Талдықорған: +14°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САПАЛЫ БІЛІМ ОШАҒЫ

21 маусым 2021
КҮЛТӨБЕ
САПАЛЫ БІЛІМ ОШАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мектеп… Иә, бұл ұғым адамзат үшін еш уақытта көнермейтін, сарқылмайтын, әрбір адамның жүрегінде мәңгілік жатталып қала беретін ұғым. Адамзаттың бүкіл ғұмырына жететін тәлім-тәрбие мен білім нәрін берер осы мектеп кім-кімге де қашанда ыстық көрінері сөзсіз.


Көксу ауданы №12 орта мектебінің  ұжымы  «Сен де  бір кірпіш дүниеге, кетігін  тап та,  бар  қалан» деп Абай атамыз айтқандай, әр баланың өмірден өз орнын табуына ерекше мән бере отырып жұмыс істейді. Эльмира Аманбаева басшылық ететін мектепте қазіргі уақытта 30 мұғалім қызмет атқарады. 2 педагог-зерттеуші, 11 педагог-сарапшы, 5 педагог-модератор біліктілік санаты бар педагогикалық ұжым балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етуде. 

Мектеп, шәкірт. Осы екі сөзге жан бітіретін – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» деген нақылдың мәні терең. Ұстаз жылы сөзімен-ақ, айтқан ақылымен-ақ қаншама жанның жүрегінен орын алды. Бар білген-жиғанын шәкіртіне беріп, шексіз қайырымдылық жасайды. № 12 орта мектептің  аға буын ұстаздары – орыс тілі пәнінің мұғалімі Махаббат Баяхметқызы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Ақымжанқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Салема Абдулаевна, Шаукен Сағатқызы ширек  ғасырға жуық балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, мектептің жас буын ұстаздарының іс-тәжірибесін жетілдіруіне ерекше мән беріп келеді.

Мұғалімдер түрлі байқауларға қатысып шеберліктерін шыңдап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі  Алмабек Мэлсұлы «әдістемелік шеберхана» байқауында 3-орын, «инновациялық сабақ» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлім Койшыбайқызы 1-орын, физика пәнінің мұғалімі Бибігүл Сейтжапарқызы, химия пәнінің мұғалімі Нұргүл Сатыпалдықызы 3-орын, «Идеялар фестивалі» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Гүлзира Смағұлқызы 1-орынды жеңіп алды. 

«Ұстаздың еңбегі шәкірттің жетістігімен көрінеді» дегендей, оқушыларымыздың да жетістіктері мақтанарлықтай. Пәндік олимпиададан 9-сынып оқушысы Расул Нурмухамбетов, Аружан Мырзахан,  Гаухар  Бекжанова, 10-сынып оқушысы Сматай Бекболат жүлделі орындарға ие болса, көптеген оқушы қашықтан өткізіліп жатқан жарыстардың жеңімпаздары атануда.

№12 орта мектебінің ұжымы әрқашан баланың жан-жақты білім алып, өмірден өз орнын табуы үшін аянбай еңбек ететін болады.

Боранбай ЕРҚАЛЫМҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі 
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Қызылтас» иен дала ма?

«Қызылтас» иен дала ма?

Бүгін, 14:30
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Бүгін, 14:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.