Талдықорған: +14°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТӘРБИЕНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ҮЙ ІШІНДЕ: БҮГІН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

15.05.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТӘРБИЕНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ҮЙ ІШІНДЕ: БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Отбасы – бақыт мекені. Отан отбасынан басталады. Отбасы – мемлекет іргетасы. Бір ғана сөзге осы сынды сан толассыз теңеулер келтіруге болады. Не деген құдірет десеңізші?! Отбасы, ең алдымен, екі жанның қосылуы емес пе? Содан барып екеуі шағын мемлекет құрады. Сол мемлекеттің басшысы – әке, қамқоршысы ана екені даусыз.

Дана халқымыз:
«Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ»,
– деп тегін айтпаса керек-ті. Себебі, әуелі ата-анасын, содан кейін барып аға-сіңлілерін қалай сыйласа, ортасында да сондай сыйлы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, отбасының негізгі міндетінің бірі – тәрбие беру.

Отбасынан берілген тәрбиені ешбір дүние алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдату, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Осы орайда қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір үлгісі ретінде жасы кішісінің үлкенге «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуін айтуға болады. Одан бөлек, қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарауының астарында да өзіндік сыр жатыр.

Төл тарихымызға байыппен зер салып, бала бойынан батырлық рухты оятуға себепкер болған отбасы құндылығын зерделегенде әкенің орны жіті көзге түседі. Отбасындағы әкенің рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің орны, ұлттың даму жолындағы әкенің қосқан үлесі тым ерекше. Әке асқар таудай рухани биіктікте болған. Әке шаңырақтың иесі, әйелі мен бала-шағасының қорғаны болған бейне ретінде ұғынылған. Қазақта отбасы иесі, ер-азаматтан: «Бала-шағаң, мал-жан аман ба?» – деп сұрайтын болған. «Әйел, бала» деген сөз тіркестері «бала-шаға» түсінігімен алмастырылып, ер-азаматтың биіктігін көрсеткен.

Асыл дініміз Исламда да отбасына көп көңіл бөлінген. Отбасын құру – адамзат жаратылысының негізгі мақсаттарының бірі делінген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үйленіңдер, көбейіңдер, қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын», – деп отбасы құруға айырықша мән берген. Шын мәнінде, ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың астында өмір сүруімен бақыттың дәмін татып, бір-біріне деген сенімнің қалыптасуы Алла Тағала нәсіп еткен үлкен нығмет.

Қасиетті Құранда ерлі-зайыптыларды: «Әйелдерің – сендердің киімдерің, сендер – әйелдеріңнің киімісіңдер», – деп сипаттайды. Баршамызға белгілі, киім адамды сырт көзден, суық пен ыстықтан қорғап, денесінің айыбын жасырып тұрады. Демек, мұндағы теңеудің астары ерлі-зайыптылар қандай жағдай болсын бір-бірінің жақсылығын асырып, жаманшылығын жасыра білуімен, ыстық-суықты бірге көріп, өзара (киім сияқты жылу беретін) түсіністікте өмір сүруімен бақытты деген ұлы ұғыммен байланысып жатыр.

Түсінігі кең адамның қоғамға игілігі де көп тиеді. Қазақ даласында әр түсінік өзінің мағынасымен қолданылған. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы: «Елде жоқ рух ақын сөзінде қайдан болсын» дегендей, елде рух болу үшін отбасы мүшелерінің бойында рух болу керек. Қазақ даналығында айтылғандай, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Сонымен, отбасы құндылығын сақтау әрі оны кейінгі ұрпаққа аманаттау қазақы тәрбиенің темірқазығы болып қала береді.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.