Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ПИК (КСК) ЖОЙЫЛАДЫ, ӘР ҮЙДІҢ ДЕРБЕС ЕСЕПШОТЫ БОЛАДЫ: ЖАҢА ЗАҢ

21.05.2021
ӘЛЕУМЕТ
ПИК (КСК) ЖОЙЫЛАДЫ, ӘР ҮЙДІҢ ДЕРБЕС ЕСЕПШОТЫ БОЛАДЫ: ЖАҢА ЗАҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қаласының әкімдігінде Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Онда облыста кондоминиум объектілерін басқару формасының жаңа институтын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, Қапшағай қалалық әкімдігінің жауапты қызметкерлері, жеке пәтер иеленушілерінің төрағалары қатысты. Аталған мәжілісті облыстық мәслихаттың депутаты Бағдәулет Үстенов ашып, жүргізіп отырды.

– Баршаңызға мәлім, 2019 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мәселелер жөніндегі заңнамалық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы өзгертулер негізінде 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жеке пәтер иеленушілердің кооперативтері жойылып, оның орнына кондоминиум басқарудың жаңа түрлері – «жай серіктестік» (ЖС) немесе «мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) таңдалуы қажет. Қазіргі таңда аудан орталықтары мен қалалардағы көппәтерлі үйлер басқарудың осындай түрлеріне көшуде. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары уақыт талабынан туындаған реформаның тезірек іске асуына мүдделі. Оның ойдағыдай орындалуына атсалысатын болады, – деді Бағдәулет Үстенов.

Бұдан кейін мінберге көтерілген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Данияр Искаков күн тәртібіндегі мәселе туралы баяндама жасап, оның тиімді тұстарын атап көрсетті.

– Жасыратын не бар, қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмыстарында ашықтық тиісті дәрежеде емес. Сондықтан басқару органдарына деген сенім төмендеді. Мүдделі шешімдерді қабылдау кезінде құжаттарды қолдан жасау фактілері көптеп орын ала бастаған. Қаржы жинау мен оны жұмсау ісінде жариялылық толық қамтамасыз етілмеді. Ақшаны пайдалануға арналған шешімдер тек бір адамның қалауымен ғана қабылдана бастаған. Осындай кемшіліктер белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызады. Тұрғындар алдындағы міндеттердің сапалы орындалмауы және атқарылған жұмыстар туралы есептің уақытында берілмеуі, пәтер иелерімен байланыстың нашарлауы бұрынғы басқару тәсілдерінің тиімсіздігін көрсетті, – деді Данияр Искаков.

Баяндамашы алдағы уақытта қолға алынатын шаруалар жайын да түсіндіріп өтті. Жаңа ұйымдасатын басқаруда бұрынғыдай келеңсіздіктерге жол берілмейді. Себебі, Заңның жаңа өзгерістерінің талаптары ширақ. «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» қағидаты жүзеге асатын болады. Яғни, әр үйге бір бірлестік қызмет етеді және әр үйдің дербес өз есепшоты болады. Мұндай басқаруда әр тұрғын үй өз мәселесін өздері тез арада дұрыстап шеше алады. Нәтижесінде қолжетімді мүмкіндіктер көбейеді.

Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) дегеніміз не? Ол – көппәтерлі бір тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп ұстауды қамтамасыз ететін, мақсатты жұмыстарды қаржыландыратын заңды тұлға, коммерциялық емес ұйым. Меншік иелері арасынан МИБ төрағасы немесе басқарма төрағасы бір жылға сайланады. Сонымен қатар, тексеру комиссиясы да белгіленеді. Оларды да тұрғындар өздері сайлайды. Міне, осы тектес өзара келісімнің арқасында пәтерге қызмет көрсету ісі жаңа форматқа өтіп, жұмыстар жанданып, өзінің жақсы нәтижесін береді деп күтілуде.

Жиында жаңа форматқа көшудің жайы жан-жақты түсіндірілді. Оның бірқатар мысалдары аталып өтті. Бүгінгі таңда Қапшағай қаласында 242 көпқабатты тұрғын үй бар болса, соның 55-і жоғарыда айтылған жаңа үлгідегі қызметтерге ауысқан. Қазірдің өзінде оның тиімді екенін тұрғындар сезе бастаған.

– Әрине, пандемия және карантин шаралары бәрімізге оңай соққан жоқ. Басқарудың жаңа форматына тездетіп көшуді біраз кешеуілдетті. Дей тұрғанмен, үгіт-насихат жұмыстары талапқа сай жүріп жатыр және жалғасатын болады. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану біздің басты назарымызда, – деді Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Табиғат Кенжеқанов.

Жиналыста айтылған сөздерден көңілге түйгеніміз, кондоминиум объектілері басқару формасының жаңа институтын енгізу тұрғын үйлерді күтіп ұстаудағы тиімді бетбұрыс екені анық. 

Болат МӘЖИТ

Қапшағай қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.