Талдықорған: +24°C
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨШ КӨЛІКТІ БОЛҒАЙ

23.04.2021
КҮЛТӨБЕ
КӨШ КӨЛІКТІ БОЛҒАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Демография және көші-қон мәселелері мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына әсер ететін аса маңызды фактор. Осы орайда  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ассоциациясы мен «Отандастар» қорының Алматы облыстық бөлімшесінің жетекшісі Серікхан Ахметовке жолығып, еліміздегі көші-қон мәселесінің жайын білген едік.

Серікхан Қалибекұлы, Қазақстан бері сыртта жүрген қандастарын Отанына қайтаруды қолға алған аз ғана мемлекеттердің бірінен саналады. Ендеше, өткен 30 жыл аралығында қандай жұмыстар жасалынды?

Рас айтасыз, қиыр жайлап, шет қонған, тағдырдың тәлкегімен өзге мемлекеттерге қоныс аударуға мәжбүр болған қандастарын ресми түрде Отанына қайтарып жатқан Израиль, Алманиядан кейінгі Қазақстан болар. Ресми деректерге сүйенсек, 1991–2020 жылдар аралығында өздерінің тарихи Отаны – Қазақстанға 303 256 отбасы немесе 1 057 280 қандасымыз қайтып оралған екен.

Жалпы, «қандастар» дегеніміз кімдер?! Олар ең алдымен – қазақ халқының өкілдері. Шетелдегі қазақтардың басым бөлігі Ресей мен Қытай шегара бөліскенде өз ырықтарынан тыс өзге мемлекеттердің ықпалында қалған, қайсыбірі ел басына күн туған аумалы-төкпелі кезеңдерде  қара қазан, сары баланың қамы үшін өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр болған ағайындарымыз.  Осылайша Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстанның, Монғолияның және өзге де мемлекеттердің жерінде біздің этностың өкілдері шоғырланып тұрып жатыр. Енді сол мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясатына байланысты, ұрпағының болашағы үшін атамекендеріне қоныс аударуда.

Елге оралып жатқан ағайындардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Айтар болсақ, ең алғш қоныс аударушылардың қатарында оқыған, білімді, мамандық меңгерген, тұрмыс жағдайлары жақсы азаматтар басым болды. Ресми деректерге жүгінер болсақ, қоныс аударған бауырларымыздың 62,7 пайызы еңбекке жарамды, 30,7 пайызы кәмелеттік жасқа жетпеген, ал 6,6 пайызы зейнеткерлер екен. Алғашында еліміз тәуелсіздігін алған жылдары  көпшілігі ешқандай квотаға қарамай-ақ қопарыла көтеріліп, Отанына оралып жатты. Бүгіндері екі миллионға жуықтаған сол жұрт бүгіндері Қазақстан азаматтары атанған. Және осы қандастарымыздың ұлтымыздың құрып бара жатқан тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын қайта қалпына келтіруге сүбелі үлес қосқанын мойындауымыз керек.

Енді осы қандастарымыздың қоныстануына келер болсақ, олардың       жартысынан астамы, атап айтқанда 52 пайызы Алматы облысына тұрақтап қалып отыр. Ауа райы жайлы, табиғаты жұмсақ, экономикалық әлеуеті жоғары болғандықтан Қарасай, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарын таңдаушылардың саны басым.

Біз соңғы уақыттары қандастарымызға бөлінетін квотаның жылдан-жылға азайып келе жатқанын аңғарып отырмыз. Бұл демографиялық өсімге кері ықпалын тигізеді емес пе?

Жасыратыны жоқ, былтырғы жылы  қандастарымызды қабылдау квотасының 600-ден астам адамға қысқарғаны алаңдатып отыр. Елімізде қазақ ұлтының қатарын қалай арттырамыз деп шетте жүрген қандастарымызды атамекенге қайта-қайта шақырып жүргенде үкіметтің мұндай шешімін неге жорырымызды білмедік. Жалпы соңғы жылдары елге оралып жатқан қандастарымыздың саны неліктен кеміп келеді, ұлы көштің екпіні неге саябырсыды? Бұл мәселе бізді қатты толғандырады.

2020 жылы Үкіметтің қаулысымен қандастарымызды қабылдаудың өңірлік квотасы 1378 адам болып белгіленді.  Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 653 адамға кем. Ал, 2019 жылы елімізге 17 661 қазақ көшіп келді дейтін болсақ, олардың 41,5 пайызы (7 326 адам) – Қытайдан, 40,1 пайызы (7 074 адам) – Өзбекстаннан, 6,5 пайызы (1 152 адам) – Түрікменстаннан, 1,8 пайызы (313 адам – Ресейден, 3,9 пайызы (701 адам) өзге мемлекеттерден қоныс аударған.

