Талдықорған: +25°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «ЕКІ ЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК МІНДЕТТЕЛІП ОТЫР»

20.06.2021
ЭКОНОМИКА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «ЕКІ ЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК МІНДЕТТЕЛІП ОТЫР»
WhatsAppTelegramFacebook

Алатаудың баурайында жатқан Талғар ауданының экономикасын дамытып, халқының әлеуетін арттыруды қолға алған аудан әкімі Қайдар Әбдіхановқа қысқа да нұсқа сауалдар қойған едік.   

— Қайдар Әлиханұлы, Талғар ауданы сіз үшін жат өңір емесі белгілі. Осы өңірдің киелі топырағына кіндік қаныңыз тамған. Десек те, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті зор ауданның тізгінін қолыңызға алғалы басқару ісінің салмағы мен жауапкершілігі еселей түскен болар? Аудан әкімі боп бекігелі 3 айдан асып, 100 күнге жуықтапты. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды?

— Иә, мен осы жерде туып өстім, балалық шағым осы жерде өтті. Сол себепті, маған қазір екі есе жауапкершілік міндеттеліп отыр. Қай ауылға барсам да, қай аулаға кірсем де таныстар, достар кездеседі. Олардың алдында ұятқа қалмау үшін барынша күш салып жұмыс істеуім керек. Жекелеген адамдар,  әсіресе әлеуметтік желілерде «ешқандай жұмыс жасалып жатқан жоқ» деген шағым келтіруде. Бірақ, бәрі бір күнде шешіле салмайды.

Мен басшылыққа наурыз айында келдім. Ол кезде жылдық бюджет белгіленіп қойған, бірақ соған қарамастан біз облыстан белгіленген бюджеттің үстінен тағы 800 млн. теңге сұрап алдық.  Осы жерде облыс басшысы Амандық Баталовқа рахмет айтқым келеді. Ол кісі Талғар ауданын әрдайым қолдауға дайын. Атқарар жұмыстар көп, бастысы – сол ауылдардың инфрақұрылымы. Бөлінген ақшаның көбі осы ауылдардың жаңа құрылыстарының көшелерін жөндеуге кетеді. Біздің жобалап есептеуіміз бойынша жаңа құрылыстардағы барлық көшені жөндеуге 3 млрд. теңгеден астам қаражат керек екен.

Әрине, ондай ақшаны бізге ешкім бермейді, бірақ облыс басшысы қолдап, әзірше 1 млрд. теңге қаражатты бөліп беретінін айтты. Сонымен бірге 48 көшені жөндеу бойынша жобаларымыз дайын. Өткен жылғыдай «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша қаражат бөлінсе, қыруар жұмыс басталайын деп отыр.

Бұл жерде басты айта кететін жайт – ол ауыл әкімдерінің жұмысы. Мен олармен тікелей жұмыс істеймін, маған келіп проблемалық мәселелерін айтып, шешу жолдарын көрсетіп, жобалық-сметалық құжаттарын уақытылы дайындап отырса болды. Менің міндетім – сол жобаларға қаржы сұрау, облысқа барып, белгіленген жобаларды қорғау. Инвестиция тарту, демеушілерді іздеу. Сонда бәрі дұрыс болады. Соған орай мен қазір аудандағы барлық ауылды аралап, сараптама жасадым. Кімде қандай проблемалар бар, оларды қалай шешеміз деген сияқты мәселелерді күн тәртібіне қойдым.

Мен жұмыс форматын толық өзгерткім келеді. Әлеуметтік желілер деген қазір өте маңызды алаң. Сол алаңға бүкіл ауыл әкімі мен бөлім басшыларын шығарсам деймін. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді белсенді қолданамын. Инстаграмда өз парақшамда өзім отырамын, телефон нөмірім ашық жазылып тұр. Әрине, қазір күніне мыңнан аса адам жазады – оның бәріне жауап беруге үлгермей жатырмын. Бірақ, жауап беруге тырысамыз, телеграм бот ашсақ деген ой бар. Қазіргі заманға сай жұмыс істеп, жедел қимылдасақ дейміз.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен бірлесе жұмыс істеу, олармен арадағы байланысты жандандыру да күн тәртібінде тұрған мәселе.

— Өзіңіз тыныс-тіршілігімен жете танысқан ауылдық округтерде жыл сайын көтерілгенмен шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселелер бар. Негізгілеріне не жатады?

