Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН, АЗАТТЫҚТАН АСҚАН ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ ЖОҚ

5 маусым 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН, АЗАТТЫҚТАН АСҚАН ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік! Осынау бір сөзде қаншама тереңдік бар?! Оны елін, жерін шынайы сүйетін, патриот адамдар ғана сезіне алады деп білемін.

Әрине, әрбір қазақ үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Өйткені, әр адамның, әр халықтың көздейтіні – еркіндік, азаттық. Халқымыз осынау азаттыққа 1991 жылы қол жеткізді.

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Бұл қысқа ғана тарихи кезең болғанымен біз үшін маңызы зор биік белес. Осы жылдар ішінде мызғымас қазақ елінің қазығын қақтық. Экономикамызды көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Сарыарқа төрінде елордамыз бой көтерді. Қазақ елін әлем таныды. Өнерде, спортта биік шыңдарды бағындырдық. Еліміз әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылды. Осының бәрі 30 жылда жеткен зор табыс. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір кісідей еңбек сіңіргені анық.

Бүгінде Қазақстан – 130-ға жуық ұлт өкілі тұратын берекелі де мерекелі мекен. Ендігі мақсат – осы тыныштығымыз бен бірлігімізді сақтай отырып, ары қарай да дамып, өндіріс, ғылым мен техниканың сырын тереңірек меңгеріп, қарыштап дами беру. Ал тәрбиеші-ұстаз ретіндегі біздің басты парызымыз – Отанын жанындай сүйіп, оның Көк байрағын мақтанышпен көкке көтеретін ұл-қыздарды тәрбиелеу.

Бұл орайда балалардың бойына еліміздің тарихын, ата-баба жолын, салт-дәстүрін, өнегелі тәрбие жолын сіңіре отырып, егемен еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырып, тәуелсіздіктің халқымыз үшін қаншалықты бағалы екенін сезіндіру аса маңызды. Әрбір Қазақстанның азаматы білімді, бәсекеге қабілетті болып, Отанын шексіз сүйіп, ел байлығын қорғап, елімізді өркендетуге үлес қосуы тиіс. Сонда ғана қарыштап дамып, талай биік белесті бағындыра бермекпіз.

Қорыта келе айтарым, тәуелсіздік – біз үшін Тәңір сыйы, ата-бабамыз армандап кеткен ұлы жол, шын бақыт. Осының қадірін біліп, ордалы отыз жылдықта бетке алған бағытымыз бен жолымыздан таймай, алға қарай қарыштап басып жүре берейік дегім келеді.

Назгүл СЕРЕЖАНОВА,

«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Талапты ауылы,

Көксу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.