Талдықорған: +11°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

30.04.2021
ОН САУСАҚ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен көпбалалы және аз қамтылған аналарды жұмыспен қамту мақсатында тігін цехы ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бірінші кезеңде тұрақты жұмыспен 20-дан астам әйел қамтылып, бұдан әрі жұмыс орындары 30-ға жеткізілмек. Жаңа кәсіпорынды ашу облыс әкімі Амандық Баталовтың биылғы жылдың ақпан айында «Asyl Analar» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесуінде айтылған ұсыныстың негізінде қолға алынып, кездесудің нәтижелі болғанын көрсетіп отыр. Сол кездесуде облыс әкімі көп балалы аналарға тігін цехын ашуға, оған керекті орын тауып беруге, тігін машиналарын және басқа да қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесетінін айтқан болатын. Соған орай тігін цехы жұмысын бастап, бірінші тапсырысын орындауға кірісті.

Әкімнің тапырмасын орындау мақсатында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ тарапынан цех ашуға қолайлы орын таңдалып, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Сол сияқты «Jack» әлемдік брендінің заманауи 12 тігін машинасы сатып алынып, 0,01 пайыз қаржылық лизингіге берілді. Тігін кәсіпорнының толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Тігін цехы аталье түрінде жұміс істейді, онда ерлер мен әйелдер киімдерін, арнайы киімдерді, қорғаныс бетперделері тігіледі, күрделі реставрациялар жасалады. Бірінші тапсырыс «Талдықорған көркейту» ЖШС қызметкерлеріне арнап жилеттер тігуге берілді.

Мамандарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру мәселесі де шешілген. Қазір цехтың болашақ 12 тігіншісі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тігін ісінің қысқа курсында оқып жатыр. Бүгінгі күні қажетті біліктілігі бар 5 тігінші шағын фабрикада өз жұмысын бастады.

— Өзіміз сияқты аз қамтылған және көпбалалы аналарды жұмыспен қамту үшін тігін цехын ашу туралы ой келгенде, біз көмекке облыс әкімі Амандық Баталовқа жүгіндік. Кездесудің нәтижесінде бізге барлық тиісті көмек көрсетілді. Бүгін арманымыз ақиқатқа айналып, тігін цехы іске қосылды. Біз бірінші кезекте көп балалы аналарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтимыз, екіншіден, көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз. Бізге қолдау көрсетіп, сенім артқандары үшін шын жүректен ризамыз. Ісімізді дөңгелентіп, өзгелерге үлгі боламыз деп ойлаймын, — деді «Asyl Analar» қорының құрылтайшыларының бірі Талшын Туктынова.

Цехтың құрылу тарихы мен өздерінің жоспарлары жайлы аталмыш қоғамдық ұйым құрылайшыларының бірі Айгүл Жоламанова да айтып берді:

— Мен 12 жыл үй шаруасымен айналысып, мүгедек баламды қарап үйде отырдым. Бірде өзім секілді әйелдермен бірге Талдықорған қаласы әкімігінің ықпал етуімен біз қоғамдық ұйым құрамыз деп шештік. Меценаттар мен кәсіпкерлердің көмегімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетумен айналыса бастадық. Облыс басшылығының көмегімен бүгін, міне, осы тігін цехын ашып отырмыз. Тігінмен айналысу қолымыздан келеді. Ал келесі жылдары осы тігін цехының базасында оқу орталығын ашсақ дейміз. Ол үшін бізде арнайы жабдықталған ғимарат бар. Сөйтіп, біз көпбалалы аналарды өзіміз оқытып, өзіміз жұмыспен қамтимыз, тіпті жұмыспен қамту орталықтары арқылы да жұмысқа алуға болады. Қысқаша айтқанда алдағы уақытта цехты кеңейтсек дейміз. «Жетісу» ӘКК басшылығы қажетті көмекті көрсететіндерін айтып сендірді, сол қатарда жұмыс жағынан да, тапсырыс жағынан да қолдау білдіретінін айтты, — деді А.Жоламанова.

Жас маман Айгерім Асанова осы цехтан жұмыс тауып, қуанышқа кенелгендердің бірі.

— Ең алдымен «Asyl Analar» қоғамдық қорын көпбалалы аналар үшін тігін цехын ашуымен құттықтаймын. Алғашқы еңбек жолымды осы цехтан бастау бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Мен бұған дейін жұмыс істеген жоқпын, балаларымды бағып-қағып, тәрбиелеумен айналыстым. 4 ұлым бар. Үлкенім 12 жаста. Кішкентайым 2 жасқа толды. Жалғызбасты анамын. Тігін өнерін мектепті бітіре сала меңгеріп алдым. Енді сол білімімді іс жүзінде пайдаға асырамын, — деді көп балалы ана А.Асанова.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.