Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҮШ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ

26 мамыр 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҮШ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Талдықорғанда оқушыларды тасымалдайтын автобус көлік апатына түсіп, бес бала жарақат алды. Ал Кегенде бір жастағы бүлдіршін кәріз шұңқырына құлап кетіп, мерт болды. Талғар ауданында 12 жастағы бала шатырдан құлап көз жұмғаны тіптен қайғыны еселеп жіберді.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаларға байланысты пікір білдірді. «Кегендегі оқиға 21 мамыр күні болған. 2020 жылғы бала жеке үйдің ауласындағы моншаның кәріз шұңқырына түсіп, мерт болды. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз», — деп мәлімдеді төтенше жағдай өкілдері.

Кішкентай Әлтайыр Бақыт құдыққа ойнап жүріп түсіп кетуі мүмкін. Өйткені, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды дейді полицейлер. Қазір мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді. Алты жасар Әлтайыр осыдан екі күн бұрын үйінен ойнауға шығып кеткен еді.

Тағы бір қайғылы жағдай Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған. «24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға жайлы хабарлама келіп түсті. 2009 жылғы бала ата-анасының қарауынсыз 9-қабатты үйдің шатырында ойнаған. Абайсызда ол екі үйдің ортасындағы шұңқырға құлап кеткен. Ол жердің ені 60 см, ұзындығы 17 метр. Зардап шеккен оқушы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды», — делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Талдықорғанда көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы орташа ауыр. «Ауруханаға түскен бес оқушы жабық бас ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Түрлі дене соққысы бар. Оқушының бірі ішінен жарақат алса, енді бірінің жақ сүйегі сынған. Барлық бес науқастың жағдайы орташа ауыр», — деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова. Сонымен қатар, осы көлік апатында оқушылардан бөлек тағы үш адам зардап шеккен. «Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жарақат алған 1964, 1997 және 1995 жылғы науқастар келіп түсті. 1995 жылғы адам денесінен түрлі дәрежедегі соққы алған. 1964 жылғы адамның иығы сынған. 1997 жылғы науқастың мұрны сынған. Жағдайлары қанағаттанарлық», — деп толықтырды Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті. Олардың барлығы 8 бен 16 жастағы балалар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.