Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ: ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

2 сәуір 2021
КҮНДЕРЕК
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ: ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қастерлі қара шаңырақтың студенттердің еркін білім алып, ғылыммен айналысуына барлық жағдай жасап отырғаны — сапалы мамандардың көптеп даярлануына бірден-бір кепілдік. Ал теория мен практиканың ұштасуы тәлім алушыны жаңа биіктерге талпындыратыны сөзсіз. Биыл филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіруші түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында өндірістік тәжірибе Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі жанынан ашылған «ТІЛ – ҚҰРАЛ» оқу-әдістемелік орталығында өткізілді.

Қазақпын деген әр азамат үшін Абайды білмек парыз болса, тіл мен ұлттың жанашыры боламын деген адам үшін ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының ілімін білген жөн дер едім. Қазақтың әліпбиінен бастап күллі грамматикасын жасақтап шығарған ғалымның тілі үшін жасаған ерен еңбегі мұнымен бітпек емес. «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс», — деп ана тілінің мәртебесін көтеруге һәм ұлт тағдырының тікелей тілге байланысты болатындығын тұспалдап жеткізгендей.

Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» құрылымы жағынан өте шебер жазылған ғылыми еңбек деуге толық негіз бар. 1916 жылы алғашқылардың бірі болып қазақ тілінің грамматикасын осынша шебер түрде зерттегені таңдандырмай қоймайды. Ахмет Байтұрсынұлы тек ғалым емес, ақын да аудармашы, публицист әрі педагог. Бір тұлғаның бойына ұлт игілігі үшін жинақтаған осынша таланты құрметке лайық. Ал қазіргі біздің тіл ғылымында оқып жүргеніміздің баршасы ұлт ұстазы салып кеткен ізгі жолынан бастау алған ізбасар еңбектер дер едім.

Ғылымға бет бұрамын деген талантты жас үшін тәжірибені осы зерттеу орталығында өткізу таптырмас мүмкіндік болды. 10 аптаға созылған өндірістік тәжірибе барысында ұлт жанашырының ғылымға әкелген жаңалығын жан-жақты зерттеу арқылы біліктілігімізге жаңа бір бағыт алып келді. Бұл ретте жетекшіміз әрі орталықтың басшысы Райхан Сахыбекқызының ғалым еңбектерін жетік білуінің арқасында тың дүниелермен таныстық.

Біз секілді тіл сақшысы болуға талпынып отырған жастар үшін өндірістік тәжірибенің берері мол. Жас ұрпаққа тілдің өз ажарынан айырылмай, бүтін қалпында жетуі жастардың мойнында. Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, «егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек».

Әсем СЕРІК,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология  факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті

Райхан ИМАХАНБЕТ,

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55
Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.