуроры Ерғали Алибаев және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының бас маманы Ботагөз Оразбекова сауалдарға жан-жақты жауап берді.

– Құбырлар Екіаша ауылының маңынан өткенінен халық қауіптеніп отыр. Оны біз түсіндіріп айттық. Ары қарай құзырлы мемлекеттік органдардың және халықтың қатысуымен жұмыс тобы құрылады. Бас жобалаушыға тапсырма берілді. Осының есебін жүргізіп, құзырлы органдар мемлекеттік қорытынды бергеннен кейін халыққа қосымша хабарлап айтамыз. Жалпы жоба мемлекеттік сараптамадан толықтай өткен. Дейтұрғанмен екіашалықтардың өтініші бойынша қайтадан жіті зерттеуден өтеді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов.

Халықпен кездесуге мердігер компания басшылары да шақырылды. «Baskan Power» ЖШС техникалық директоры Данияр Досабаев: «Су аз болған жылдары елу де елу пайыз мөлшерімен аламыз. Ал су мол жылдары өзен суының тек 30-40 пайызын ғана тұтынамыз. Одан артық бұл құбырға су сыймайды» – деген пікір білдірді.

Компания басшыларына жобаны қайта қарау тапсырылды. Сондай-ақ, жиын барысында бұл мәселені зерделеу мақсатында қоғам белсенділері мен билік өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылатыны белгілі болды. Нәтижесінде жерасты құбырларын орнатпай, балама жолды іздеу көзделуде.

Кездесудің қорытындысында құзырлы орган өкілдері тұрғындарды сабырға шақырып, заң аясында жұмыла жұмыс жүргізу керектігін айтты. Сонда ғана туындаған мәселе оң шешімін тауып, түсінбестік түйіні тарқатылады. Жұмыс тобына енген мамандардың қызметіне кедергі келтірмей, ортақ мәмілеге келу арқылы тиісті шаралар қабылданбақ.

Мәулен Әнербай
Алматы облысы

Сарқан ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.