Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? ПӘН МҰҒАЛІМІ ЖАУАП БЕРДІ

19 сәуір 2021
КҮНДЕРЕК
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? ПӘН МҰҒАЛІМІ ЖАУАП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Математика – мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да дамып келе жатқан педагогиканың бір саласы. Ол педагогикалық ғылым болғандықтан қазіргі заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады.

Аталмыш пән оқушылардың математикалық білімді меңгеруі мен алған білімдерін өмірде қолдану білу мақсатын көздейді. Бұл ретте ұстаз «Математиканы не үшін оқыту керек? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек?» деген сауалдарға нақты жауап бере білуі тиіс.

Математиканы мектепте оқыту мазмұны білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға орай құрылуы керек. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық ізденісі артады, ғылымға деген қызығушылығы қалыптасады.

Математика меңгеруі қиын пән болғандықтан оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру аса маңызды. Ол оқушылардың жеке басының математикаға бейімділігіне және мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Оқушылардың белсенділігін арттырудың әр алуан жолы бар. Ол сабақтың ерекшелігіне орай әртүрлі қолданылады.

Бұл тұста оқытудың бүгінгі заманауи тәсілдерін ұтымды пайдаланған жөн. Мәселен, сыни тұрғыда оқыту, деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту, Блум технологияларын сабақтың деңгейі, оқушылардың меңгеруіне орай қолдана білсе, сабақ та нәтижелі болмақ.

Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды өз жанынан сұрақ қоя білуге үйрету. Мысалы, белгілі бір есепті шығару үстінде оқушы қандай теорема қолданғанын, оны неге пайдаланғанын білуі керек. Егер оқушы өзіне-өзі сұрақ қоя алмаса, онда ол есепті жете түсінбей шығарғаны деген сөз.

Математиканы оқытуда бірізділіктің де берері мол. Демек, оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге, түсініктен ұғымға, белгіліден белгісізге, білімнен білікке, одан дағдыға біртіндеп ауыса білуге тиіспіз. Мұғалім оқу материалын бере отырып, біртіндеп ғылымға ойысып, оқушының бойында зерттеушілік қасиетті де қалыптастыруы қажет. Ескі материалдар мен жаңа материалдарды сабақтастыра білсе, оқушыларға сапалы әрі жан-жақты білім беріледі.

Дұрыс ұйымдастырылған сабақ негізінде күрделінің өзі жеңілдейді. Сондықтан, мұғалім оқу материалдарын қолданғанда, оқытудың әдістері мен түрлерін таңдағанда шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Сонда ғана көздеген мақсатына жетеді.

Салтанат БАРЛЫБАЕВА,

Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің математика пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.