— Осы үш айда 10 ауылдық округтегі 46 ауылды араладым. Мәселе деген жетеді. Оның бәрін тізіп жазып, хаттамалар толтырдық. Әр ауылдың мәселелері бойынша жеке папка дайындалған,  олар менің жұмыс столымда тұрады. Демек, мен еш ауылдың проблемасын ұмытпаймын, әрқайсысы бойынша өзекті мәселелердің барлығын білетін боламын. Негізгісіне не жатады дейтін болсақ – баяғы инфрақұрылым. Жол жөндеу, тозған, күші жетпейтін электр желілерін ауыстыру, су жүйесін ретке келтіру, газдандыру, жаңа мектептер мен медпункттерді салу және тұрғындар демалатын орындар, балалар алаңын қарастыру.

— Баспана – басты мәселе. Қанша тұрғын үйлі болды, тіркеуде тұрғаны қанша?

— Әрине, баспана мәселесі – аудандағы ең күрделі мәселелердің бірі. Аудан халқы күн санап өсуде, Алматы қаласының маңында орналасқандықтан көшіп келіп жатқан тұрғындар саны геометриялық прогрессиямен артуда. Соның  көпшілігінің проблемасы баспана мәселесіне  келіп тірелуде. Қазіргі таңда баспана кезегінде  6438 адам тұр. Бұл кезекті азайту үшін жұмыстар жүргізілуде. Ең бастысы, Амандық Ғаббасұлы бұл бағыттағы жұмыстарды әрдайым қолдап отырады. Өткен жылы пандемияға қарамастан 340 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға  берілді.

Осы жылы Талғарда 9-қабатты 72 пәтерлі үш үйдің құрылысы басталады. Конкурс та жарияланды. Негізі осындай 10 үйді салу жоспарда бар. Олардың тиісті құжаттары дайындалуда.

— Талғар қаласы мен ауылдардағы көпқабатты үйлерді газдандыру жұмысының жүйелі жүріп жатқанын жақсы білеміз. Бұл жұмыс қашан толық аяқталады деп жоспарлануда?

— 2018 жылдан бастап Талғар қаласында блок-модульді қазандықтарды (БМҚ) орнату және көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2018 жылы 6 БМК, 2019 жылы 15 БМК, 2020 жылы 11 БМК орнатылды. Бүгінгі таңда Талғар қаласында 32 БМК орнатылды. Нәтижесінде Талғар қаласындағы барлық 5 қабатты тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілген (142 үй, 4489 пәтер).

Енді Талғар қаласындағы 23 екі қабатты үйлерді және Бесағаш, Кеңдала, Панфилов, Қарабұлақ, Ақтас, Алтын дән ауылдарындағы көпқабатты үйлерді жылыту үшін 30 БМК-ны орнатуды жоспарлаудамыз. Ол дегеніміз аудан бойынша 68 үй, 1200 пәтер. Осы жобаның арқасында аудандағы көпқабатты барлық үйге жылу кіреді. Жұмыстар осы жылдың аяғында басталып, келесі жылы толық аяқталады.

— Экономиканың күретамыры – инвестиция. Бұл орайда қандай қадамдар жасалуда?

— 2021 жылдың 4 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция 16,5 млрд. теңгені құрады. Ауданда мынадай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда: «ZOR Fish» ЖШС (Жаңалық ауылы) терең өңдеу зауытымен балық өсіру жобасы, жобаның жалпы құны 8,5 млрд. теңге, 2021 жылы 500 млн. теңгені игеру жоспарлануда; «Жұлдыз»сауықтыру экокешенінің құрылысы. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңгені құрайды, оның 150 млн. теңгесі 2021 жылы игеріледі. «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» ЖШС тау шаңғысы курортының құрылысы (Орман ертегісі), жобаның жалпы құны 63 млрд. теңгені құрайды, оның 2,5 млрд. теңгесі 2021 жылы игеріледі.

