Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ – 9 МИЛЛИОН ТОННА

18.06.2021
ЕКІ ТІЗГІН
ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ – 9 МИЛЛИОН ТОННА
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, тұрмыстық қалдыққа қатысты мәселе талқыға салынды. Отырыста Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов «Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, жою және көму бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар мен жағдайы туралы» деген тақырыпта баяндама жасап, Жетісу жеріндегі қоқыс алаңдарының жай-күйін таныстырды.

Оның айтуынша, жыл сайын облыс аумағына шығарылатын 1,0 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтың 440 мың тоннасы Алматы қаласынан келеді. Жалпы жиналған тұрмыстық қатты қалдықтың жалпы көлемі 9 миллион тоннаны құрап отыр. Соған сай облыс аумағында 313 тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау және көму орындары бар, оның ішінде 14 полигон Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Талғар аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында орналасқан. Халық санының аздығына және инвесторлардың бел шешіп кіріспеуіне байланысты Балқаш, Еңбекшіқазақ, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы 5 полигон сенімгерлік басқаруға берілмеген.
Облыс аумағындағы тұрмыстық қалдықты шығарумен 75 ұйым айналысады. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, тасымалдауға және қайта өңдеуге арналған тарифтерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл мәселе әлеуетті инвестор тартуға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда аталған тарифтер Қарасай, Балқаш аудандарында және Текелі қаласында бекітілген. Талдықорған қаласында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мақсатында қалдықтың сұйық және қатты түріне арналған 270 жерасты контейнер, 200 торлы контейнер, қауіпті қалдықтар үшін 40 контейнер орнатылған. Қапшағай қаласында 280 торлы контейнер орнатылса, Жамбыл ауданында макулатура қабылдайтын 4 пункт ашылды. Одан бөлек, облыста 16 кәсіпорын жылына 343 мың тонна қалдықты өңдеумен айналысады.
Дегенмен, қазір тұрмыстық қалдық алаңдарының толып кетуіне байланысты оларды жою жұмыстары қолға алынуда. Мысалы, соңғы үш жылда Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында, Райымбек ауданының Нарынқол ауылында және Іле ауданының Қоянқұс ауылында бір-бірден 3 полигон жойылды. Былтыр 41 тұрмыстық қалдық сақтау және көму орны қысқартылып, рұқсат етілмеген 352 қоқыс үйіндісі жойылды. Мұндай жұмыстардың бәрі еліміздің заңнамасы аясында жүргізіліп отыр.
Жалпы, тұрмыстық қалдықты жою, өңдеу сынды аса маңызды міндеттерді атқаратын қоқыс өңдеу зауыттары, сұрыптау кешендері еліміздегі жұмыссыздықты жоюға үлес қосып отыр. Соған орай тұрмыстық қалдықты әкету, өңдеу, жою жұмыстарын атқаратын бірыңғай оператор облыс аумағында 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беруде. Сондай-ақ, кешен алдағы 2025 жылға қарай қатты қалдықтың 90%-ын кәдеге жаратып, тұрмыстық қалдық алаңын 354-тен 16-ға дейін қысқартуға көмектеседі. Осыған байланысты Талдықорған қаласында, Панфилов және Іле аудандарында жобалық қуаты 330 мың тоннаға тең 3 қоқыс сұрыптау стансысы жұмыс істейді. Яғни, Жетісу жеріндегі қоқыс алаңдарын орталықтан басқаратын кешендер жұмыс істей бастады. Мұндай жобаларды қолға алу облыстың экологиялық, санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Ең бастысы, халықтың тұрмыстық қалдықтың қоршаған ортаға зиян екендігін ұғынып, әрбір үйден шығатын қоқысты ретімен жинауға көмектесетін уақыты жетті. Әйтпесе тұрмыстық қалдық алаңдары жыл өткен сайын көбейе береді. Шынында әрбір азаматтың жауапкершілігі табиғаттың ластанбауына әсер етіп, қоршаған ортаның экологиялық тазалығына ықпал етері анық.
Тақырыпқа қатысты облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Батыржан Аденов қосымша баяндама жасап, мәселенің маңыздылығын түсіндірді. Одан соң көтерілген мәселеге қатысты Қоғамдық кеңес мүшелері Амир Газалиев, Баниямин Файзулин, Қуат Күнболатов кезекпен сөз алып, өздерін толғандырған сауалдардың жауабын сұрады. Көтерілген мәселеге орай Қоғамдық кеңестің қарары қабылданып, Жетісу жерін тұрмыстық қалдықтан тазарту міндеттері жүктелді.

Мәди АЛЖАНБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.