Талдықорған: +37°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘР БАЛА — ӨЗ АЛДЫНА БІР ӘЛЕМ: ЖАС ҰРПАҚТЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕП ЖҮРМІЗ БЕ?

15.04.2021
РУХАНИЯТ
ӘР БАЛА - ӨЗ АЛДЫНА БІР ӘЛЕМ: ЖАС ҰРПАҚТЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕП ЖҮРМІЗ БЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Тәрбие – адам өмірінде ерекше орын алатын тәлім жүйесі. Ол отбасында басталып, білім беру ұйымдарында жалғасын табады. Тәлім негізі отбасында қаланатындықтан онда тәрбиенің алғашқы қазығы қағылады. Сондықтан да бала өмірінде ата-ана тәлімінің маңызы зор. Одан кейін балабақша, мектепте бала көпшілік ортада өзін ұстауды меңгереді, тәртіпке үйренеді. Сонда бүлдіршіннің отбасында алған тәрбиесі айқын көрініс табады.

Бастауыш сынып мұғалімі ретінде мектеп табалдырығын имене аттап, бір жақтан жүрегін үрей билеп, екінші тұстан үміт отын арқалап келген бүлдіршіндерді бауырымызға басып, жақсы үлгі-өнегеге баулу парызымыз. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан жұғады», — деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр. Демек, ата-ана барлық істе үлгі тұтарлық жан болып, дұрыс бағыт берсе, бала да сол жолмен жүреді. Ұстазы ұлағатты болса, мұғалімнен жақсы үлгі-өнегені бойына тоқиды. Ұстазына еліктеп өседі.

Бүгінгі тәрбиеде бала жанын ұғып, олармен сырлас, дос бола білудің маңызы зор. Бала жанын түсіне білсек, онымен жұмыс істеу де қиындық туғызбайды. Өйткені, күнделікті жан-жақтан келіп жатқан ақпараттар, бүгінгі таңдағы әлеуметтік желі, ғаламтордың ықпалы жас ұрпақтың санасына дендеп еніп, басқаша ойлап, өзгеше ой қорытуға себеп болып отырғаны – өмір шындығы.

Қазіргі бала – өте сауатты, түрлі ақпаратқа қанық. Өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі. Солай десек те, баланың аты – бала. Түрлі ақпараттардан кейде теріс ой, пікір қалыптастыруы да мүмкін. Осындай сәтте баламен жете жұмыс істеп, олардың ой қорытуын, түсінік дәрежесін дұрыс арнаға бағыттап отыру ата-анаға да, ұстаздарға да артылар үлкен міндет.

Сынып жетекші ретінде әр бастауыш балдырғанының бүгінгі заман талабына сай терең білім, тағылымды тәрбие алуына үлес қосу – мақсатым. Осы орайда ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жаңаша ойлай білетін, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеп шығару жолында талмай еңбектеніп келемін.

Әр  бала – өз алдына бір әлем. Осы әлемді жете танығанда ғана баланың жұлдызын жағамыз. Балдырғандарымыздың жолы ашық, жұлдызы әрдайым биік болсын!

Алуа ДАУЫТБАЕВА,

“М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.