Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

19 ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІ

15.06.2021
ЕКІ ТІЗГІН
19 ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өнер – кез келгеннің бойына дарымайтын ерекше қасиет. Оның ішінде бояуларды мың құбылтып, суретті сөйлете білетін қылқалам шеберлерінің дарыны баға жетпес құндылық деуге болады. Осындай суретшілік өнерді серік еткен дарынды жастар қатары көбейіп келеді. Солардың қатарында 19 жастағы жас суретші Арина Цой да бар.

Бойындағы бейнелеуге деген талантын Арина Цой мектеп қабырғасында байқаған. Ол сабақтан тыс уақытта өзін қызықтырған көріністердің жобасын сыза бастапты. Қылқаламға деген құштарлығы сол кезден ояна бастаған көрінеді. Аринаның айтуынша, содан бастап бос уақытында сурет салу әдетіне айналған. 
– 2018 жылы арнайы бағдарлама бойынша Америкаға 1 жылға көшіп бардым. Сауалнаманы сурет салу деп толтырдым. Бірақ, бір жыл бойы үйінде тұратын отбасы маған арнап әртүрлі мөлшердегі 20-30 кенеп (холст), оншақты қылқалам мен түрлі акриль бояуын сатып алып, дайындап қояды деп ойламадым. Әуелі қай қылқаламды қай кезде қолдану керектігін де білмедім. Сондықтан өзіме ыңғайлы біреуімен ғана сурет сала бастадым. Бірте-бірте қолым да машықтанып, барлығын меңгеріп алдым. Айтпақшы, сол кезде өмірімдегі бірінші картинамды салдым. Сондай-ақ, Техаста өткен сурет байқауына алғаш рет қатысып, бақ сынадым, – деген жас қылқалам шебері өнер жолына қалай келгендігін айтты.  
Жыл өтіп, Талдықорғанға оралғаннан кейін де жас суретші өзін шыңдай түсті. Адам анатомиясын, жарық физикасын, растушевка сынды кәсіби дүниелерді зерттей бастады. Оның жұмыстары жақындарының көңілінен шығып, таныстарынан тапсырыс қабылдай бастады. Ол бүгінде тапсырысқа сурет салып қана қоймай, киім-кешекке авторлық иллюстрациясын салып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жүр. Досы екеуі Инстаграмм әлеуметтік желісінде @Maguy.zin парақшасын ашты. Ол жерде жас суретшінің жұмысына баға беріп қана қоймай, көңіліңіз қалаған суретті киіміңізге салдыртсаңыз да болады.
Кейіпкеріміз – Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және тілдер университетінің студенті. Қылқаламды кәсібіне айналдырған ол алдағы уақытта авторлық стикер (әртүрлі форматтағы жапсырғыш), пин (эмблема, брошка) және күнделікті қолданатын түрлі аксессуарлар шығаруды жоспарлап отыр.  
– Шабытты мен айналамнан іздеймін. Жас болса да биіктен көрініп жүрген замандастарыма қарап үлгі аламын, өзіме бағдар іздеймін. Күні бойы антика дәуіріндегі ұлы авторлардың, жаңа авторлардың шығармаларын мұқият зерттей аламын. Әр бөлшегін қарай отырып, олардың сурет идеясына қарай түстерді таңдау қабілетіне таңданамын. Картинасы арқылы нені айтқысы келгенін түсінуге тырысамын. Соларды зерттей отырып, әлі алар асуым көп екенін ұғынғандай боламын, – дейді кейіпкеріміз. 
Өжет қыздың арманы асқақ, алға қойған жоспары айқын. «Өліспей беріспеймін!» деген қағиданы өмірлік ұраны еткен оның болашаққа деген кемел көзқарасы бар. Әр салған суреті мен атқарған ісі мақтауға тұрарлық.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.