Талдықорған: +18°C
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Күреңбелден қос қуаныш

Бүгін, 10:27
ЖАҢАЛЫҚТАР
Күреңбелден қос қуаныш
WhatsAppTelegramFacebook

Апта басы Кербұлақ ауданы үшін қуанышпен басталды. Сарыөзек ауылында күрделі жөндеу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілген орталық аудандық аурухана мен Көксай ауылында 60 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Аудандық аурухана 1986 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. 2025 жылдың күзінде облыс басшылығының қолдауымен күрделі жөндеу және сейсмикалық тұрғыдан күшейту жұмыстары басталған.

Сарыөзек ауылындағы салтанатты шараға аудан тұрғындары, медицина қызметкерлері қатысты. Жиында Кербұлақ ауданының әкімі Жанат Жүнісбеков құттықтау сөз сөйлеп, халық денсаулығын нығайтудың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Айтуынша, жаңғыртудан өткен аурухана арқылы ақхалаттылар бұқараға көрсетілетін қызмет сапасын арттырады.

– Соңғы 2 жылда ауданда 20 медициналық нысан пайдалануға берілді. Осындай қолдаулар нәтижесінде тұрғындар сапалы медицинаға қол жеткізді. Күрделі жөндеуден өткен аурухана барлық қажетті заманауи жабдықпен қамтылды. Ауданда денсаулық сақтау саласын дамыту одан әрі жалғасын табады, – деді аудан әкімі Жанат Жүнісбеков.

Салтанатты шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов пен аудан прокуроры Елдос Омаров ізгі тілектерін жеткізсе, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бөкен Рысбеков ақ батасын берді.

120 орынды жаңартылған стационар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, тұрғындарға сапалы алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын. Аурухана құрылымында терапия, хирургия, травматология, перзентхана, педиа-трия және инфекциялық бөлімшелер, сондай-ақ диагностикалық қызмет пен реанимация бөлімі жұмыс істейді. Жаңалықтардың қатарында госпитальдық фармация бөлімшесінің іске қосылуы және хирургиялық оталардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған «таза аймақтардың» енгізілуі бар.

34 жыл табан аудармай аудандық ауруханада тер төгіп жүрген Элвира Ақшолақова өзі үшін емес, аудан тұрғындары үшін аса қуанышты екенін жеткізді. Айтуынша, жаңғырған нысанда бар жағдай жасалған.

– Ауруханамыздың іші жарық, жайлы. Бүгінгі көңіл-күйіміз де ерек. Өзім жұмыс істейтін аурухананың зертханасында жабдықтардың дені тозған еді. Қазір 100 пайыз жаңарды. Ендігі тілек, халықтың денсаулығы сыр бермей, ақхалаттылардың көрсетер қызметінің сапасы артсын, – дейді Э. Ақшолақова.

Көксай ауылының тұрғындары да жаңа мектепті көптен күтті. Апта басында мұндағы ағайын шын шаттанды. Онысын жаңа мектептің ашылуында аңғартты. Себебі, салтанатты шараға тұтас ауыл жиылғандай.

Мерейлі сәтте облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов, аудан әкімі Жанат Жүнісбеков сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Мемлекет басшысының қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту тапсырмасына сәйкес ауданымызда елеулі қарекет бар. Соның бір дәйегі – Көксай ауылының мектебі. 60 орынды жаңа мектеп Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту қорынан бөлінген қаражатқа салынды. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған. Бастысы, жаңа мектеп ұстаздары алымды да қарымды шәкірт тәрбиелесін, – деді аудан әкімі Жанат Төлегенұлы.

Мердігер «Капиталстрой» ЖШС-нің басшысы Нұрсұлтан Нұрбаев жаңа ғимараттың символикалық кілтін мектеп директоры Әсем Сарыбаеваға салтанатты түрде табыстады. Мұнан соң қадірлі меймандар заманауи мектеп ғимаратымен танысты.

Жаңа білім ордасында білім алатын 5 немересі бар 73 жастағы кейуана Заида Макаева ауыл балалары үшін шын қуанғанын жасырмады. Ақжаулықты ана ауыл келіндері көпбалалы ана атанып, мұндағы халық саны артып, балабақша ашылса деген тілегін де жеткізді.

– Еліміздің болашақ тұтқасы осы балалардың қолында. Қолайлы жерде білім алған оқушылар ел ертеңін жарқын етеді. Ауылымызда жаңа мектеп есігін айқара ашып, шын қуандық. Ел тізгіндеген азаматтарға алғысымыз шексіз, – деді Заида Макаева.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?

Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?

Бүгін, 10:32
Күреңбелден қос қуаныш

Күреңбелден қос қуаныш

Бүгін, 10:27
Талдықорғанда наубайхана өртеніп, бір адам зардап шекті

Талдықорғанда наубайхана өртеніп, бір адам зардап шекті

Бүгін, 10:16
Талдықорғанда 4,5 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылды

Талдықорғанда 4,5 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылды

Бүгін, 10:10
Жаңа Конституция: Қазақстанның саяси жүйесінде қандай өзгерістер болды?

Жаңа Конституция: Қазақстанның саяси жүйесінде қандай өзгерістер болды?

20 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.