«Байсерке-Агро» ЖШС тауарлы сүт фермасын кеңейту жобасы бойынша 200 млн. теңге игеріледі (Арқабай ауылы); 350,0 млн. теңге «Нұрбеков» ШҚ жайылымдық инфрақұрылым құру және бордақылау алаңын салу жобасы; «Бәймене» ЖШС (Панфилов ауылы) 40 гектарға бақша отырғызу, жобаның жалпы құны 550 млн. теңгені құрайды, оның 300 млн. теңгесі 2021 жылы игеріледі. «ҚазҰАУ» ЖШС (Байбұлақ ауылы) 1 гектар ауданында өнеркәсіптік жылыжай салу жобасы, жобаның жалпы құны 645 млн. теңгені құрайды, оның 435 млн. теңгесі 2021 жылы игеріледі. 500 млн. теңге «Горизонт KZ» ЖШС БМК (Блокты-модульді қазандықтар) өндірісі бойынша жоба; 2 млрд. теңге «Горизонт KZ» ЖШС сыртқы желілері және жалпы құрылыс жұмысы (Бесағаш) бар, қуаты кемінде 40 МВт блокты-модульді қазандықты салу жөніндегі жоба. Білім беру және денсаулық сақтау салаларына инвесторлар тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Инвестиция тарту үшін «Қайрат» индустриялық аймағының аумағында энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдарды өндіруге арналған екі заманауи зауыт салу бойынша ресейлік «Технониколь»компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Инвестицияның жалпы сомасы 29,3 млрд. теңге болады деп күтілуде.

— Табиғаты көркем Талғар ауданы – туризмнің қайнар көзі. Бұл тұрғыда не айтасыз?

— Әрине, ауданымыз өте әсем жерде орналасқан. Швейцариядан еш кем емес. Тек инфрақұрылымды дамытып, табиғатымызды таза ұстасақ болғаны. Бұл бағытта да жұмыстар қолға алынуда. Талай жыл бойы тау бөктерін қоқыс алаңдарына айналдырып жіберген тұрғындар бар. Олармен күресудеміз. Санитарлық тазалықты басты назарға қойып, Талғарды екінші Швейцарияға айналдырсам деймін. Бұрынғы арық жүйелерін жаңғыртып, демалыс орындарын, саябақтар мен аллеяларды көбейтіп, Талғарды жасыл қала жасасам – арманым жоқ.

—  Аграрлық аудан үшін де маңызды істер аз емес болар.

— Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 2,5 мың ауылшаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдары қаңтар-мамыр айларында 8,8 млрд. теңге сомасына ауылшаруашылығының жалпы өнімін өндірген, нақты көлем индексі 102,0% -ды құрайды (жылдық жоспар 59,8 млрд. теңге).

Бүгінгі күні көктемгі егіс жұмысы аяқталды. Барлық егіс алқабы 32,6 мың гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 13,6 мың гектар, майлы дақылдар 4,6 мың гектар, картоп 3,1 мың гектар, көкөністер 2,7 мың гектар, бақша 220 гектар, жемшөп дақылдары 8,4 мың гектар. Көктемгі егіске 500 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді, 5 шаруа қожалығы 227 тоннаға өтінім берді, оның 132 тоннасы алынды. Алматы қаласы мен аудан тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 9 меншік иесі және 18 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 650 тонна өнім жиналды.

5 айдың қорытындысы бойынша 4 мың тонна ет, 26,2 мың тонна сүт, 9,2 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады. Аудан бойынша 113 тонна ет өнімдері Қытайға экспортталды.

2021 жылы жалпы құны 1 млрд. 535 млн. теңге болатын 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, 68 жұмыс орны құрылады. «Бәймене» ЖШС (Панфилов ауылы) – 40 гектар бақша отырғызу, жоба құны – 550 млн. теңге, 15 жұмыс орны құрылады (іске асыру жылы 2021 – 2022 ж.); «ҚазҰАУ» ЖШС (Байбұлақ ауылы) – 1 гектар алаңда өнеркәсіптік жылыжай құрылысы, жоба құны 435 млн. теңге, 25 жұмыс орны құрылады.»Байсерке-Агро» ЖШС (Арқабай ауылы) – тауарлы сүт фермасын кеңейту, жоба құны 200 млн. теңге, 10 жұмыс орны құрылады. «Нұрбеков» ШҚ (Бесағаш ауылы) бордақылау алаңының құрылысы, жоба құны 350 млн. теңге, 18 жұмыс орны құрылады. 

— Әңгімеңізге рахмет!

 

                                                                                     Ұлбосын ИСАБЕК
                                                                                     Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.