Осы қоныс аударушыларды оңтайлы орналастыру мәселесі де үкімет қаулысымен бекітілген. Атап айтар болсақ, Павлодар облысына  500 адам, Қостанай облысына  350, Ақмола облысына  258, Шығыс Қазақстан облысына 150, Солтүстік Қазақстан облысына 120 адам баруы тиіс деп белгіленген. Өздеріңіз байқап отырғандай,  ағайындар негізінен еліміздің шығысы мен солтүстігіне қоныстануы керек. Мұның стратегиялық һәм экономикалық себептері бар екенін жұртшылық жақсы біледі. Осы өлкелерді қазақыландыру мәселесі өз алдына, басқа мемлекеттерге көшіп кетушілердің көбеюіне байланысты жерді игеретін тұрғындар саны азайып, шегара аймағымыз селдіреп қалып жатыр. Мысалы, соңғы үш жылда солтүстік облыстарға шетелдерден 25 мың адам көшіп келді дейтін болсақ, 41 мың адам көшіп кеткен екен.  Осы мәселеге мемлекеттік тұрғыда талдау жасалынып, тиісті шаралар шұғыл қабылдануы керек деп есептеймін.

Осы орайда қауымдастықтың атқарар міндеттері мен жауапкершілігі турасында айтып өтсеңіз?

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өткен кезде құрылған қауымдастық негізінен шетте жүрген қандастарымызды елге қайтару, келгеннен кейін баспаналы болу, жұмысқа орналасу, балаларын оқыту мәселелерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етумен айналысады. Өздеріңіз білесіздер, өзге мемлекеттерден келген ағайындардың менталитеті, көзқарасы мен дүниетанымы мұндағы қазақтардан өзгешелеу болып келеді. Сондықтан, олардың жаңа жағдайға бейімделуіне ықпал ету де біздің құзырымызда. Баспаналы болудан бастап азаматтық алуға дейінгі толып жатқан бюрократиялық кедергілерден өту де біздің араласуымызды қажет етіп жатады. Қаржылай көмек жасамасақ та қолдан келген жәрдемімізді көрсетіп келеміз.

Мысалы, азаматтық алу жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезінде ортаға түсетін делдалдардың жақсы істің берекесін кетіріп, келген ағайындардың наразылығын тудырып жататынына куә болып жүрміз. Біздің шенеуніктер де, қандастарымыздың өздері де  «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жиі барады. Еңбекшіқазақ ауданында Қытайдың мөрлерін жасап әкеліп, жалған құжаттар жасап сатқан жылпостардың әрекеті осыны көрсетеді. Демек, біздер қоғам болып осындай жөнсіздіктердің алдын алуға тиістіміз.

Әлгінде көші-қон квотасы тек шығыс пен солтүстік облыстарға ғана бөлінеді дедік. Алайда, осы өлкелерге еңбекпен қамтудың жол картасы арқылы қоныс аударғандардың өздері салынған үйдің сапасыздығын, жұмыстың жоқтығын, әлеуметтік саланың әлсіздігін, жалақының мардымсыздығын айтып шағымдануда. Тіпті, қайта көшіп кеткендер де баршылық. Мұны мемлекеттік саясатқа қарсы қасақана жасалып отырған қылмыстық әрекет деп түсінуге бола ма?

Мұндай жағдайлардың бар екені рас. Бұл үшін сол жердегі аталған салаға жауапты адамдарды жауапқа тарту қажет деп есептеймін. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына кедергі жасап, бөлінген қаржыны мақсатында пайдаланбау ісімен құқық қорғау органдарының айналысқаны дұрыс.  Оның үстіне, солтүстік аймақтың қатал табиғаты да адамдардың ынтасын кемітіп, көшіп барғандардың көңіл-күйіне кері әсер етуде.

Тағы бір мәселе, қандастарға берілетін бір реттік жәрдемақы және үй жалдап тұруға берілетін қаржы көлемі өте аз. Бүгіндері көшіп келушілердің әрқайсына жол шығыны деп 35 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі, бұл – 92 735 теңге.  Ал, бір жылға үй жалдап тұру үшін 660 мың теңге қарастырылған. Қазіргі бағаның шарықтаған жағдайында бұл ақшаға не істеуге болады?!

Алматы облысына квота бөлінбегенімен шетелдерден келіп қоныстанушылардың қатары азаймай отыр.  Осыған байланысты қандай қиындықтар кездесуде?

1991 – 2020 жылдар аралығында Алматы облысына 68 827 отбасы  немесе 213 300 адам көшіп келген екен. Содан бері табиғи өсім есебінен олардың қатарының еселеп көбейгені анық. Бүгінгі күні квота бөлінбесе де Жетісуға келем деушілер азаймай отыр. Қазақтардың  қашанда ағайын-туыс, таныс-тамырды төңіректеп жүретіні жасырын емес. Сондықтан солтүстікке барып, квотамен берілетін жеңілдіктерді алғаннан кейін осы жаққа көшіп кетіп жатқандардың қатары артып келеді. Бұл да болса кеңесе отырып шешуді қажет ететін күрделі мәселе.

Иә, шетте жүрген қандастарымызды Отанына қайтару, табиғи өсім есебінен халықтың санын арттару барысында жасалынып жатқан жұмыстар аз емес.Парламенттің жаңа сайланған депутаттары, Үкімет те бұл жайға баса назар аударып келеді. Демек, алдағы уақыттарда осы бағытта пәрменді шаралар қабылданады деп сенемін.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ,
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

30.06.2026
Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.