Талдықорған: +14°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҰЙҚЫСЫНАН ОЯНАДЫ: ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

04.06.2021
ӘЛЕУМЕТ
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҰЙҚЫСЫНАН ОЯНАДЫ: ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осыған орай танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек пікір білдіріп, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Жалпы, реформаның қарапайым аты — қозғалыс немесе әрекет. Қозғалыс пен әрекет бар жерде даму мен кері кету болады. Президент шешімдеріне аздап көңілі толмайтындар бар шығар. Қоғам болған соң, ол – заңды құбылыс. Ал, қате, дұрыс емес деген ешкім жоқ. Соның бірі – осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына енгізіліп жатқан толықтырулар – ауыл әкімдерін сайлау, сайлау босағасын бес пайызға түсіру және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу. Өте дұрыс бастама болды», — деді ол.

Ақын ауыл әкімдерін сайлауда кемшіліктер болатынын жоққа шығармайды. Ол заңдағы олқылықтардан емес, жергілікті жерлердегі таңдаудан болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Мұндай кемшіліктер рушылдық пен жершілдіктен туындайды деп ойлаймын. Бірақ оның да өзіндік пайдасы бар, тәжірибе жиналады. Оның үстіне, бұл — бірінші рет өткізіліп отырған сайлау. Бүгін кеткен кемшілік келесіде түзетіледі. Әкімді сайлай білген жұрттың, кетіруге де құқығы бар дегендей. Сөйтіп, халық бұл этаптан да өтеді. Ең бастысы, ауыл әкімдері ұйқысынан оянып, жоғары жақтан гөрі төменге көбірек қарайтын, тіпті жалтақтайтын болады. Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді», — деді Мұқибек.

Осы орайда ақын Мәжілістегі бір партияның алатын үлесін 51 пайыздан асырмауды және партиялар ұсынған кандидаттардың ішінен депутаттарды азаматтардың тiкелей сайлауына, таңдау жасауына мүмкіндік беруді ұсынды.

«Сайлау бюллетеньдеріне сол үміткерлердің аты-жөні мен мамандығы жазылып, оның қасына дауыс беру белгісін қоятын кәтекше орналастырылса, халық шын мәніндегі өз таңдауын жасар еді. Заң шығарушы органға нағыз мамандар мен тұлғалар іріктеліп баратын еді. Себебі, өзіміз көріп келе жатырмыз, партиялық сайлау жүйесіндегі қалыптасқан дағды және жиналған тәжірибеге сай, партиялар кандидаттыққа ешқашан да жай адамдарды таңдамайды. Егер бұл нормалар ескеріліп, заңға енсе, Қасым-Жомарт Кемелұлы жолға қойған шын мәніндегі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» құру мақсаты орындалар еді. Жинақтап айтқанда, ауыл әкімдерін сайлау — өте маңызды қадам деп есептеймін. Сайлау мәдениеті төменнен қалыптасқаны дұрыс», — деді ол.

«BAQ.KZ»

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.