Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 1 маусымда Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді», — делінген төтенше жағдай департаментінің ресми мәлімдемесінде. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





