Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СЫНЫП АШЫЛДЫ

12 сәуір 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СЫНЫП АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қызылжар ауылындағы Ж.Жапаров атындағы орта мектепте белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекке арналған сыныптың ашылу салтанаты өтті. Шара барысында келген қонақтар Бейсен Құранбекке арналған көрмені аралап көрді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Сыныптың ашылу құрметіне орай, ауыл ақсақалы Тоқтасын Рахманбеков бата беріп, ақ жаулықты аналарымыз шашу шашты. Аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев, Бейсен Абайұлының сыныптасы Жарас Тоқтасынұлы мен мектептің озат оқушысы Меруерт Адасхан лента қию рәсімін  жасады.

Шара барысында аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев жүрекжарды сөздерін арнап, Бейсен Абайұлының осынау қасиетті Күреңбел өңірінің Қызылжар ауылында дүниеге келіп, оқып, білім алып, қысқа ғана ғұмырында биік белестерді бағындырғанын айтып өтті. Отыз жыл өмірін отандық  бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет етуге арнаған оның «Қазақстан» Ұлттық арнасында жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын көрерменнің сүйсіне тамашалағанын тебірене жеткізді.

Жаңа ашылған сыныптың жетекшісі Қарлығаш Қабиқызы Бейсен Абайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Жырдан қалам тербеген мектеп оқушылары Болатбай Жадыра мен Кеңесбай Әлихан Бейсен ағаларына арнаған өлеңдерін оқыды.

Бейсен Құранбектің бауыры Сәрсен Абайұлы да сөз алып, бауыры бастап кеткен «Абай оқулары», шахматтан жарыс қайта жалғасатындығын айтты. Спорт жағынан да түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жағын қарастыратынын жеткізіп, туған-туыстары атынан ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Өкініштісі де сол, бірімізге бауыр, бірімізге аға, бірімізге ауылдас, бірімізге сыныптас, барша қазаққа танымал тұлға болған Бейсен Абайұлы өмірден ерте кетті. Десек те, оны ұмытпайтын артында қалың бұқара халқы мен жалынды жас ізбасарлары бар. Бейсен Құранбек мұражайының ашылуы — соның айқын айғағы.  

Ләйлә ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Теректі өзеніне аққулар келіп қонды

Теректі өзеніне аққулар келіп қонды

Бүгін, 14:00
Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.