Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАДЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ

04.06.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАДЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күнін Ақсу ауданының жұртшылығы бөлекше атап өтті. Қазақ халқының басына қара бұлт үйірген қаһарлы жылдарға арналған қаралы жиын бағдарламасы – дәстүр бойынша аудан орталығы Жансүгір кентіндегі Ілияс бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған.


Жиынды ашқан аудан әкімі Есім Базарханов ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргіннің елге тигізген зобалаңы жайлы баяндап, Ақсу ауданынан жазықсыз жазаға ұшыраған жандардың есімдерін еске салды. Келесі болып сөз алған қоғам қайраткері Оралбек Жақиянов елінің еркіндігі мен болашағы үшін ажалдан қаймықпаған Алаштың арда азаматтарын ардақтап, рухына тағзым жасау болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін қажет екенін айтса, қызыл империяның сұрқай саясатының құрбаны болған Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі Ажар Жандосова өз отбасы мен әулетіне таусылмас қайғы әкелген сол бір жылдардың жаңғырығын жадымызға салып, аталарының атын есте сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Аталған шараға Алматыдан арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов ашаршылық пен қуғын-сүргіннен ұлттық болмысымыз бен бірегейлігіміздің шеккен зардабын, қазақ жерінің әр шалғайындағы орын алған сорақы жайларды айтып, болашақта мұндай оқиғалар қайталанбас үшін де нәубетті еске алып отырудың қажеттігіне тоқталды. Тарих ғылымдарының докторы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Мұратбек Иманғазинов нақтылы деректерді келтіре отырып, қазақ даласында бұрын-соңды болмаған қырғынның себебі мен салдарын, одан шығарылатын қорытынды жайлы ойларын ортаға салды.

Жиынға қатысушылар келесі кезекте Талдықорған – Өскемен күрежолының бойындағы биік те бедерлі тұғырына қонған Бөрібай батырдың ескерткіші төңірегінде қайтадан бас қосты. Себебі, дәл осы күнге батыр ескерткішінің жанынан Ілиястың бала кезінен хабар беретін кіші архитектуралық мүсіннің ашылу рәсімі жоспарланған екен. Тұсаукесер салтанатында алғашқы болып сөз алған Болатхан Боранбаев Ілекеңнің балалық, жастық шағы, шығармашылығы мен мемлекет қайраткері ретінде атқарған жұмысы жайында қысқаша хабарлама жасады. 

Ескерткіш-мүсіннің жамылғысын аудан әкімі Есім Базарханов, Ажар Жандосова, Оралбек Жақиянов, Мереке Құлкенов, Қайрат Мусиндер салтанатты түрде сыпырып, жиналған жұртшылық аса талғампаздықпен орындалған бала Ілиястың мүсініне қуана қол соқты. Басқосу барысында аудан имамы Анарбек қажы бабалар рухына Құран бағыштаса, аудандық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Алматы облысының, Ақсу мен Сарқан аудандарының Құрметті азаматы Сабыр Қадырұлы, Ілекеңнін ұрпағы Ләйлә Жансүгіровалар ескерткіштің ашылуымен құттықтап, айтыс ақыны Қаныша Райысова мен баспагер-ақын Қайрат Бестібаев ақынға арналған өлеңдерін жұртшылыққа тарту етті.

Құрметті қонақтар ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және бала Ілиястың мүсінінің ашылу құрметіне жайылған дастарқаннан дәм татып, оқылған Құранға қол жайды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.