Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1521 ЖАС ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР

25 мамыр 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1521 ЖАС ТҮЛЕК "АЛТЫН БЕЛГІГЕ" ҮМІТКЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу жылы барысында қашықтан білім берумен қатар, мектептерде кезекші топтар ұйымдастырылып, балалардың білімін ақсатып алмау үшін барынша жағдай жасалғаны белгілі. Соңғы қоңырау шарасы да мектеп бітіруші түлектер үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып мектеп ауласында соғылса, ал басқа сыныптар үшін онлайн қоштасу рәсімі жасалды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Бүгінгі таңда облысымызда 17 мыңнан астам оқушы мектеп бітіріп отырса, Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 13499 түлек ниет білдіруде. ҰБТ кезең-кезең бойынша тапсырылып жатқандықтан, бүгінгі күнге дейін 7 мыңнан астам оқушы сынақтан өтіп, ең жоғары көрсеткіш 138 балды құрады. «Алтын белгіге» үміткер 1521, «Үздік аттестат» алатын 1055 түлек бар.

Биыл халықаралық, республикалық, облыстық білім сайыстарында топ жарған жеткіншектер де баршылық. Атап айсақ, Мәскеу облысының Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» атты балалар мен жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының 21-ші Бүкілресейлік олимпиадасы өтіп, оған Қазақстан командасы құрамында Іле ауданынан қатысқан Камилла Асқарова және Мамырбек Дамир өздерінің зерттеу жұмыстарымен 1-орынды қанжығамызға байлады.

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық конкурсында математика секциясы бойынша бақ сынаған Талдықорған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары Заңғар Омаров пен Альтаир Жұмақанов, экономика секциясы бойынша Қарасай ауданындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының оқушысы Әбдіраш Санжар, Талдықорған қаласындағы №20 арнаулы лицейінің шәкірті Мадина Жүрсінғалиева, Ғалым Мағжан қола медаль иеленді.

9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық ІІІ «Абайтану» олимпиадасында Талдықорған қаласындағы №24 дарынды балаларға арналған лицейдің 9-сынып оқушысы Әдемі Нүсіпова мен 10-сынып оқушысы Амина Жақсылықова ІІ жүлделі орынды еншіледі. Бұдан басқа да білім, өнер, ғылым, спорттағы жетістіктер ауыз толырып айтарлық.

Биылғы оқу жылы аяқталғанымен маусым айында жазғы мектеп жұмыс істеп, білімін толықтырамын деген оқушыларды асыға күтпек.

Халықаралық байқау жеңімпаздары

Әбдіқадыр Әскербек – «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері. Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша әл-Фараби атындағы Халықаралық олимпиадасында ІІ орын еншілесе, ХХ Халықаралық «Жібек жолы» математика олимпиадасында қола медаль иегері атанды.

Ален Алымжан – А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. 2020-2021 оқу жылында  Халықаралық ХІ Еуразиялық олимпиадасында информатика пәнінен екі дүркін күміс медаль, XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында  қола медаль иегері атанды.

Омар Махмут – Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 10-сынып оқушысы. XVII Халықаралық Жәутіков және ХХХІІІ Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадаларының күміс медаль иегері. ХХ «Жібек жолы» математикалық олимпиадасының ІІ орын жеңімпазы.

Абен Садыханов – Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 11-сынып оқушысы. XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медальға, ХХХІІІ Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадасында қола медальға қол жеткізді. ХХ халықаралық «Жібек жолы» математика олимпиадасында қола медаль иегері атанды.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.